Бейбітшілік химиясы.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Ж.Кереев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Ж.Ж.
Оқушының пәнге қызығушылығы және білімдерін терең игеруі сабақпен ғана шектелмейді. Сабақ тан тыс қызықты химиялық жарыс білім мен біліктілікті тудырады. Осындай танымдық кабілеттерін дамытып, мамандық таңдауда және химия пәніне қызығуын арттыру мақсатында «Бейбітшілік химиясы» атты сыныптан тыс жұмысымды ұсынып отырмын. Бұл кешке 11 сынып оқушылары қатыстырылды.
Тақырыбы: Бейбітшілік химиясы.
Мақсаты: Оқу бағдарламасынан тыс дайындық ізденіс жұмыстарын жүргізу, ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат беру,пәнге қызығушылығын арттыру, өз алдына жұмыс істеу қабілетін және бір-біріне қарым-қатынасын қалыптастыру.
Химиялық кеш жоспары:
Мұғалім. Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі кеште химияның маңызына тоқтала отырып, химияны басқа салалармен байланыстыраып , оқушыларға алдын ала берілгн тапсырма бойынша кешті бастаймыз.
Ұраны: Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Химия және табиғат.Эколог сөз сөйлейді.
Орманды анасындай аңдар сүіп,
Қойнына мекендеген марал,киік.
Тамаша табиғаттың сан байлығы
Тұр екен көкірегіне қалай сыйып?
М. Хакімжанова.
Табиғатты аялап , оның құндылықтарын тиімді пайдаланып, сақтауда жас ұрпақ өзінің бойындағы тәрбиесімен қарайтыны анық. Қоршаған ортаны-тау, орман, су, тірі ағзалар, пайдалы қазбаларды адамбаласы барлық қажеттілігіне пайдаланып отыр. Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі басты мәселенің бірі болып отыр.
2.Химия және медицина. Дәрігер сөз сөйлейді.
Адам ағзасы-химиялық зертхана, ауру-осы зертхананың дұрыс қызметінің бұзылуы.Ол белгілі бір заттардың жетіспеуі немесе көбейіп кетуі салдарынан пайда болады.Дәрігер міндеті- ағзаға керекті химиялық препараттарды енгізу арқылы олардың қызметін қалпына келтіру.Осы бағытта медицинаны химиямен байланыстырып, Парацельс химия мақсаты металдарды алтынға айналдыру емес, жаңа дәрі-дәрмектер әзірлеу болу керек деп есептеді. Қысқаша кейбір химиялық элементтерге тоқталып кетеді. Гелий ауа тамыр демікпесі , фтор тіс ауруына қарсы, күкірт залалсыздандыру , кобальт қатерлі ісіктерді емдеуге , криптон рентген кабинеттерінде қолданылады.
3.Химия және ағза. Биолог маманы.
Ағза толған химиялық элемент,
Біліп алғын қызметін, неткен олар керемет.
Адам ағзасындағы мушелер әр түрлі болғандықтан, онда кездесетін химиялық элементте сан алуан.
Өкпеде: Li,Na
Қанда: Fe,Na,Li,,Ca,k.
Бұлшықеттерде:Li,Se,Ca,Na,Mg.
Тісте:Ca,Mg,F,P.
Мида: Na,Mg,K.
Жүректе:Ca,K.
Бауырда:Li,Se,Mo,Zn,Ca,Mn,K.
Бүйректе:Li,Se,Ca,Na,Mg, K, Mo, Cd, Hg, Br.
Шашта: Al, As, Cl.
Ұйқы безінде: Mg.
4.Химия және шикізат қорлары. Металлург.
Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында.
Ішсең-ас , кисең-киім , үй жихазы.
Химия дәру болған сауығуға.
Жер қойнауына химия,
Өткір назар салсаңшы.
Қызыр болып қазағыма,
Қазына көзін ашсаңшы.
Минералды шикізат қорлары әрқашанда Қазақстанның мақтанышы және ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі болып келеді.Шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізі факторлардың бірі болып отыр. Қазақстандағы шикізат кен орындарына қысқаша тоқталып өтіледі.
- Химия тұрмыста. Химия маманы.
Біліммен ашасың жол ғылымға
От боп лаула, су боп кейде құйылда
Домалақ жер, аспан көгі ,өзен де,
Айтылыпты ақындардың жырында.
Жесек тамақ , кисек киім, туратын мына үйіміз,
Ол болмаса келіспейді , жетіспейді күіміз
Ішсек дәрі ,тірі ағзада құбылыс ,
Бәрі бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға. Ертеден бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық құбылыстармен кездесіп отырды.Қоршаған орта көптеген химиялық реакциялардан тұрады.Шын мәнінде оны көптеген адам аңғара бермейді ,жай, қалыпты табиғат құбылысы деп түсінеді .Шындығында да табиғатта жүріп жатқан әрбір құбылыстың артында химиялық мәні зор реакциялар бар . Атап айтсақ, күнделікті көріп жүрген ағаштың , көмірдің жануы. Қысқаша тұрмыста қолданылып жүрген химиялық заттарға тоқталып кетеді.
6.Химия тарихы. Тарихшы.
Кейбір пікірлер бойынша «Химия»-құю , тұну дегенге саяды. Бұл сөзде дәрілік өсімдіктер шырынын зерттеуші және сонымен айналысушы шығыс емшілерінің ,фарма цевтердің көне іс-тәжі рибесінің жаңғырығы бар сияқты . Екінші бір пікірге сүйенсек химия сөзінің түбірі «қара ел» дегенді білдіреді .Ежелгі Мысырды осылай атаған ,ал,Мысыр сиқыршылар өнері мен алтын шеберлерінің ордасы саналады.
7.Химия жетістіктері
Әрбір оқушы химия ғылымындағы ғалымдардың ашқан жаңалықтарына жеке-жеке тоқталады. Сандар сөйлейді ойыны 1869,1807,1854,1828,1811,1932,5,7 т.б
8.Химия ғажайыптары
- Жанбайтын орамал.
2.Отынсыз түтін.
- Көбіктер алу .
Үш оқушы шығып қызықты тәжірибелер көрсете отырып, көрермендерге сұрақтар қояды.
Мұғалім.Міне балалар өздерің көріп отырғандай химия пәні әрі қызықты, әрі күрделі пән- болып табылады .
Мықты болса іргетас,
Құламайды үйлерің.
Химияға тәжім ет,
Белді бекем будағы.
Химиясыз өмір жок,
Ән мен бүгін көңіл тоқ.
Терең білім алуға,
Талпынайық сіз, біз боп.
Көздеріңмен көріп тұрмын пайдасын
Ғасырларға армандап келеміз
Бейбітшілік химиясыдеп сенеміз біз.
Кеш соңында химияның пайдасы мен зияны туралы оқушыларға сөз беріліп, пікір алмасады.
Соғысқа сорға қатерлі жолға
Жұмсалмасын ХХI ғасыр химиясы .-деген ұранымен аяқталады.
Кешке қатысқан оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталады.
