Ғабит Мүсірепов «Тимка-Димка» әңгімесі
Ғабит Мүсірепов «Тимка-Димка» әңгімесі
Байсунова Шариза Аляйдарқызы
Ақтөбе қаласын №17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
- Қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтің өмірімен таныстыру, шығарма мазмұнын меңгерту;
- Шығарма кейіпкерлерінің әрекеті арқылы адалдыққа, қайырымдылыққа баулу;
- Іздендіру арқылы танымдық қабілетін арттыру.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Қайталау
І топтың сұрақтары:
- Ахмет Байтұрсынұлы кім?
- «Аққу, шортан һәь шаян» мысалынан қандай қорытынды жасауға болады?
- Мысалдан үзінді оқу.
ІІ топтың сұрақтары:
- Жамбылға ақ батасын берген кім?
- Жамбыл өлеңдерін неге арнады?
- Жамбылдың өлеңінен үзінді оқу.
ІІІ топтың сұрақтары:
- Сәкен Сейфуллин естелігінде әке-шешесі туралы не деп жазды?
- С.Сейфуллиннің табиғат туралы қандай өлеңін білесің? («Дала»)
- С.Сейфуллиннің бір өлеңін жатқа оқу.
ІV топтың сұрақтары:
- Ілияс Жансүгіров балаларға арнап қандай өлеңдер жазды? (Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Оқимын»)
- Ақын өлеңдерінде тауды кімге теңейді?
- Ақын өлеңінен үзінді оқу
3. Жаңа тақырып. Ғ.Мүсіреповтің «Тимка-Димка» шығармасы.
Топпен жұмыс. Ғ.Мүсіреповтің өмірімен, оның шығармашылық жолымен танысады.
Сұрақтар:
1-топ. 1. Ғ.Мүсірепов кім?
- Қаамгердің туған жері туралы не білесің?
2-топ. 1. Ғ.Мүсірепов сауатын қалай ашты?
- Ақынның қандай пьеса, роман, әңгімелерін білесіңдер?
3-топ. 1. Ғ.Мүсіреповтің сценарийі бойынша қандай көркем фильм түсірілді?
- Жазушы кімнің әңгімелерін аударды?
4-топ. 1. Қашан жазушының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті?
- Жазушы құрметіне қай ауданға оның есімі берілді?
Жазушының өмірбаянынан шағын әңгіме (мұғалім сөзі).
Көптеген әңгімелерінің бірі – «Тимка-Димка».
Мәтін 4 бөлікке бөлініп, 4 топқа беріледі. Оқушылар берілген үзіндіні оқып, аударып, мазмұнын қысқаша өз тобында айтады. Содан соң әр топтың оқушысы өз тобының үзіндісінің мазмұнын класқа жеткізуге тырысады.
4. Қорытынды. Мұғалімнің тірек-сызбасы арқылы әңгіменің мазмұны қорытындыланады.
Бағалау. Оқушыларды топ жетекшісі бағалайды. Мұғалім толықтырады.
5. Үй тапсырмасы.
1-топ. Қосымша материал жинап, «Ғ.Мүсірепов» тақырыбына мәнжазба дайындау.
2-топ. Тимка қандай адам деп ойлайсың? Оның адамдығы. Шағын әңгіме жазу.
3-топ. Адалдық және қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер дайындап келу.
4-топ. Мәтін бойынша әңгімеден көрініс көрсету.
