ДАМЫТА ОҚЫТА ОТЫРЫП,ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі
Бахрадинова Жулдуз Тугелбаевна
Бастауыш класс мұғалімі
ДАМЫТА ОҚЫТА ОТЫРЫП,ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Қазіргі таңда оқу үрдісіне қойылаптын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда.Оқыту технологиялары дегеніміз Қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жуйеленген формалары,әдіс- тәсілдері.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болу керек.
Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту кутілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру
Жеке басдамытуға бағытталған әдіс тәсілдерді қолдану
Өз бетімен жұмыс істеп шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу
Аталған тлаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым.Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып,саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі.Дамыты оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Вготский М.Я Лернер. Л.В. Занков ,В.В Давыдов,Д.Б.Эльконин толық зерттеп дәлелдеген.
В.В Давыов «Дамыта оқыту дегеніміз-ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы»- дейді.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік- әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталды.Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгібілетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың технологиясы:
-Оқу міндетін қою сабағы
-модельдеу нақтылау сабағы
-түсінікті нақтылау сабағы
-нақтылау сабағы
-бағалау сабағы
1.Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2.Оны шешудің жолын бірге қарастыру
3.Шешімінің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі-дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады.Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Дамыта оқыту белгілері:
1.Педагогикадағы түсіндірмелі -иллюстративті әдісі алмастырады.Бұл әдіс тұлға дамуы-тығыз байланыста.
2.Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3.Балаға іс-әркеттің толыққанды субьектісі болып табылады.
4.Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субьект рөлі беріледі.
5.Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6.Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Аталған сабақ түрлері оқушылардың өұзіреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзіреттіліктер ретінде білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
-проблемалардың шешімін табу
-ақпараттық
-коммуникативтік құзіреттіліктер
Құзыреттілік-оқушылардың іс-әркеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінеін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттығ жобасында анықтама берілген.
Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясы оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.
Оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:
| Проблеманы шешу | Ақпараттық | Коммуникативтік |
| – Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға шешім қабылдауға
– Өз әркетіне мақсат қоюға – өзін-өзі бағалауға өз әрекетін басқамен салыстыруға -қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға |
-сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға
-ақпараттарды өз бетімен табуға талдауға іріктеуге түрлендіруге тасымалдауға -коммкуканикациялық технологияларды қолдануға -ақпаратты өңдеп қолдануға |
-қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация түрлерін қолдануға
-тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға -әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге -басқа мәдениет өкілдерінмен түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп шиеленіскен ахуалды шешуге |
| мүмкіндік береді |
Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.
Оқу мәтінін қою сабағында
І.Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады.Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ.Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады,топтардың жауаптары тыңдалып шешімдері тыңдалады.Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады.Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап топтың шешімі арқылы мақсат қояды.Яғни проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ.Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді.Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып қажеттісін сызба арқылы береді.
ІY.Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды қиындықтарды анықтап шешімін айтады
Y. Қортынды рефлексия кезеңінде әр топ,әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолдану аясын айтады.Келесі сабаққа міндет белгілейді
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
- оқушылар сабақтың мақсат міндетін өздері анықтайды
- проблеманы шешу жолын іздестіреді
- жаңаны өздері табады
- ақылдасады кеңеседі.
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.
Ақпаратты өңдеу.
Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.
Логикалық операцияларды пайдалану.
Біздің жеріміздегі тау-қырат, өзен-көл аттарын жіктеп жаз.
Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар
Жазбаша қатынас
Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.
Диалог құру
Өнімді топтық қатынас
Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І .Әдістемелік іс әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
-Сабақтың мазмұны
-Оқу жағдайын ескеру
-Әдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ.Келесі сабақтың моделін жоспарлау
-Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
-Сабақтың әр этапындағы оқушының неізгі әрекет түрлерін анықтау
-Оқушы әрекетін ұйымдастыр әдіс – тәсілдерін таңдау
ІІІ.Сабақты жүргізу
-Әр сабақтағы баланың іс- әрекетін ұйымдастыру
-Оқушымен жанама қарым қатынас
-Жұмыс барысын бақылау жұмысы
ІY. Рефлекция (сабақтын қортындысы бағасы)
-Қойылған мақсатқа жету
-Тақырып бойынша өзгерістер енгізу
-Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес ,оқушымен бірлесіп жалпы іс- әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін жолдарын іздестіру арқылы іс- тәжірибесінде қалай қолданады?
1)Оқу әрекетін қалыптастыру , айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік ,этикалық, эстетикалық қарым – қатынас дайындау, дара тұлғалықадамгершілік нормаларын меңгерту.
2)Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3)Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4)Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5)Оқушының сезіміне әсер етіп – логикалық ойын дамыту
6)Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Пайданылған әдибиеттер:
- ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары;
Жоба, / 12 жылдық білім беру,2006 2.Бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы .Әдістемелік нұсқаулық, 1999.
3.Эльконин Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» Педпгогикалық шығармалар, 1998
4.Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері /Психологиялық ғылым және білім беру .
