Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау

Ақтөбе қалалық №10 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шужина.А

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау

XX ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбие-леудегі ең озық тиімді ізденістерін , тәжірибелерін жалғастырып тың жолдар іздеупедагогиканың озық үлгілерін жаңашылықпен дамыту жалға-са бермек.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адам-ға ғана тән. Шығармашылық – адамның іс – әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі , даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес , табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы , дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып , олардың өшуіне жол бермеу , оның рухани күшін нығайтып , өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бұл жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып , әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін , қабілеттерін шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын , өз бетінше өмір сүру жол-дарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап , бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай,өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып , барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи – қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы , жаңалық ашатын іс – әрекет», – деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған»

Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында,барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігіне бақылау жүргізуде,қарапайым тәжірибе, эксперимент қою мәтінмен,сызбамен,суретпен диаграммен жұмыс істеу,оқушыны іскерлікке,дербестікке баулитын,ойына түрткі болып ,шығармашылыққа апаратын әдіс-тәсілдер, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы мәселені нақты шешуге жағдай жасайды.

Оқушылардың белсенділіктері ,қызығушылықтарын,шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді әрбір сабақтарда қолданамыз. Әдебиет сабағында берілген мәтінді ,ертегіні,әңгімені өз бетінше аяқтау.Ақын-жазушылардың шығармаларын басқаша аяқтауға талпыну.Белгілі мақалға сай мәтін жазу .Мәтін бойынша мақал құрастыру . Табиғаттағы ерекше құбылыстарға ,әр түрлі заттарға қарап жұмбақ құрастыру.Берілген мәтіндерді салыстыру бөлімдерге бөліп жоспарын құрауға,тақырып қоюға. Тірек сөздер арқылы өлең,мәтін құрастыру .Кейіпкерге мінездеме беру . Шығарма бойынша сурет салғызу ,ауызша суреттеу,қиялдау арқылы бейнелеу.Анаграмма,сөзжұмбақ, ребустарды шешу.Осындай жұмыс түрлерін әрбір топқа беріп жүргізіп отыруға болады. Оқушыларға берілетін шығармашылық тапсырмаларды былайша топтастыруға болады.

Образға кіру

Жұмбақ құрастыру Талдау,қиялдау

Диалог-ертегі Мәтін жазу

Суырыпсалма ақын

1-тапсырма

«Образға кіру»

Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың жай-күйі қызметі туралы білу ,сезіну

«Мен ағашпын»деген тақырыпта әңгіме жаздыру .

2-тапсырма «Талдау,қиялдау»

Оқушылардың ой-санасын ,қабілетін дамыту.

3 тапсырма. «Суырыпсалма ақын»

Шығармашылықтың алғашқы сатысын іс- әрекет және ойын түрінде баста-ған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

4 тапсырма. «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып,кез келген бір әңгіме –ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме –ертегіні бір-бір сөйлем-нен ары қарай жалғастырады.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру- ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.

Қорытынды: өзіміздің іс- тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.Оқушылардың білім сапасы көтеріледі. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп , оның өмірдегі өз орнын табуына көмектеседі. Яғни,шығармашылық – бұл оқушының өзін-өзі тануға ұмтылуы ,ізденуі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше