“Наурыз аруы ” байқауы
Бекберова Күләш Джумаділдақызы
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия
Атырау қаласы
“Наурыз аруы ” байқауы
Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру білуге, өзінің ата-тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге тәрбиелеу. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, білуге тәрбиелеу, рухани жан дүниесін дамыту.
Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілдікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
1-жүргізуші
Бүгін бідің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңдар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
2 – жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға аңдап басып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
(Ортаға кішкентай арулар шығады).
1 – жүргізуші
- Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және әділ қазылар алқасы, Сіздерді сайыс бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-сайыс. Өзін-өзі таныстыру.
2-сайыс. Білгенге – маржан.
(Дәстүрге байланысты сұрақтар).
3-сайыс. Ою-өрнек сәніміз.
4-сайыс. Өнер сайысы.
5-сайыс. Еңбек түбі – береке. (Үй тапсырмасы).
1 – жүргізуші
- Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекеге арналған
Сайысын біз бастайық, – деп сөзді бүгінгі сайыс иелеріне берейік.
(Әрбір кішкентай ару өздерін мына отырған қауымға таныстырады).
Ікезең Таныстыру
ІІ кезең.
2 – жүргізуші
Болады қыздың аты затына сай
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
1 – жүргізуші
Біреу білмегенді, біреу білер дегендей салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жол берейік. (Қоржыннан асық алып, сол асық нөміріндегі сұраққа жауап береді).
ІІІ кезең.
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан, – деп кезекті ою оюға береміз.
ІV кезең.
1 – жүргізуші
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан, – дей келе, келесі кезеңде арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.
V кезең.
2 – жүргізуші
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады.
1 – жүргізуші
Аруларымыз үйден аналарымен бірге осы мерекеге арнап дайындаған туындыларын – тағамдарын ұсынады.
Қорытынды.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Бір көргенге болмай-ақ сахнада
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі
Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, – деп әділ қазылар алқасының қорытынды сөзін тыңдап, жеңімпаздарды анықтайық.
