Баяндама

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үйсіндерде шаруашылық пен кәсіптің түрлі салалары – мал шаруашылығы, егін шаруашылығы болғандығын, металл өндіріп, одан әшекей бұйымдар, саз балшықтан түрлі ыдыс-аяқтар жасағандығын түсіндіру.Қазіргі шаруашылық түрлерімен салыстыру. Қосымша дерек көздері арқылы білімдерін толықтыра түсу.

Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру. Өз ойларын қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке, үлгі тұта білуге, бірлікке, адамгершілікке, ерлікке, қасиетті мұраларымызды бағалай білуге, өз ұлтымен мақтана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы туралы слайдтар, билет-карточкалар, тест, қосымша тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар мұражайға кіру үшін кассадан билет алады. Билетке сұрақ жазылған. Балалар осы сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап берулері керек. Жауап толық берілгеннен кейін оқушылар мұражайға өте алады. Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша құрастырылады.

  1. Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 4 ғасырдан бастап кездеседі. – ( б.з.б. 2 ғ.)
  2. Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрды. +
  3. Үйсіндердің ордасы Қызыл Аңғар қаласы. +
  4. Үйсіндердің басшысын патша деп атаған. –( гуньмо)
  5. Үйсін тайпаларының негізгі мекендеген жері Жетісу. +
  6. Ертедегі қытай деректерінде көрсетілгендей, үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақшамен де шұғылданған.- ( шұғылданбаған) шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүрген.
  7. Томиристің ұлы Спитамен.- ( Спаргапис)
  8. Сақтарға б.з.б. 530 жылы А.Македонский шабуыл жасаған. – (Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді)
  9. Үйсіндердің шығу тегі туралы жазған Сыма Цянь. +
  10. Үйсіндердегі тайпа көсемдері мен ұсақ ру басыларын түменбасы деп атаған. – ( бектер)
  11. Үйсіндер қоғамында теңсіздік қалыптасты. +
  12. Балшық және тас мөрлерді ауқатты адамдар қолданған. – ( қатардағы адамдар)

Өлең сөздерін оқып, сақтар бойынша қайталап шығу.

Қадам бас алға сүрінбей Ағаға тыныс іні еді

Болашақ кілті-білімде Тарих өткеннің үні еді

Қандай мағына береді Сақ әйелінің ерлігін

«Сақ» сөзі парсы тілінде құдіретті еркектер Сипаттап берген кім еді?

Помпей трог

Басынан кешкен шақтарды Бел-белестен асады,

Тарихшы тізіп ақтарды Өр сақтардың жасағы

Кімдер деп тағы атайды Тиграхауда сақтары

Грек Геродот сақтарды массагеттер Қай жерді мекен жасады? Жетісу

ІІІ. Жаңа тақырып

1 зал: Үйсіндердің мал шаруашылығы ( слайд)

Үйсіндер мемлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өндеуді кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қашықтығы – 30-100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт, малдың жұқпалы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге мәжбүр болды.

Тапсырма: «Жалғасын тап»

Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының …………

Мойынқұм мен Балқаш өңірлеріндегі қыстаудан шыққан мал жаз басталысымен ………

Бұл аймақта жайлау мен қыстау аралары онша қашық емес, ………..

Үйсіндер далалы аймақтан ……

Қытай жазбаларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек …………»

Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде ……

2 зал: Егіншілік пен отырықшылық ( слайд)

Үйсіндердің бір бөлігі егіншілікпен де шұғылданды. Егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдейді.Деректер бойынша үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Бау-бақша, дәнді дақылдар өсірген.

Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазбалар жүргізген ғалымдар бірнеше көне қаланың орнын тапты. Бұл отырықшылықтың дамығанын көрсетеді.

1- тапсырма: «Тарихи мозаика» берілген сөздерден сөйлем құра

Құрал-саймандар, егіншілікте, жұмысы, тас кетпен, қола орақтар, қазба, тастан жасалған дәнүккіштер, кезінде, пайдаланылатын, табылды, түрлі.

Қазба жұмысы кезінде егіншілікте пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар: тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды.

2-тапсырма: Үйсіндердің тұрғын үйлерін суретте.

3-зал: Түрлі кәсіпшілік ( слайд)

Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық өнері арқасында күнделікті тіршілікке қажетті киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі де өрістеген. Мата тоқу үшін қарапайым, кәдімгі «өрмекке» ұқсас тоқыма кермесі қолданылған.

Тапсырма: Сәйкестендіру. Бұйымдарды тиісті кәсіп түрімен сәйкестендір

  1. Зергерлік ісі А) Тостаған мен ожау
  2. Қыш ыдыс жасау ісі Ә) Аяқ киім
  3. Ұсталық ісі Б) Түймелер, түйреуіштер
  4. Ағаш ою, қашау В) Сақина, білезік
  5. Сүйек ою, қашау Г) Киіз басу
  6. Тері илеу Д) Құмыралар, ыдыстар
  7. Тоқымашылық Е) Балта, орақ, пышақ

IV. Бекіту

«Бәйге» ойыны арқылы қорытындылау

  1. Үйсіндер тайпа көсемін қалай атаған? гуньмо
  2. Үйсіндердің астанасы болған қала? Қызыл Аңғар
  3. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? Ыдыстар, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киім-кешектер
  4. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? Шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйып қалады
  5. Үйсіндерде жайлау мен қыстау аралары қанша шақырым болған? 20-100 шақырым

Тест

  1. Ертедегі Қытай жазбаларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?

А) Б.з.б. III ғ.

В) Б.з.б. II ғ.

С) Б.з.б. I ғ.

Д) Б.з.б. IV ғ.

  1. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстау, қоныстың аты.

А) Ақтас

В) Шу өңірі

С) Талас бойы

Д) Іле аймағы

3.Қазба жұмыстары кезінде үйсіндер егіншілікте пайдаланған қандай құрал-саймандар табылды?

А) Қола орақтар

В) Темір кетпен

С) Мыс балта

Д) Тас шапқы

  1. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызды?

А) Ағаштан

В) Шикі кірпіштен

С) Тастан

Д) Құмнан

  1. Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған?

А) Тал

В) Қайың

С) Тобылғы

Д) Қарағай

6.Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары:

А) Саздан жасалды

В) Былғарыдан жасалды

С) Қыштан жасалды

Д) Әр түрлі заттардан жасалды

  1. Үйсін шеберлері түйме,түйреуіш пен ілгектерді әзірледі:

А)Темірден

В) Сүйектен

С) Тастан

Д)Қоладан

  1. Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп:

А) Мата тоқу

В) Жібек өндіру

С) Тері өңдеу

Д) Үй кәсіпшілігі

9.Үйсін шеберлері жұмырлағыштарды істеді:

А) СүйектенС) Тастан

В) Темірден Д) Қайыстан

  1. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан:

А) Арнайы шеберлер С) Басқа ел адамдары

В) Тұтқындар Д) Әйелдер

V. Үйге тапсырма: параграф 17 мазмұндау

«Үйсін қоғамындағы адамдардың бір күні» тақырыбында эссе

VI. Қортынды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше