Cуицид және өз-өзіне қол жұмсау жағдайы

ШҚО, Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы,

Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия

Әлеуметтік педагог

Сагындык Данара Владимировна

Cуицид және өз-өзіне қол жұмсау жағдайы

Суицид бүгінгі күні қоғам үшін ең көкейкестімәселелердің бірі болып табылады. Күннен күнге өз-өздеріне қол жұмсаушылардың саны, көбейе коймаса азаяр емес. Өткен ғасыр дүние жүзінің ғалымдарын толғандырған мәселе ол қазіргі кездегі жеткіншектер арасында жиі кездесетін -суицид. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерінше 15-24 жас аралығындағы жеткіншектер арасында өзін-өзі өлтіру 2 есе артып артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселен, Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны 3 есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп тұр. Өз-өзіне қол жұмсау туралы, Аристототель, Платон,француз социологы Эмиль Дюркгейм , норвегиялық ғалым И. Россов, Г. Минноус кезінде өз ойларын қалдырып кеткен. Суицидтті, медициналық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың зерттеулерін атап өтсек, бұл Амбрумова А.Г. “Суицидалды мінез-құлық кешенді зерттеудің обьектісі ретінде”, Антохин Г.А. “Шизофрениямен ауыратын адамдардағы суицидалды мінез-құлық”, ”Түрлі психикалық ауытқушылықтары бар суициденттерде депрессивті көріністердің ерекшеліктері” Мишиев В. Д. т. б.

Суицид – бұл адамзаттың мәңгі мәселелерінің бірі, себебі ол құбылыс ретінде, жер бетінде өмір сүретін адамдардың санына қарай соншалықты жалғаса беретін құбылыс болып табылады. Әдебиеттерде суицид мәселесі, ежелгі мысырда өз көрінісін тапты, “көңілі қалғанның өз жанымен талқылысы” атты поэтикалық шығарманы, зерттеушілер осы кезеңге жатқызады. Ежелгі кезеңдегі өз-өзіне қол жұмсау ритуалды болды, оларға харакири және сати (индиялық жесірлердің өз-өздерін отқа жағу рәсімдері) жатады. Ритуалды өз-өзіне қол жұмсау құрметке ие болды, қоғаммен оны мақұлдады және одан бас тарту үлкен масқара деп есептелінді. Антикалық кезеңде өмір мен өлімге деген көзқарас, одан кейінгі кезеңдерге қарағанда біраз басқашалау болды. Суицид кешенді мәселе болып табылады және осы құбылысты зерттеу, психология саласында емес, философия саласында басталды. А.Камю- экзистенциалисттер өкілдерінің бірі-тек бір шынымен де маңызды философиялық мәселе бар- бұл өз-өзіне қол жұмсау мәселесі деп есептеді.Өмірдің, оны соңына дейін өмір сүруге тұратындығын немесе тұрмайтындығын шешу- бұл философияның фундаменталды сұрағына жауап беруді білдіреді. Көптеген әлем елдерінің ішінде, өз-өзіне қол жұмсаудың жоғары деңгейі, осы құбылыстың себептері туралы және оны алдын-алудың оңтайлы тәсілдерін іздеу мәселесін қояды. Суицид бұл тек жеке мінез-құлықтық реакция ғана емес, ол тұлғаның экстремалды жағдайларда психологиялық және патопсихологиялық ерекшеліктермен сипат алған. Суицид жағдайының себептері, қазіргі кездегі мәдениеттің жалпы жағдайымен және қоғамдағы үстем таптық этикалық нормалармен өмір мен өлім туралы дүниетанымдық түсініктермен, топтық психологияның ерекшеліктерін ескерумен байланыстырылып талдануы керек. Психологиялық әдебиеттерде суицид мәселесі З.Фрейдттің, К.Меннингердің, А.Адлердің, К.Юнгттің, Д.Хеллменнің, Г.Салливеннің, К.Хорни, Э.Дюркгеймнің, Н.Фейберроу, Э.Шнейдман, А.Альварестің, Э.Кюблер-Росстың ғылыми еңбектерінде және монографияларында өзінің көрінісін тапты. Әлі күнге дейін, қоғам санасында өз-өзіне қол жұмсау туралы жалған түсініктер кең таралған, олар қоғамның аутоагрессивті мінез-құлықққа, көзқарасын, қатынасын айғақтайды.

Суицидттің қаншалықты деңгейде өршіп келе жатқандығын, мынадай көрсеткіштерден көруге болады. Статистика бойынша жыл сайын миллионға жуық адамдар өз-өздеріне қол жұмсайды. Бірақ статистикалық көрсеткіштер бәрін көрсетпейді:олар өз-өзін жоюдың адам нанғысыз әрекеттерінен кейін, жиі үрей мен абыржу сезімдерін сезетін, өз-өзіне қол жұмсаған адамның туыстары мен достарының әріптестерінің қиналатындары жайлы ештеңе айтпайды. Жастардың арасында аяқталған суицидттердің жиілігінің көбеюі терең ойландырады: ол 45 жастан аспаған адамдар арасында анағұрлым көп кездеседі. Тағы бір күрделі мәселе, cуицидалды мінез-құлықтың басқа формаларына, мысалы, денсаулық сақтау жүйесіне ауыр жүк болып түсетін, әсіресе жедел көмек беру бөліміндегі суицидалды әрекеттерге байланысты. ДСҰ, денсаулық сақтау саласында ең ірі халықаралық ұйымы,қоғамдық денсаулық үшін өз-өзіне қол жұмсау мәселесінің маңыздылығын мойындады және оныңа масштабын, кәсіби адамдардың жалпы халықтың саналы түсінуін жоғарлату бойынша стратегияны халыққа жария етті. Одан басқа ДСҰ-мен қызметтестік қарым-қатынастағы орталықтар қатарын және өзіндік қорларды пайдалана отыра,сонымен бірге жеке сарапшылармен бірге бұл ұйым, өз-өзіне қол жұмсауды алдын-алу шаралары мен бағдарламаларын дамытуды қалайтын мемлекеттерге техникалық көмекпен қамтамасыз етуге даяр екендіктерін білдірді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтері бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адам өз өмірлерін қияды деп “Вестник” журналында айтылған. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ФРГ,ГДР,Австралия,Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда, Индияда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келеді. Көптеген елдерде өз-өзіне қол жұмсау күні бұрын келетін өлімдердің алғашқы 10 себептердің ішінде бар. Мемлекеттердің көбінде аяқталған суицидттердің жиілігі өсіп қана қоймай, суицидалды әрекеттердің саны да өсіп келеді. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде 900 мыңға жуық адам өз еріктерімен өмірден кетіп жатады. Бұл дегеніміз өз-өзіне қол жұмсаудың біреуі, әрбір 40 секунд сайын болып тұрады. Сарапшылар оның ешқандай ескертусіз жүзеге асатындығына назар аударады. Өз-өзіне қол жұмсаушылардың көпшілігі өздерінің ниеттерін ашық жариялайды. Сол себептен осындай сипаттағы барлық қауіп-қатерлерге өте сақ қараған жөн.

Қазақстан да суицид жағынан қауіпті зонаны құрады және “өз-өзіне қол жұмсау” деңгейі қауіпті көрсеткіштері бар елдер қатарына кіреді. Суицид ірінші орынға жағынан ең қауіпті деген аймақтар болып табылады Солтүстік Қазақстан облысы (1997 жылы 100 мың халыққа 59,4), Шығыс Қазақстан облысы (55,0), Қарағанды облысы (39,6), Қостанай облысы (39,3), Батыс Қазақстан облысы (37,0), Павлодар облысы (35,8), Атырау облысы (39,3). Бұл жағынан көрсеткіші төмен Қызылорда (13,2) және Оңтүстік Қазақстан облысы (14,1).Алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерге сүйенсек, 2004 жылғы мемлекеттік статистика комитеті бойынша Қазақстанда 4414 суицид жүзеге асырылды, ол 100 мың халыққа 29,4 адамды құрайды, 20-29 жастық топтарында бұл сан 100 мың халыққа 43,56-ға дейін жетеді, 30-39 жас аралығында 100 мың халыққа 46,05 адам. Аталған көрсеткіштер біздің республикамызды суицидалды мінез-құлықтың көрінісі ең жоғары елдердің қатарына жатқызады.

Өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себептерді талдау, олардың жиі болатын себебі, бұл заңды бұзу, қылмыстық жауапкершілік алдындағы, ата-ананың алдында қандай да бір істеген әрекеті, мектепте істеген әрекеті үшін қорқыныш. Зерттеу мәліметтері бойынша, өз-өздеріне қол жұмсаған кәмелетке толмағандардың көбі, жалпы білім беретін мектептің оқушылары, оның ішінде көпшілігі ауылдық жерлерден. Бұл девиантты мінез-құлықты және суицидтті алдын-алудан, ауылдық білім беру мекемелерінің психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттерінің әлсіз екендігі жайлы айтады.

Сонымен бірге өз-өздеріне қол жұмсайтындардың көбін ұл балалар құрайды. Қыздардың өз-өзіне қол жұмсауы ”көрсету” сипатына ие. Кәмелетке толмағандардың арасында өз-өзіне қол жұмсаудың өсуі, балалардың құқығын қорғау ісі бойынша мемлекеттік органдардың қолданатын шаралардың, жанұяларды қажетті материалды қамтамасыз етудің,олардың психикалықденсаулықтарын қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі туралы,кейбір жағдайларда баланың проблемаларына көңіл бөлінбеуін білдіреді.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерінше, 2020 жылға таман суицид нәтижесіндегі өлім, ісік ауруынан озып, буын ауруларынан кейін 2 орынға шығады. Жер ғаламшарында не болып жатыр? –деп ойлануға себеп бар. Оның, өзінің үстінде адамдарды таси әбден шаршады деген ой туындайды.Әлеуметтік дағдарыс, ҒТР ғасыры, ғарыш, атом, таптық, мәдениет ғасыры деп аталатын өткен дәуір де бітті. Қазіргі жаңа ғасырда мынадай нәрсе болды: ғаламшардың әрбір түпкі бөліктерінде, адамдардың басым бөлігі өмір сүргілері келмейді және олар күннен-күнге көбейіп келеді. Өткен дәуірдің басты титулы былай аталуы керек: өз-өзіне қол жұмсау ғасыры. Жаңа ғасырда өзгерістер бола ма деген сұрақ, осы мәселемен айналысатын психологтарды сонымен бірге басқа да мамандарды толғандырады.

Кеңестік уақытта суицид бұл- психикалық аурудың айқын белгісі деген сенім қалыптасқан болатын. Яғни, әрбір суицидент өмір бақи дені дұрыс емес деген атаққа ие болды, ал құтқарылғандар психиатрдың тіркелуіне қойды. Жалпы өз-өзіне қол жұмсау туралы ой-толғау – жиі ақылдың жоқтығының емес, керісінше ақыл-ойдың мол болуының белгісі. Сол себептен белгілі психиатр А.Г.Амбрумованың үлесін қайта бағалау қиынға соғады-ол суициденттердің көпшілігі дені сау адамдар екенін нақты дәлелдеді. Олар үшін Мәскеуде сенім телефонының негізін қалады және осындай қадамға барғандарды ғана құтқару үшін ғана емес,сонымен бірге өз-өзіне қол жұмсауды алдын-алу үшін кризисттік стационар ашты. Барлық суицидттер 3 топқа бөлінеді: шынайы,жасырын,демонстративті. Шынайы суицид кейде мүлдем күтпеген жағдайда болса да- ешқашан да спонтанды болмайды. Мұндай суицидке депрессивті жағдай, көңілсіздік немесе өмірден кету туралы ойлар ықпал етеді. Кей-кездері адам мұндай жағдайды сезбейді де, сонымен бірге суицидттің жүзеге асуына жақын адамдар да, қоршағандар да ықпал етеді. Шынайы суицидке даярлықты тексерудің өзіндік тесті-адамның өмірдің мәні жайлы ой-толғаныстары. Сол себептен суицид бойынша қауіпті топты жеткіншектер мен қарт адамдар құрайды. Өмірдің мәнін жоғалту әр түрліше болуы мүмкін – ол әрбір адамның оны неден көретініне байланысты. Ақшаның жоқтығы, бүкіл өмірі байлыққа ғана тірелетін адамдарды қатерлі қадамға итермелеуі мүмкін; жауапсыз махаббат, егер ғашық болған адам өз болашағын сүйіктінсіз елестете алмаған жағдайда, суицидттің себебі болуы мүмкін; ал өз өмірінің мәнін, ана болудан көретін әйел, кенет анықталған бедеуліктен ғана өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Бірақ әрине кез-келген осындай жағдайларда басқа шешім табуға болады. Бірақ суицидттердің негізгі бөлігі- бұл диалог жүргізуге ешқандай пайдасы жоқ және өзіндік бір әдіспен жүргізуге әрекет жасау. Өз-өзіне қол жұмсаушылардың көпшілігі өлуді емес, тек қана біреудің назарын аудартуды ғана қалайды. Демонстративті суицид өіндік бір бопсалаудың тәсілі ретінде де көрініс береді. Ал жеткіншектердің өз-өздеріне қол жұмсауының бәрі жауапсыз махаббаттан бола бермейді. Психологтардың айтуынша, барлық қайғылы оқиғалардың себебі болып, бүгінгі күнде балалардың да, ересектердің де, психологиялық тәрбиемен қамтылмауы болып табылады. Біз, қарапайым адамдар,басқа адамдардың немесе жас балалардың өз-өзіне қол жұмсауы туралы естігенімізде,әлсіз мінезді екен деп айтып жатамыз. Ішкі жан –дүниесін уайым-қайғы жеп жүрген адамның,әсіресе жеткіншек баланың ішкі әлеміне ене бермейміз. Өмір адамға бірақ рет беріледі. Ал, бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күресіп, өз несібеңді айырып жесең, соның өзі бақыт. Бірақ ”соқтықпалы, соқпақты” өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдайды ма? Шыдауы керек деп жұбату сөзді айтуға жеңіл болғанмен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақмлық дүниені дұрыс көріп, “сол жаққа” мезгілсіз аттанып жатады. Оларды кінәлау орынсыз шығар. Десек те, Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жұртшылыққа жантүршігерлік мәліметтерін жария етеді. Өзіне –өзі қол салу қазір төрткүл дүниенің қатты аландатып отырған үлкен мәселеге айналып барады. Кез-келген өлімнің себебіне көз салсақ, өз-өзін құрбандыққа шалу әлемде 8 орында тұр. Ресейдегі Сербский атындағы әлеуметтік және сот психиатриясы мемлекеттік ғылыми орталығының бөлім басшысы, профессор Борис Положидің дерегі бойынша, жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін құрбандыққа шалады, ал 10-20 миллион адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. 1950 жылдан бері өз-өзін өлтіру деңгейі 60 пайызға өсті. Мұның себебі неде? Ислам дінінде, яғни қазақта өз-өзіне қол салған адамға жаназа шығарылмайды. Алла Тағала өзі шығарған жанын өзі ғана алуы тиіс. Ал адам баласы неге өз жанын өзі бұйырған мезгілден ерте қиюы керек?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше