Қазақ халқының казіргі заманғы сәндік қолданбал ы өнері.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,Ойыл селосының Ойыл қазақ орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі: Исмагулова Гүлмира Сериковна.
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының казіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері.
Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу. Өнер туындылары арқылы дағдыларды жаңарту өнерге деген ынтасын, ұлттық сезімін ояту, талғампаздыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Білім іскерлігін бейімдеу нұсқадан қарап сурет салу икемдерін әрі қарай дамыту.
Білімділік мақсаты: оқушылардың білімдерін жүйелендіру, шеберлігін, деңгейін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы есептілігін, кәсіби дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын арттыру.
Сабақ түрі; тренинг сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)
Сабақ әдісі;Топтық жұмыс, практикалық жұмыс, ізденушілік жұмыс.
Сабақ көрнекілігі; Тақта, түрлі суреттер.
Пәнаралық байланыс; Информатика, тарих, еңбек, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы: Сәндік қолданбалы өнер (декоративті) бұл өнер (латынша «dekorare»-әшекейлеу) өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, тұрмыста, еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол тұрғын үйлерді, архитектуралық құрылыс орындарын , алаңды , саябақты әшекейлеу үшін де қолданады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған. Өздерің білетін әшекей бұйымдар (сырға, сақина , т .б.) ұлттық киімде, қару-жарақтар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үйіміз, оның ішінде жиһаздар, ұлттық ыдыс-аяқтар –осының дәлелі «Қол өнер-молөнер»-деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Осы саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар: С. Қасиманов , Ө.Жәнібеков, Х. Арғынбаев, Д. Шоқпаров т. б кездеседі. Сәндік қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де, бейнелеу өнерінің маңызы зор .Қазақ халқының аса сәндік, көркемдік мұралары- талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ол халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді кәзіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер кәзіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден ерекше шығармаларды дүниеге әкеледі. Оңтүстік қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз кілем, алаша, басқұр, баулар жасайды.Кәзіргі заманғы суретшілер тері, ағаш, сүйек өңдеудің ескі технологияларын меңгеруде. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылды. Бүгінгі күні ағаштан жасалған әр алуан ожаулар, былғары торсық, саба, кілем және т.б. бұйымдар біздің үйімізді көркейтіп, жайлылық пен сән береді.
Тақтадағы сабақпен жұмыс жасайтын болсақ қазақтың ең алғашқы суретшісі Әбілхан Қастеевтің сөзімен бастайық
Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен, Ешкінің мүйізінен үйрендім. –деген екен.
Ең бірінші зергерлік бұйымдарға көз салайық әдемі білезік, алқа, сақйналар,түрлі тастармен оюлармен безендіріліп жасалғанын көреміз.Келесі бетте де түрлі зергерлік заттар суреті. Одан кейін әйел адам бас кейімінің түрлерін көреміз түрлі тастармен үкімен безендіріліп жасалғанын көреміз. Ер адамдар бас кейімі де әдемі етіп оюланған.Келесі бетте қазіргі заманғы ер адам, әйел адамның қазақтың ұлттық киім үлгісінің суреті көрсетілген.Ерте кезең киім үлгілері және қазіргі заман киім үлгісінің суреттері.Ары қарай темір ,ағаш теріден жасалған заттар суреті,содан кейінгісінде сол заттарға арналып салынған нотюрморт суреттері. Қол өнердің тағы бір туындыларының бірі сандық түрлері. Қолдан тоқылып өрнектеліп жасалатын заттардың бірі: гобелен, кесте, аяққап суреттері. Киізден басылып түрлі түспен оюланған текемет, киіз түрлері.Қолдан ағаштан тағы да басқа заттардан жасалатын музыка аспаптарының түрлері.Қазақтың қолөнер шеберлерінің суреті, үлкен бір іске дайындық үстіндегі адамдар бейнесі.Қазақ халқының бүкіл әлемге атын танытқан ең үлкен туындысының бірі киіз үй. Киіз үйдің шаңырағынан бастасақ, шаңыраққа ілетін басқұрлармен түрлі баулардың суреттерін көреміз, одан кейін киіз үйдің ішкі көрнісі, әдемі түрлі заттармен безендірілген, әр заттың өзіне сай орны берілген, киімге де төсек , төсеніш, ыдыс-аяқ т.б орындарын тауып өз әсемдігін көрсетіп тұрғандай. Жұмбақтар шешейік.
1 Тұратұғын әр үйде,
Жайлы орын сәбиге.
Шаңғы табан үйшік ол,
Тербететін әрине. БЕСІК
2 Ұзын мойын, екі ішек, Қатар-қатар тепкішек,
Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп. ДОМБЫРА
3 Аттан бйік, қойдан аласа. ЕР ТОҚЫМ
4 Сүйегі оның тор шабақ, Көшсек бұздың бошалап,
Сен де мұны білер ең, Жайлауда егер болсаң-ақ.КИІЗ ҮЙ
Жұмбақтарды шешіп жауаптарын суреттерден көреміз.
Енді сабақ барысында оқушыларға тапсырма берілген, сандық суреттері тақта бетінде көрсетілген суретті қарап бояу түстерін еске сақтап қалып алдарындағы суретті бояу түстерін дәл тауып салу.Суретті тез аяқтап бітірген оқушылар өз бетінше қазақ өнер туындыларын сала береді. Сабақты аяқтау, жақсы салып белсене қатысқан оқушыларды «өте жақсы» бағамен бағалау.
Үйге тапсырма:
Қазақ халқының өнері, сәндік қолданбалы өнерінің туындыларының түрлерін салып , оюлармен безендіріп келу.
