Қайталау сабағы.
Сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың «Мектеп. Синонимдер. Антонимдер. Омонимдер» тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеріп, бекіту, лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды тез арада орындауға жаттықтыру;
- Оқушылардың белсенділігін, таным, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ауыз екі сөйлеу, жазу тілін дамыту;
- Өз мектептеріңді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, карточкалар, суреттер
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Қолданылатын әдістер: баяндау, әңгімелесу, көрнекілік
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
- Үй жұмысын тексеру:
- 26 бетте 6-тапсырма жазбаша, 4-тапсырма өлең жаттау.
- Қайталау сабағы:
- Балалар, бүгінгі сабақ қайталау сабағы болады. Қайталайтын лексикалық тақырып: «Мектеп», грамматикалық тақырып: «Синонимдер. Антонимдер. Омонимдер». Сабақ кезінде орындалатын тапсырмаларды мұқият түрде, қатесіз орындаймыз. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін өздеріңе жетон жинайсыңдар. Үстелдерінде жатқан жетондарды ала отырып, кім көп жетон жинаса, сабақ соңында сол оқушы өте жақсы бағаны алады.
- Бірінші орындалатын тапсырма арқылы біз өтілген тақырып бойынша сөздік қорымызды тексереміз. Яғни, қазір біз сөздік диктантын жазамыз. Мен сөздерді орысша оқимын да, ал сендер оның аудармасын дәптерге үтір арқылы жазасыңдар. Сөздік диктанты.
Школа, учитель, ученик, понятие, культурный, этаж,вечно, активный, грамотный, обязанность.
- Жақсы, ал кәненекей тексерейік. Бір оқушы оқиды, қалғандары текесереді. Кімде қатесіз жазылса немесе 1 қатесі ғана болса, ол оқушы өзіне бір жетон алады.
- Екінші орындалатын тапсырма «Сөйлемді аяқта». Бұл тапсырма арқылы біз сөйлемдерді дұрыс, мағыналы түрде толықтырылуын, қатесіз жазылуын тексереміз.
Мен ……….. 5 сыныпта оқимын.
……… үш қабатты.
Ол ………….. көшесінде орналасқан.
Мектеп ……………. .
Мектепте ……………………. бар.
Ауласы ……………….. .
…………….. пән кабинеттері бар.
- Жақсы, тапсырманы тексерейік.Бір оқушы оқиды, қалғандары текесереді. Кімде қатесіз жазылса немесе 1 қатесі ғана болса, ол оқушы өзіне бір жетон алады.
- Үшінші тапсырма суретті пайдалана отырып, сұрақтарға ауызша жауап берейік. Енді өз тілдерімізді ауызша сөйлетеміз. Қазақша дұрыс, қатесіз сөйлеуге дағдыланайық. Әр сұраққа дұрыс жауап бергені үшін бір жетон аламыз.
- Сен қай мектепте оқисың?
- Мектеп қай көшеде орналасқан?
- Мектеп неше қабатты?
- Мектеп қандай?
- Мектепте нелер бар?
- Ауласы қандай?
- Қандай пән кабинеттері бар?
- Демалайық, сергіту сәтін жасайық.
«Тұрыңдар,
Отырыңдар,
Жүріңдер,
Жүгіріңдер.
Көз көреді.
Құлақ естиді.
Мұрын дем алады.
Саусақ жыбырлайды.
Қол қимылдайды.
Аяқ жүреді».
- Жарайсыңдар, жақсы демалдық. Келесі төртінші тапсырмаға көшейік. Бұл тапсырма карточкамен жұмыс аталады. Осы тапсырманы мұқият түрде орындаймыз. Ережелерді еске түсіреміз. Бұл тапсырма арқылы мен сендердің грамматикалық білімдерін тексеремін.
- «Ұстаз» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
- Синонимдерге мысал келтір.
2.«Мектеп» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
- Антонимдерге мысал келтір
3.«Оқушы» сөзді тәуелде.
- Омонимдерге мысал келтір.
- Кәнекей тексерейік. Кәм оқиды? Үш оқушы оқиды. Кімде қатесіз жазылса немесе 1 қатесі ғана болса, ол оқушы өзіне бір жетон алады.
- Тағы бір сәт демалайық. Бесінші тапсырмамыз «Сөзжұмбақ». Сөзжұмбақты шешейік. Ойымызды ашып, есімізді кішкене жыбырлатайық. Бәріміз тақтаға назар аударайық.
- Ұстаз сөзінің синонимі.
- Төбе сөзінің антонимі.
- Тілсіз мұғалім.
- Оның үстінде біз бормен жазамыз.
- Мектепте, үйде оны біз ашамыз, жабамыз.
- Оқушы құралы.
- Әр дұрыс табылған сөзі үшін өзіңе бір жетон алуға ұмытпаңдар.
- Сабағымызды қорытындылай отырып келесі тапсырмаға да жетіп келдік. Келесі алтыншы тапсырма шығармашылық тапсырма. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» тақырыпты ала отырып, өз мектептеріңді саласыңдар. Бұл тапсырмада сендер өздеріңнің шығармашылық қабілеттеріңді көрсете аласыңдар. Сендердің алдарында альбом қағазы, түрлі түсті фломастерлер, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы жатыр. Соларды мұқият түрде пайдаланыңдар.
- Бұл тапсырманы орындағаны үшін әрқайсысыларын өздеріңе бір жетоннан аласыңдар.
- Жақсы, өздеріміздің суреттерімізді көрсетейік. Сурет галлереясын жасайық. Жарайсыңдар.
- Қорытынды:
- Сабақта қандай тақырыпты қайталадық? Қандай ережелерді қайталадық? Сабақ барысында қандай жұмыстарды орындадық? Сабақ ұнады ма? Егер ұнаса, мынадай қосуларды алып, мектеп тақырыбында салынған сурет галлересының қасына іліп қойыңдар.
- Үйге тапсырма жазып қойыңдар: мектеп туралы бір өлеңді тауып жаттап келу.
- Жетондарды санайық. Кімде нешеу?
- Бағалау, қоштасу.
