Бб дыбысы мен әрпі. 1 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі. 1 – сынып

Сабақтың мақсаты:

а) Б дыбысы мен әрпін таныстыру,

сөздер ойлату және сөз ішінен «б»

дыбысының қай буында тұрғандығын

тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге

үйрету;

ә) Оқушылардың ой – өрісін, тілдерін,

есте сақтау қабілетін дамыту, оқи білуге

дағдыландыру;

б) Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Б әрпінің жазба, баспа түрі суреттері, Б дыбысына байланысты суреттер, қима әріптер, тақта.

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  • Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.

ІІ. Үй тапсырмаларын қайталау. Оқушыларға өткен әріпті оқыту, сұрақ – жауап.

Емен, етік, елік.

Кеспе әріптерден «емен», «етік», «елік» сөздерін құрату.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.

Балта да бар

Сиыр да жоқ

Балға да бар

Қиыр да жоқ

(Б) әрпі

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында наны бар.

(Бидай)

Иесі оның сәби

Әрі төсек, әрі үй. (Бесік)

  • Жұмбақтың шешулері қай әріптен басталады? Б дыбысынан басталатын тағы қандай сөздер білесіңдер?
  • Бидай,бота, балапан, бақа, бөрік,Берік, т.с.с.

Баспа, жазба түрлерін таныстыру. «Б»дыбысына байланысты суретпен жұмыс. «Б»дыбысын жеке оқушыға айтқызу, хормен қайталау, оның дауыссыз екенін анықтау.

Сергіту сәті: «Бақа-бақа»

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы балапанға дыбыстық, буындық талдау жасау: ба-ла-пан.

Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді оқыту, сұрақ қою арқылы оқушылар толық жауап берулерін қадағалау. Мысалы: Балғын мен Берік қайда барды? Неше балық аулады? т.с.с.

Дәптермен жұмыс. Бб әрпін,жолдан ауытқымай түзу отырып үлгі бойынша жазғызу. «Б»әрпіне басталатын сөздер мен сөйлемдер жазғызу.

Бб………

Бала………..

Балық………

Берік балық аулады.

ІҮ.Қорыту.

  • Қандай әріппен таныстық?
  • Бб дыбысы.

  • Тақтада «Берік», «бала», «балапан» сөздерін жазғызу.

    Бота, балапан, балық, бақша, Балғын, Берік, т.с.с.

    Бағалау:

    Үйге.Бб дыбысы бар бетті оқу, дәптерге жазу.

    Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше