Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадр аты.
Ақтау қаласы «Гимназия сыныптары бар №16 жылпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі ТАСЫМОВА ТАЛИҒАТ ИДАЯТОВНА
Тақырыбы:Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпмүшелерді көбейту тақырыбын кеңейте отырып, есеп шығаруда формуласын пайдаланып, өрнекті көпмүшеге түрлендіре білуге және формуланы сөзбен оқи білуге, сонан соң әріптермен өрнектей білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың формуласын пайдаланып, өрнекті көпмүшеге өздігінен түрлендіре білу дағдысын қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Әр оқушының өздігінен еңбектенуге, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлеп-саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті және магнитті тақталар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын реттеп, сабаққа назарын аудару.
- Өткен сабаққа шолу жасау.
- «Формула білеміз бе?»
формуланы жалғастырып жаз және оқы.
(формуланы оңнан солға жалғастырып жаз және оқы.
- Мысал келтіру. «Мен білемін»
- Тест жұмысын орындау.
І-деңгей 1) Көбейткішке жікте:
А) (d-c)(d+c);В) (d-c)(c+c)
2) Көбейтінді түрінде жаз:
А) (у+5)(5-у); В) (у-5)(у+5)
3) Өрнекті ықшамда 2
А) В)
ІІ-деңгей 1) Теңдеуді шеш:
А) (-8;8); В) (-64; 64)
2) Өрнекті ықшамда: (m+
А) (m+1)(m – 9); B) (m+1)(m+9)
ІІІ-деңгей Өрнекті ықшамда: (4+
А) 64 В) 156
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
(а + в)(а+в) көбейтіндісін қарастырайық.
- екенін біліңдер.
- және (2) теңдіктерін сол жақтары бірдей болғандықтан, олардың оң жақтары да тең болуы керек.
Демек,
Тұжырымдама шығар.
1 – мысал: түрінде бірімен екі өрнектің қосындысының квадратын үшмүше түрінде жазайық.
2 – мысал: үшмүшені екімүшенің квадрат ретінде жазайық.
Екі өрнектің айырмасының квадраты мына формуламен беріледі.
Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін пайдаланып өздерің дәлелдеңдер.
Өздік жұмыс
І – деңгей
- Көпмүше түрінде жаз:
- 2)
- Үшмүшені екі мүшенің квадраты ретінде жазыңдар:
- 2)
- Көбейткіштерге жікте:
ІІ –деңгей
1.Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) 2) 2=
ІІІ – деңгей
Тепе – теңдікті дәлелде:
Енді оқушылар жаңа тақырыпты қорытындылай келе «Алтын қақпа» ойынын ойнайық.Бұл ойынға бүкіл сынып қатысады.
«Темір қақпа» сұрақтары.
- Енді өрнектің айырымының квадраты неге тең?
- Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
«Күміс қақпа» сұрақтары.
өрнегін көпмүшеге түрлендір.
«Алтын қақпа» сұрақтары.
Тепе-теңдікті дәлелде:
Үйге тапсырма:
Қысқаша көбейту формулалары тарихын оқып келу.
Оқушылар білімін бағалау.
Ақтау қаласы «Гимназия сыныптары бар №16 жылпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі ТАСЫМОВА ТАЛИҒАТ ИДАЯТОВНА
Сабақтың тақырыбы:Ондық бөлшектерді қосу тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ондық бөлшектерді қосу ережесін және оның қасиеттерін есте сақтап, есеп шығаруда қолдану, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технология элементтерін математика сабақтарына енгізу.
Дамытушылық: Логикалық ой-өрісін, ауызша, жазбаша есептер шығару, қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа баулу, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.
- Үй тапсырмасы.
№1005, №1008
Орам матадан 15,8 м сатылғанда 21,3 м мата қалды. Орам мата алғашқыда неше метр болған?
Шешуі:15,8+21,3=37,1 (м)
Жауабы: Орам мата алғашқыда 37,1 м болған.
№1008 Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып есептеңдер.
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9)
- Өткен сабақты қайталау.
Интерактивті оқыту әдісінің миға шабуыл элементі бойынша үй тапсырмасын ауызша сұрақтар қою арқылы тексеру.
Сұрақтар:
- Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп қалай саналады?
- Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекке айналады?
- Ондық бөлшектер қалай қосылады?
- Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?
- Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
Жауаптар:
І.Ондық бөлшектерді қосу үшін:
1) Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;
2) Ондағы аттас разрядтар бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек;
3) Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.
ІІ.Егер қосылғыштарда ондық таңбалардың саны әртүрлі болса, онда ондық таңбалардың саны аз қосылғышқа қажетті нөлдерді тіркеп жазуға болады.
ІІІ.Ондық бөлшектерді қосқанда қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады.
(қосудың ауыстырымдылық қасиеті)
(қосудың терімділік қасиеті)
Математикалық диктант:
- 2,07
- 14,015
- 2,5+3,4
- 13,4+0,26
- 0,6+0,04
Тест тапсырмалары:
1) Үшбұрыштың қабырғалары 2,2 см, 3,4 см, 2,4 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
А) 8 см В) 7,8 см С) 9,2 см Д) 9,2 см
2) Тиімді тәсілмен есепте:
(5,3+1,2)+2,8
А) 7,8 В) 9,3 С) 9,2 Д) 8,3
3) Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есептеңдер:
А) 3,7 В) 4,5 С) 4 Д) 4,3
Теңдеуді шешіңдер:
Х – 0,5=3,3+4,7
А) 7,7 В) 8,4 С) 8,7 Д) 8,5
5)Дүкенде бірінші күні 2,5 т картоп сатылса, екінші күні одан 0,85 т артық сатылды. Дүкенде екі күнде қанша картоп сатылды?
А) 3,85т В) 5,85т С) 6,05т Д) 4,15т
Жауаптары:
| Тапсырма | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Жауап | А | В | С | Д | В |
Кітаппен жұмыс.
№1011 Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, септеңдер. Жұп цифрларын есептеу.
№1012 Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып, жұп цифрларын есептеу.
№1013. Іле өзені Балқаш көліне құятын ағысы қатты өзендердің бірі. Оның біздің республикамыздың жерінен өтетін ұзындығы 814,75 км, ал республикамыздан тыс жерден өтетін ұзындығы 624,25 км. Іле өзенінің ұзындығы неше км?
А) 1439км В) 1446км С) 1200км Д) 1500км
Шешуі: 814,75+624,25=1439 (км)
Жауабы: Іле өзенінің ұзындығы 1439 км.
№1019. Теңдеуді шешіңдер:
2) у-38,3=8,07+11 4) m-105,3=21,7+0,613 6) R-66,7=0,333+0,965
у-38,3=19,07 m-105,3=22,313 R-66,7=1,298
у=19,07+38,3 m=22,313+105,3 R=1,298+66,7
у=57,37 m=127,613 R=67,998
Т/у: 57,37-38,3=8,07+11 Т/у: 127,613-105,3=21,7+0,613 Т/у: 67,998-66,7=0333+0,965
19,07=19,07 22,313=22,313 1,298=1,298
І деңгей. Ондық бөлшектерді қосу.
Жауаптары: 1) 2,24 2)8 3) 7,294
ІІ деңгей. Шамаларды ондық бөлшек түрінде өрнектеңдер:
- Метрмен: 5м 36см; 7м 4см
- Килограммен: 10кг 327г; 6кг 250г
- Сағатпен: 15мин; 45 мин
Жауаптары:
- 5м 36см=5,36м
7м 4см=7,04м
- 10кг 327г=10,327кг
6кг 250г=6,25кг
- 15мин=0,25сағ
45мин=0,75сағ
ІІІ деңгей. Шығармашылық тапсырма:
Қосындысы 1-ге тең екі ондық бөлшекті жазу.
А) Ондық таңбасы біреу;
Б) Ондық таңбасы екеу;
В) Ондық таңбасы үшеу болатындай.
Мысалы:
А) 0,5+0,5=1
Б) 0,46+0,54=1
В) 0,025+0,975=1
Сабақты бекіту. Есептер шығару арқылы тақырыпты бекіту.
Үйге тапсырма. №1011, 1012 (тақ цифрлар), 1020,2021.
Оқушыларды бағалау.
Ақтау қаласы «Гимназия сыныптары бар №16 жылпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі ТАСЫМОВА ТАЛИҒАТ ИДАЯТОВНА
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриалық прогрессиялардың n-ші мүшесінің
формулалары мен олардың алғашқы n мүшесінің қосындысының формуларын
пайдаланып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық, геометриалық прогрессиялардың анықтамасын, n-ші мүшелерін табу, алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласын және есептердің негізгі
қасиетін шығаруда қолдана білу.
Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, арифметикалық, геометриалық прогрессиялардың өзара айырмашылығы мен
байланысынпайдаланып, логикалық ойлануын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушылардың белсенділігін арттыру, топпен және жеке жұмыстанғанда өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау,тиянақтау сабағы.
Сабақ типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,есептер шығару тест алуда дидактикалық материалдарды ірілендіру,
деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
2. Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталап,қорытындылау.
3. Есептер шығару.
4.Тест алу.
5.Үйге тапсырма беру.
6.Сабақты қорытындылау.
ІІ. Сұрақтарда дидактикалық материалдары ірілендіру технологиясын қолданып қою.
Арифметикалық 1.Арифметикалық прогрессияның анықтамасын
прогрессия. тұжырымдаңдар.
2.Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды?
3.Арифметикалық прогрессияның қасиеті
4.Арифметикалық прогрессияның n-ші формуласы
5.Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.
Геометриалық 1.Геометриалық прогрессияның анықтамасын
прогрессия. тұжырымдаңдар.
2.Қандай санды геометриалық прогрессияның еселігі деп атайды?
3.Геометриалық прогрессияның қасиеті.
4.Геометриалық прогрессияның n-ші формуласы
5.Геометриалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.
ІІІ. Есептер шығару
№1
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 4-ке тең, айырмасы 5-ке теңоның он сегізінші мүшесі нешеге тең
№2
Геометриалық прогрессияның бірінші мүшесі 6-ға, еселігі 2-ге тең, оның үшінші мүшесі нешеге тең.
№3
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 16-ға тең, айырмасы 2-ге тең, оның алғашқы сегіз мүшесінің қосындысын табыңдар.
№4
Геометриалық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 128-ге тең, еселігі 2-ге тең.Оның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңдар.
№5
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 24-ке тең, ал екінші мүшесі мен үшінші мүшесінің көбейтіндісі 60-қа тең болса, оның айырмасы мен бірінші мүшесі неге тең.
№6
Геометриалық прогрессияның бірінші және үшінші мүшесінің қосындысы 15-ке тең, ал екінші және төртінші мүшесінің қосындысы 30-ға тең. Геометриалық прогрессияның еселігі мен бірінші мүшесін табыңдар.
ІҮ. Топқа бөліп тест алу.
| Тобы | Рет саны | Тапсырмалар | Жауаптары | |||
| Берілгені | Табу керек | А | В | С | ||
| А | 1
2 3 |
d | 12
45 36 |
2
90 33 |
-12
102 30 |
|
| В | 1
2 3 |
80
48 1050 |
82
324 210 |
78
320 105 |
||
| С | 1
2 3 |
q | 3
17 |
58 | -3
33 |
|
Ү.Тест жұмыстарын бағалап күнделіктеріне баға қойып қорытындылау.
Үйге тапсырма:
Өткен тақырыптарды, формулаларды қайталау.
