«Оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау, дамытудың тиімді жолдары»

Бекберова Күләш Джумаділдақызы

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия

Атырау қаласы

«Оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау, дамытудың тиімді жолдары»

Кіріспе

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты болмақ.

Н.Ә.Назарбаев

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» өзекті мәселе болып отыр.

Мақсатым: Дарынды оқушыны анықтау, оның қабілетін, шығармашылық дарындылығын дамыту, шығармашылық жұмыстарға қатыстыру арқылы дарындылықтың бастапқы негізін қалыптастыру.

1 Оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау, дамытудың тиімді жолдары

Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес,керісінше жеке тұлғаныңтолық дамуын қамтамасыз ететін іс. Оқытудың өзекті мәселесі – оқушының жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту. Интеллектуалды жоғары, қоғамға жаны аши білетін азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Ендеше жаңа ғасыр мектебінің алдында тұрған міндет-дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады.

  1. Сүрет. Білім жүйесіндегі өзекті мәселе

Жас жеткеншектерді заман талабына сай тәрбиелеу мен оқытуда олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, дарындылығын дамыту – біздің міндетіміз.

Дарындылық дегеніміз – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылық жұмыс арқылы қалыптасатын қасиет. Психолог мамандар дарындылықтың төмендегідей түрлерін анықтаған.

  1. Сурет. Дарындылық түрлері

Шығармашылық– қиялдың шығармашылық даму деңгейі, ерекшелігі және нәтижелілігі. Шығармалық дарындылықтың ең маңызды психологиялық анықтауышы ретінде ақыл-ой коэффицентінің негізіндегі сандық және сапалы өсудің жоғары пайызын қоса есептегендегі көрсеткіші белгіленеді. Дарындылықтың дамуын зерттеуде оқушылардың мүмкіндіктері мен ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде анықталатын жалпы дарындылықтың және нақты іс-әрекет (спорт, музыка, көркемөнер)түрінде байқалатын арнайы дарындылықтың анықталуы өте маңызды.

Баланың шығармашылық дарындылығының сараптамалары нәтижесінде төмендегідей сипаттамаларды атауға болады:

  • зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;
  • ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;
  • белгілі бір іс-әрекетте, кәсіпте аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану; – өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуде табандылық көрсете білу; – абстрактылы – логикалық ойлаудың жоғары деңгейін дамыту; – тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылықты ертерек табу, олардың игілігін ерте көтеру мақсаты бастауыш мектептен басталмақ. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне,қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
  • дарынды оқушыларды(жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналасуына жетекшілік етуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни мұғалімнің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқап, қамқорлық таныту. Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезінен бастап-ақ байқайды, мұғалім оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан-ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды.Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме, сыныптан тыс жұмыстарында үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімінбағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.

Оқушы Денгейлік

тапсырма

Танымдық сұрақтар Шығарма-шылық тапсырма Логика-лық тапсырма Тест

ұпай

а в с
1 Акрапов Д 3 3 3 3 1 2 5 20
2 Асылбек А 3 3 0 3 3 4 3 19
3 Азербаева Н 3 3 0 3 3 0 4 16
4 Алтайулы Д 3 3 6 5 5 4 5 31
5 Ахметкали Д 3 3 4 3 2 2 5 22
6 Ахымбаева А 3 3 6 5 5 4 5 31
7 Баемиров М 3 3 3 4 2 2 4 21
8 Габдиев А 2 3 0 3 2 0 4 14
9 Жантенов Д 3 3 5 5 4 4 4 28
10 Жексен А 3 3 3 5 5 4 5 28
11 Кабесов Д 2 2 0 3 2 0 2 11
12 Қазим Х 3 3 6 5 3 0 5 25
13 Хаженов Н 3 3 6 5 5 5 5 32

Рейтинг жүйесі бойынша аса қабілетті, дарынды оқушыны анықтау (1Кесте):

*26-32-ге дейінгі – интеллектік топ

**20-26-ға дейінгі – шығармашылық топ

Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Дж.Резулли «Шығармашылық дарындылық белгілері байқалатын балалар стандартты оқыту бағдарламасынан тыс кеңейтілген деңгейде оқыту мүмкіндіктерін қажет етеді» деп атап өткен. Ендеше оқыту бағдарламасы осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сай болуы керек. Шығармашылық дарындылықты дамыту үшін оқыту мазмұнын төмендегідей құрамын.

3-сурет. Оқыту мазмұнының құрамы

Дарынды балалардың білімге құштарлығын оятатын мазмұнды тақырыптарды оқытып,шығармашылық қабілеттерін арттыруға көңіл бөлемін. Оқыту мазмұнын оқушы мүмкіндігі мен қызығушылығына сай өзгерту шығармашылық қабілет үшін «құнарлы орта» болып табылады. Дарынды балаларды іздеу,анықтау,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін ауадай қажет. Ендеше жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқыту әдістерін (технология) қолданамын. Шығармашылыққа бағытталған оқытудың мұндай әдістері оқытудың жаңа бағыттарын шешуге, яғни балалардың қабілетін, жүйелі ой-санасының шығармашылық ойлауын ашып, одан әрі дамытуға мүмкіндіктер береді. Мысалы, «Өсімдіктер» мен «Жануарлар» тақырыптарының орнына Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғалуы», т.б алмастыруға болады. Осындай қысқа мазмұнды тақырыптардың ауыстырылуы дарынды балалардың ауқымды мәселелерге қызығушылығын тудырады. Осы жағдай ғана динозаврлар, т.б жануарлар, өсімдіктер туралы кеңірек мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Оқу тәрбие үдерісін төмендегідей оқытудың технологиялары негізінде ұйымдастырамын: дамыта оқыту, деңгейлік-саралап оқыту, тапқырлық тапсырмаларды шешу технологиясы, ақпараттық технология, үздік педагогтардың тәжірибесін пайдалану, нақты нәтижеге жету.

Жеке тұлғаны шығармашылық дарындылыққа баулудағы мақсатым: – дара тұлғанынң танымдық мүмкіндігін арттыру; – оқу әрекетінің мотивациясының сипатына мән беру; – оқушы қабілетінің даму деңгейін арттыру; – шығармашылық ұстанымның өріс алуына баулу; – жеке тұлғаға бағытталған шығармашылық қадам төмендегідей: – шығармашылық белсенділікке ықпал жасау; – шығармашылық көңіл – күйді тудыру; – жеке тұлғанын еркін ой мүмкіндігін қалыптастыру; – шығармашылық жағдайды анықтау; – сын дәлелдеме, қорытынды жасау; – дәлелді пікір, қорытынды.

Дарындылықты дамытудың тиімді жолдары: бақылау әдісі, арнайы бағдарламалар, психодиагностикалық тренингтер, пәндік олимпиадалар, шығармашылық байқаулар, ғылыми зерттеу жұмыстары.

Оқушының шығармашылық дарындылығы шамасын анықтауда ең тиімдісі – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы (ТТШТ). ТТШТ технологиясы бойынша сабақтарымда төмендегідей әдіс – тәсілдерді, тапқырлық, шығармашылық тапсырмаларды қолданамын.

4-сурет. ТТШТ технологиясы

Шығармашылық тапсырмалардың бұл түрлері оқулықта бар ақпарат арқылы шешіледі. Мысалы 1-ші сыныпта ана тілі сабағында «Жылыжай» мәтінін оқыған кезде төмендегідей шығармашылық тапсырма ұсындым. Шығармашылық тапсырма: Жылыжайдағы көкөністер туралы жұмбақтар құрастыр.

Оқушылар құрастырған жұмбақтар:

Төмендегідей шығармашылық тапсырмаларды оқу материалын бекіту кезінде пайдаланамын.

5-сурет. Оқу материалын бекіту кезінде пайдаланудағы щығармашылық тапсырмалар

Бұл тапсырмаларды шешу үшін ойды жандандыру әдістерін қолданамын. Ойды жандандыру әдістері: миға шабуыл, ой қорыту, талдау, шығармашылыққа айналдыру.

Миға шабуыл әдісі:

1.Тапсырманы мұқият оқып шық, оның ағыналық шешімдерін ұсыну. 2.Ұсынылған болжамдарға талдау жасап, оның ішінен ықтимал жауабын талдау.

1-ші сыныпта дүниетану сабағында «Табиғат» бөлімінде мынадай себебін анықтау тапсырмасын ұсынамын: жылдың қай мезгілінде жаңбыр көп жауады? Неге? Себебін анықта. Миға шабуыл әдісін пайдаланамын.

Үлгілеу бойынша тапсырма: осы геометриялық фигуралардан кеме құрастыр:

1

3

11

1

Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білу қажет деп ойлаймын.

Оқушылардың шығармашылық дарындылығының бір сипаттамасы логикалық ойлау қабілетін топтық инллектік тест арқылы анықтауға болады.

Логикалық ойлау қабілетіне анықтауға арналған топтық интеллектік тест:

  1. Ғасыр: а) тарих; ә)100 жылдық; б) оқиға; в) прогресс. 2. Болжау: а) ауа райы; ә) хабарлама; б) алдын ала айту; в) себеп 3. Минут, сағат, кеш, секунд (артық сөзді тап) 4. Су, жел, көмір,шөп (артық сөзді тап) 5. Ата, мұғалім, ана, әке (артық сөзді тап) 6. Әди Әмірден 2 жыл бұрын туылды. Қазір Әди 7жаста, Әмір неше жаста? 7. Тордан көжектің 10 құлағы көрінеді. Тордағы көжектің саны нешеу? 8. 1 ден 100-ге дейінгі сандарда неше нөл бар? 9. Алуаның партасы алдынан санағанда 2-ші, ал соңынан санағанда 4-ші. Бұл қатарда неше парта бар? 10. Артық суретті тап.

*20 ұпайға дейін – логикалық ойлау өте жақсы (интеллектуалды, лидерлік топ).

**14 ұпайға дейін- қабілеті жақсы шығармашылық топ.

Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың бірден бір көзі пәндік олимпиадаларға, шығармашылық байқауларға, спорт, көркемөнер үйірмелеріне қатыстыру, шығармашылық туындыларын баспаға шығару. 4-ші сыныптар арасындағы пәндік олимпиада резервтерін дайындау мақсатында гимназиямызда өзім жетекшілік ететін әдістемелік бірлестік жанынан «Жеңімпаз» шығармашылық топ жұмыс жасайды. 2010-2011 оқу жылының жазғы каникулында «Біліміңді шыңда» атты интелектуалды жазғы лагерь жұмыс жасап, сонда жетекшілік етіп, тапқырлық есептер, шығармашылық тапсырмалар орындалып, оқушылармен танымдық сауықтыру шаралары өтілді.

Шығармашылық дарындылықты дамытудың тағы бір көрінісі кішкентай сыныптан бастап, зерттеу ғылыми жұмыстарға оқушыларды араластыру. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білімге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз керек. 1-ші сыныптан бастап дүниетану сабағында «Мен зерттеушімін», «Мен жобалаушымын» тақырыбында күнделік бастап, ізденушілік-зерттеушілік жұмысты бастаттым.

Зерттеу обьектісі:сыныптағы дарынды оқушылар.

Мақсаты: оқушылардың зерттеушілік-шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. Мәселен, 1-ші сынып оқушысы Қазим Хорлан «Күзде жапырақтар неге сарғаяды?» тақырыбында зерттеу жұмысын бастап, күз айларында жапырақтардың сарғаю, түсу барысын бақылап, төмендегідей қорытындыға келді:

  • күннің көзі азаяды, себебі күн жазға қарағанда төмен тұрады; – жылу жетіспейді;
  • жапырақтарға жасыл түс беретін хлорофил азаяды.

Мен зерттеушімін

Мен жобалаушымын

1-ші сынып оқушысы Габдиев Алишер «Менің болашақ мектебім» тақырыбында болашақ өз қиялынан туындаған мектептің жобасын жасап, қорғады.

1-ші сынып оқушысы Акрапов Дастан «Атыраудағы ең ұзын көше» тақырыбымен зерттеу жұмысын бастап, Атыраудағы ең көлемді көше Бейбарыс даңғылы екенін анықтап, жобасын ұсынды.

Осындай шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық дарындылығы, қабілеті шыңдалып, дами түседі.

2 Күтілетін нәтиже

Нәтиже:

  • Ойлануға, салыстыруға, себебін анықтауға, заңдылықтарын ашуға үйренеді; – ой-пікірлерін ашып айта алады; – өз идеясын ұсына алады; – жаңа мәселелердің шешімін тез табуға үйренеді; – шығармашылық белсенділігі артады.

Жобамды қорытындылай келе жоғарыда аталған шығармашылық жұмыстардың арқасында бірнеше оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттер ашылып, жоғары жетістіктерге жетті. Жұмысымның нәтижесін пәндік олимпиадалар, шығармашылық байқаулар, интелектуалды жарыстар жетістіктерінен көруге болады.

6-сурет. Жұмысымның нәтижелері – жетістігім

Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға ғана жетелеуге болмайды. Егер сіз баланың бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсаңыз, оны өмірі төзгісіз болады.Ол оқушы ғана емес, ең алдымен сан қырлы қызығушылығы, сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек деп атап өткен болатын атақты педагог Сухомлинский В.

Ендеше, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Пайдаланылған әдәбиеттер

1 Граництел А.С Научить думать и действовать, М, 2010

2 Доровский И «Дарындылықтың дидактикалық негізі», С-П, 2009

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше