ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ӨЗ БЕТІМЕ Н ДАМЫТУ

Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әбуова Орынша Сақтағанқызы

ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ

ӨЗ БЕТІМЕН ДАМЫТУ

Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Елбасымыз Н.жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

Ұрпаққа білім берудің басты мақсаты – жас толқынның қабілеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Ал өз кезегінде сол білім әр адамның өзін-өзі тануының, маман ретінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттерінің ашылуының құралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда, оқушыларға шынайы білім беру бағытындағы ең мәнді қадам деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдануына жол ашатын жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа технологиялардың да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады.

Қай кезде де бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел тұтқасы.Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды. Ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады.

Жобалау әдісін қолдану арқылы тұлғаның өз бетімен даму әрекетін ұйымдастыру үшін зерттеушілік, жобаның жіктелуі, шығармашылық, ізденушілік, болжалдық әдістерді қолдану.

Жобалай оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дамуымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында оқушылардың қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте оқушының ерік-жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Бұл технология қазақ тілін үйренуші оқушының дүниетанымдық көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке тұлға ретінде, кәсіби маман ретінде қалыптасуына, әлеуметтенуіне қызмет етеді.

Жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл технология –оқу жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Оқу жүйесінде оқушының өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, жобалай оқыту технологиясы мен оқу жүйесінің өзара бірлігі айқын байқалады. Екіншіден, жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Өз бетімен қазақ тілі бойынша берілетін түрлі жобаларды қазақ тілінде орындау барысында оқушы «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін» қалыптастырады және ол сүрлеу оқушының өмір бойғы білім алуы дағдыларын дамытады. Үшіншіден, бұл технологияның артықшылығы– жоба жұмысын орындау арқылыоқушы өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды. Оқушы тілді меңгеру үдерісінде қазақ тілін оқып-білудің негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады. Төртіншіден, бұл технология оқушының білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді. Бесіншіден, бұл технология бойынша оқушы тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады. Алтыншыдан, жобалау аясында ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс істеу идеясы бар. Жетіншіден, жобалай оқыту технологиясы шығармашылық белсенділікті тудырады. Сегізіншіден, жобалау технологиясы сабақта қолданылғанда оқытушыға да, оқушыға да жауапкершілік жүктейді әрі өзіне деген сенімділігін арттырады. Тоғызыншыдан, жобалау жұмыстары өзара жарысты, талас-пікірді, ең бастысы, белсенділікті талап етеді. Оныншыдан, жобалау технологиясы оқытушыға да, оқушыға да жұмысына, ғылыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни «эгофакторлық» сенім ұялатады.

Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және олоқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет.

Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Жобалай оқыту технологиясы аясында оқушылардың сөйлесім әрекеттерін жетілдіруде профессор Ф.Оразбаеваның «тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы болып табылатын мәтін адамдардың қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде және өзара түсінісу, пікірлесу, ойды жеткізу тұлғалары түрінде зерттеледі» деген пікірі басшылыққа алынды. Өйткені мәтін сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың қолданылу қағидаларымен тығыз байланыста болады. Мәтін – ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға. Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған қатысымдық бірліктерді өзара тығыз байланыста қолдануға мүмкіндік береді. Мәтіннің өзіндік ерекшеліктері, оның мазмұндық-құрылымдық жүйесі алуан түрлі мақсаттағы, көлемдегі, сипаттағы мәтіндерді талдау арқылы меңгертілді де, олар оқытудың өн бойында орындалатын СӨЖ және СОӨЖ жұмыстары түріндегі жоба жұмыстарында тексеріліп, білім қорытындысы ретінде бағаланды.

«Жобалар әдісі» білім беру ресурсы: Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту».Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру. Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары: Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, тағы басқа ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды оқушылар орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер:

  1. Секербекқызы С.Р. Жобалау және кейс технологиясы. «Ұстаз үні».2007ж.
  2. Полат Е.С. Білім саласындағы жаңашыл мұғалімдердің ақпараттық технологиялары. «Академия», 1999 ж.
  3. Бұзаубақова К. А. Жаңа педагогикалық технология. Қазақстан мектебі. Алматы-2004 ж.
  4. Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы. Білім-Образование, 2007 ж.
  5. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту және оның педагогикалық технологиялар жүйесіндегі орны // Қазақ тілі мен әдебиеті.–2006. − №5.–89-93 б.
  6. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары // Білім – Образование. –2006. − №3 (27). –48-52б.
  7. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытудың тиімділігі // Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана. –2006. − №9 (40). –28-29 б.
  8. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытудың дидактикалық негіздері // Қазақстан жоғары мектебі. –2006. − №3. –17-22 б.
  9. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту және оның педагогикалық технологиялар жүйесіндегі орны // Қазақ тілі мен әдебиеті.–2006. − №5. –89-93 б.
  10. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары // Білім – Образование. –2006. − №3 (27). –48-52б.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше