Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің кө лемі.
Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі
Бахрадинова Жулдуз Тугелбаевна
Бастауыш класс мұғалімі
Математика 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі.
Сабақтың мақсаттары: 1) Куб ұғымын пысықтау. Көлем, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен оқушыларды таныстыру.
2) Оқушылардың ойлау, талдау, қорытындылау дағдыларын, шапшаң есептеу, теңдеулерді шешу, амалдар тәртібін орындау, дағдыларын тиянақтай түсу.
3) Шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыс жасауға, ойларын дәлелдей білуге дағдыландыру.
Сабақ түрі: жаңа білім меңгерту, саяхат сабақ түрінде.
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, қорытындылау, көрнекілік, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар, оқулық.
Сабақ барысы:
1) Алғашқы ұйымдастыру кезеңі. Бір-біріне күндей күліп сәттілік тілеу.
Негізгі бөлім
– Балалар, сіздер кемеге мініп саяхат жасап көрдіңіздер ме?
– Ендеше, бүгінгі сабағымызда мұхит жағалауларымен саяхат жасап көрейік. Ол үшін бүгінгі математика сабағында есептер шығара отырып қана саяхатқа шыға аламыз.
Міне, кемемізге мініп, «Жаңа ұғымдар» мүйісіне барып, тапсырмасын орындайық .
Фигуралар көрсетіледі:
– Бұлар қандай фигуралар? Не байқадыңдар? Бұлардың әрқайсысы текше болып табыла ма? Неше өлшемін көріп тұрсыңдар?
Қорытынды. Текшенің үш өлшемі болады екен. Ұзындығы, ені, биіктігі бірдей болады.
№2–суретке назар аударту:
– Текшеге ұқсай ма? Неше өлшемін көріп отырсыздар? Өлшемдері, яғни ені, ұзындығы, биіктігі бірдей ме? Әр түрлі.
Бұлар–тік бұрышты параллелепипедтер.
Қорытынды. Олар текше болып табылмайды. Бірақ үш өлшемі болады. Дәптерлерін ашу.
– Енді «Ойлана біл» мүйісіне барып көрейік. Оның тапсырмасы.
№3 есеп.
Текшенің қыры–7мм.
V–?
V=7 x7x 7=343(мм ).
Текшенің қыры–2см.
V–?
V=2cм x 2см x 2см=8см.
Текшенің қыры–2дм.
V–?
V=2дм x 2дм x 2дм=8дм .
№4–жаттығуды да орындап көрелк.
V=1см x 2см x 3см=6см
V=2см x 4см x 2см=16см
V=1см x 2см x 1см=2см V=4см x 2см x 2см=16см – Енді, балалар, «Демалу бухтасына» барайық, ол үшін кішкене сергіп, мына жаттығуларды орындап көрелік.
«Смайлик» қайда орналасқан?
а) дөңгелекте және үшбұрышта, бірақ квадратта емес.
ә) дөңгелекте және квадратта, бірақ үшбұрышта емес.
б) үшұрбышта және квадратта, бірақ дөңгелекте емес.
в) үшұрбышта да емес, квадратта да емес, бірақ дөңгелекте.
- Енді, балалар, «Тапсырмалар жағалауына» барып, сөз есептерді шығарып көрейік:
№ 6. 230+230=460(м).
600+460= 1060(м).
Жауабы: 1060(м).
№ 7. S=21 км.
Велосипедші t=1cағатта, V=15км/ сағ.
Жаяу адам–қалған жол–V=3 км/cағ.
Барлық жолға–? Уақыт.
15км/cағ x 1cағ=15км.
21-15=6км.
6км : 3 км/cағ=2cағ.
2cағ+1cағ=3сағ.
Келесі «Шығармашылық аралына» барып, тапсырмасын орындайық.
№ 9
а) 1) 491645 : 5=98329 2) 81268 : 8=10151 3) 98329-10151=88178
ә) 1) 472102 : 6=12017 2) 61074 : 9=6786 3) 12017+6786=18803.
б) 1) 94068 : 9=10452 2) 10452 x 5=52260 3) 52260-1990=50270.
в) 1) 99102 : 6=15517 2) 15517 x 7=108619 3) 108619+87061=195680.
– Енді, «Қорытындылау мүйісіне» келіп, бүгінгі не ұғынғанымызды қорытындылап көрейік.
Сөйлемді аяқта:
- Текшенің үш өлшемі ені, ұзындығы, биіктігі ……….. болады.
-
Тік бұрышты параллелепипедтер текше болып табыла ма?
-
Оның көлемін табу үшін қандай тәсіл қолданамыз?
-
см ………… өлшем бірлігі.
-
1 см =…мм 1 м =…см 1 м =…мм 1 дм = см
1 м =… дм 1а=…м 1 га =…м
6.Барлық куб ……….. болып табылады.
- Тік бұрышты параллелепипед …………. болып табылады.
Бағалау.
Үй тапсырмасы №5, №8. 105 – бет.
