ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІ ГІ МЕН КЕЛБЕТ
ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН КЕЛБЕТІ
Ильясова Гүлбану Мажитқызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК (лат.competentia)- іс-әрекеттерді орындай алу мүмкіндігі.
Құзыреттілікке бағытталған оқытудың соңғы мақсатты нәтижесі – оқушының мектепте алған білімін өмірде қолдана алу мүмкіндігіне қол жеткізу.
«Құзыреттілік – әрекеттің әмбебаб тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі»
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасы
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Құзіреттіліктің мазмұны – жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі функцияларын жүзеге асыра білуімен анықталады, олар: болжау, ұйым-дастыру,б ақылау, реттеу, үйлестіру, сәйкестендіру, белсенділігін арттыру,зерттеу.
Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қорша-ған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығар-машылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Ендеше қазіргі таңдағы қазақ педагоги-касының міндеті де осы тың қасиеттерді кез келген қазақ оқушысының бойында қалып-тастыру.
Зерттеушілікқұзыреттілік – оқушының тың ақпараттарды пайымдап, болжап, талдап, тануы үшін ғылыми-зерттеу әрекетін атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Яғни, оқушының қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жинақтаған білім, білік, дағдыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолдана алу мүмкіндігі.
Оқушыларды теориялық деңгейде ұйымдастырылған оқу–таным қызметіне енгізе отырып, теориялық ұғымдар жасау әдістерін меңгеру, ізденімдік – зерттеу логикасын меңгерту, өз бетімен білім алу, өз біліміне өзі баға бере білу, рефлексиялық жолмен өз білімінің дүниетаным үдерісінде қаншалықты нық екенін анықтай алу дағдылары жүйесін қалыптастыру мақсатына қол жеткізуге болады.
«Коммуникативтік құзырет –үйренген тілдік құралдарын тілдік қарым-қатынаста таңдап пайдалана білу қабілеті, тақырыпқа сәйкес ситуацияны бағалауы, ситуацияға тез арада реакция жасап, екінші тілде жауап беруі».
«Коммуникативтік құзырет –үйренген тілдік құралдарын тілдік қарым-қатынаста таңдап пайдалана білу қабілеті, тақырыпқа сәйкес ситуацияны бағалауы, ситуацияға тез арада реакция жасап, екінші тілде жауап беруі»
Оқушының бойында қалыптасуға тиісті қатысымдық құзыреттіліктер жүйесі:
- Лингвистикалық;
-
Әлеуметтік-лингвистикалық;
-
Әлеуметтік-психологиялық;
-
Кәсіби;
-
Эмоциялық;
-
Зияткерлік;
-
Мәдени;
-
Ақпараттық;
-
Дискурстық құзыреттіліктердің синтезі
Құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мумкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады.
өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
өзінің қызметін бағалай білуі;
түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
өз бетінше алынған ақпаратты талдай, таңдай білуі;
түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.
Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиеледі қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Әдебиет пәні мұғалімдері алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жасағаны абзал.
Кәсіби білімін үздіксіз жетілдіруші
Қарапайым, рухани дүниесі бай, ой-өрісі кең, биік талғамды, кез келген істің ұйтқысы.
Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына ықпал жасайтын тәрбие түрлері мен әдістерін табу.
Баламен қарым-қатынаста әдептілік, сыпайылық, мәдениеттілікті үстем ету.
Оның денсаулығына, қуаныш-ренішіне ортақтаса білу.
Ұстаздық жеке басының ізгілік үлгісін сақтау.
Адамгершілік пен патриотизм жаршысы
Қазақ тарихын. Қазақ мемлекетінің қалыптасу жолындағы ұлы тұлғаларды танытып, үлгі ету.
Азаматтық борыш, міндет, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Мемлекеттік тіл қазақ тілі тағдырының жанашыры.
Туған жер, туған елін, мемелкеттік рәміздерін сүюге баулу.
Әдебиет пен өнердің насихатшысы
Қоғамның саяси, экономикалық, мәдени дамуымен танысып отыру оны мектеп өміріне енгізу.
Өнер және әдебиет туындыларын оқу, бағалау, озығын насихаттау.
Ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларды түсіну және бағалауға жету үшін мәдени-демалыс қызметін түрлендіріп ұйымдастыру.
Ұлттық педагогиканың ұйтқысы
Білім беру мен тәрбие ісінде ұлттық жүйені жаңғырту.
Ұлттық тәрбие мен әдет-ғұрып үрдістерін, имандылықты насихаттау.
Қоршаған ортаның әлеуметтік әдістеріне сыни көзбен қарап, озығын дамыту.
Оқытудың тиімді жаңа технологияларын меңгеруші
Оқыту үдерісінде оқу материалдарын игертуді жобалауды білім беру стандартының талаптарына сәйкес ұйымдастыру.
Білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау.
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік.
«Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» деген сұраққа «Мұғалім, ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс» деген жауап айтсақ орынды болар. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың сенімділігі мен мақсаттылығынан туады. Оның сенімділігі білімінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Бұл жайында Абай «Мейірімділік – бауырым деп адам баласын жақын тартқанда іске асатын қасиет» деп дәлелдеп айтып кеткен.
Құзіреттілік біліктіліктен көрінеді, біз оның қалыптасу дәрежесі жайлы ғана айтуға мүмкіндігіміз бар. Демек, оқу процесінде оларсыз құзіреттілік қалыптаспайтын білім, біліктерге қатты көңіл бөлуіміз керек. Құзіреттіліктің қалыптасу дәрежесі жайлы айтсақ, онда білімсіз, біліксіз ештеңе істей алмаймыз. Құзіреттіліктің қалыптасуы-бұл ешқашан аяқталмайтын процесс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Сымайылов. Оқу процесінде студенттердің танымдық ынтасын қалыптастыру Ж., 1999
2.С.Исаев, Ш.Бектұров Грамматикалық талдаудың тәсілдері А.,1985
3.Қазқ тілі мен әдебиеті № 1 2003
-
.Қазақ тілі мен әдебиеті №8 2004
-
Қазақ тілі мен әдебиеті №5 2005
