Бауыржан Момышұлы. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қ ызметі.

Сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолдарымен, ерлік күресімен, халқына сіңірген еңбегімен таныстыру, тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі ережесін меңгерту, мәтінде тұйық етістікті ажырату, ҰБТ-ге дайындық ретінде түрлі тестерге жауап беруге жаттықтыру;
  2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, тыңдау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке, шығармашылыққа ынталандыру;
  3. Оқушыларды өз Отанын сүюге, оны қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: портрет, интерактивті тақта, карточкалар, тест сұрақтары

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабақта танысатын тақырыбымыз халқымыздың біртуар перзенті, халық қаһарманы, дара тұлға Бауыржан Момышұлына арналады. Грамматикалық тақырып – «Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі». Сабақ үстінде біз топқа бөлініп жұмыс істейміз. Әр топтың өз капитаны болады. Әр топтың капитаны өз тобының емес қарсылас тобының дұрыс жауаптарын арнайы парақшаға толтырып белгілейді. Сабақ соңында тапсырмаларды қай топ дұрыс орындағанын анықтаймыз. Сабақты мынадай модель бойынша жүргіземіз.
  1. Үй жұмысын тексеру
  2. Өткен тақырыпты қайталау
  3. Жаңа тақырыпты игеруге дайындалу
  4. Жаңа тақырыпты меңгеру
  5. Түсініктілігін тексеру
  6. Білімін бекіту
  1. Үй жұмысын тексеру:
  • Үйге 184 бетте «Мұзафар Әлімбаев» мәтінді мазмұндап келу деген тапсырма берілді. (әр топтан 3 оқушы мәтіннің мазмұнын айтып береді)
  1. Өткен тақырыпты қайталау:
  • Өткен тақырыпты мынадай сұрақтар арқылы тексереміз. Әр топқа төрт сұрақтан беріледі. Сендер өздерін өз топтарынан кім сұрақтарға жауап беретінін таңдайсыңдар.

1 топ

  1. Мұзафар Әлімбаев кім?
  2. Туған жері?
  3. Ақын «Ту тіккен» дастанында кімнің ерлігін шабытпен жырлайды?
  4. Ол 25 жыл нені басқарды?

2 топ

  1. Не үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген?
  2. Қандай жинақтар мен зерттеу еңбектері бар?
  3. Жазушының өлеңдері неше тілге аударылған?
  4. Тұйық етістікті не дейміз?

3 топ

  1. Тұйық етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  2. Етістіктің соңғы дыбысы й аяқталса, у неге айналады?
  3. Етістік п, к, қ аяқталып, у жұрнағы жалғанса, олар қалай жазылады?
  4. Тұйық етістікті анықтаңдар:

Отанды сүю иманнан. Тіл мен ойлау – еңбектің жемісі.

4. Жаңа тақырыпты игеруге дайындық:

  • Бауыржан Момышұлы кім? Ол жөнінде біз не білеміз? (портретке, оқулықтарға назар аударту)

5. Жаңа тақырыпты меңгерту:

  • Бүгінгі сабақта танысатын тақырыбымыз халқымыздың біртуар перзенті, халық қаһарманы, дара тұлға Бауыржан Момышұлына арналады. Грамматикалық тақырып – «Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі».
  • Тұйық етістік сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

Бастауыш: Гүлдендіру – біздің мақсатымыз.

Баяндауыш: Ауырды көтеру үшін оның әдісін үйрену керек.

Толықтауыш: Содан соң әскери міндетін өтеуге шақырылды.

Анықтауыш: Бұл – қашып кетудің айласы.

  • Жаңа сөздермен жұмыс жасайық. Әр топ 4 сөзден алып, сөздердің түбірін анықтап, түбір қай сөз табынан анықтаңдайды.
  • Мәтіннің мазмұнымен танысайық. Әр топтың сөйлеушілер мәтіннің мамзмұнын айтып береді.

  • 6. Түсініктілігін тексеру:

    • Карточкамен жұмыс жасайық.

    1 топ. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазады.

    2 топ. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазады.

    3 топ. «Өтеуге» деген сөзге толық морфологиялық талдау жасайды.

    1. Білімдерін бекіту:
    • Тест арқылы бекітеміз. ҰБТ-ге дайындық ретінде түрлі етістіктерге жауап беруге үйренеміз.

    I. Дұрыс жауабын таңдау тесті.

    1. Бауыржан Момышұлы кім?

    А) жазушы ә) ұшқыш б) саяхатшы

    1. Қандай марапат алды?

    А) «Шапағат» ә) «Халық Қаһарманы» б) «Алтын қыран»

    1. Нешінші жылы соғысқа аттанады?

    А) 1941 ә) 1942 б) 1943

    II. Баламалы (альтернативті) тест.

    1. Бауыржан Момышұлы Кеңестер Одағының батыры атағын алды?

    А) жоқ ә) иә

    1. 1956 ж. полковник атағымен отставкаға шықты?

    А) иә б) жоқ

    1. Қазақтың әскери әдебиетінің атасы атанды?

    А) иә б) жоқ

    III. Толықтыру тесті.

    1. Туған жері …
    2. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін …
    3. Б. Момышұлының атақ-даңқы, батырлығы …

    IV. Сәйкестендіру тесті.

    1. Тұйық етістік 1. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері
    2. Б. Момышұлы 2. Қызметтер атқарады
    3. Ол батальон, полк командирі 3. Табу, сүю, ойлау
    • Тестерді тексерейік.
    1. Қорытынды:
    • Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық? Сабақта не істедік? Б. Момышұлы қандай адам болғанын айтуға болады?

    Үйге тапсырма: 188 бетте мәтінді сұрақтар бойынша мазмұндау.

    1. Бағалау, қоштасу:
    • Сонымен сөз кезегі капитандарда. Кімдер ең көп тапсырмаларды дұрыс орындады? Бәріміз де дұрыс жауап беріп, жақсы жұмыс жасадық. Достық жеңді деп сабағымызды аяқтайық.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше