Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Астана қаласы
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияcының
Бастауыш сынып мұғалімі
Курмангалиева Гулнур Мирашовна
| Сабақтың тақырыбы | Қарама-қарсы мағыналы сөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мақсаты | Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы түсіну | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Оқу нәтижесі |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сілтеме: | Қазақ тілі:Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. /Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова – Алматы: Алматыкітап баспасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ түрі | Жаңа білім беру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың әдісі | сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, СКО әдістері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың типі: | дәстүрлі емес | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың көрнекілігі | кесте, жұмыс дәптері, суреттер, слайдтар, үлестірме парақшалары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | өзін-өзі тану, дүниетану, әдебиеттік оқу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тапсырма көздері | Жеке
6. Дәптермен жұмыс 11. Үйге тапсырма 12. Бағалау |
Топтық
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Топқа бөліну 3. Қызығушылығын ояту 5. Ережені шығару. 7. Оқулықпен жұмыс 8. Сергіту сәті 9. Топтық жұмыс 10. Кері байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың барысы
Мағынаны тану Сергіту сәті Ой толғау |
Ұйымдастыру. (Көңіл-күй көтеру)
Біз бақытты баламыз, Күнде “бестік” аламыз Жалқаулықты тастаймыз Жаңа сабақ бастаймыз Біз____баламыз, Бүгін неше аламыз? 1-керегі жоқ 2-керегі жоқ 3-керегі жоқ 4-орташа 5-тамаша! Қызығушылықты ояту Кіріспе сөз: -Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі бізге қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарымызға өз білімімізді көрсетейік. -Балалар, желтоқсан айы біздің еліміз үшін ерекше ай. Неліктен деп ойлайсыңдар? Қандай мерекелер бар? -Ендеше бүгінгі сабағымызда Елбасымыз бізге құпия сөйлемді шешуге тапсырма беріпті.Сабақ барысында берілген тапсырмаларды шеше білсек, құпия сөйлемді оқи аламыз. -Ендеше сәттілік тілеймін! Топқа 1-жаттығудағы суреттерді таңдау арқылы бөлінеді.
Үлкен-кіші, биік-аласа, қалың-жұқа, тез-ақырын Осылайша қарама-қарсы мағынадағы сөздердің мағынасы ашылады. Оқушылар ережені өздері шығарады. Тілімізде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады. Олар антонимдер деп аталады. Әртүрлі мағыналыМәндес Қарама-қарсы 1 құпия сөз:Тәуелсіздіктің Дәптермен жұмыс Күннің реті. Көркем жазу. Ж ж желтоқсан Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Көркем етіп жазайық Оқулықпен жұмыс 2-жаттығу.Мақалдарды көшіріп жазу, мағынсын түсіндіру. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, астын сызу. Озған-мұрат, Қалған-ұят. Игіліктің ерте-кеші жоқ. Мұрат сөзіне сөзсазындық талдау жасау. Мұрат 1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай – жуан буынды сөз.Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар. 2. Бұл сөз: мұ – рат болып екі буынға бөлінеді.Себебі, сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Мұ буыны – ашық буын.Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.-ратбуыны – бітеу буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан бастылып,дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр. 3.Бұл сөз: Мұ- болып бір жағдайда тасымалданады. рат Себебі, сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған. 4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты.сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады.Сондықтан бұл сөзде екпін рат буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр. 5. Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі, бұл түбір сөз. 6. Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ. Себебі, түбір сөз. 2-құпия сөз:туы Аспанға қарап ай көрдік, Төменге қарап жер көрдік. Оңға,солға бұрылып, Егеменді ел көрдік. (қарама-қарсы сөзбен жаттығу қимылын көрсету оңға-солға) Бұл қай ел? Әрине, Қазақстан. 3-жаттығу. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу. Тар қону Жас қатты Қалың қысқа Кіру жұқа Көшу кәрі Жұмсақ кең Ұзын шығу Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жазу. Құраған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау. Мысалы: Оқушылар сыныпқа кірді. I.Синтаксистік талдау: I.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар.Ол – нүкте (.).Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. I.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем.Себебі, баяндай жеткізіліп тұр. I.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем.Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. 3-құпия сөз:мәңгі 4-жаттығу.Жұмбақтарды шеш және көшіріп жазу. Жазғы киімі жасыл, Қысқы киімі ақшыл. (Жер) Күндіз көрінбейді, Түнде күлімдейді. (Ай) Жасыл сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру. Берілген: жасыл = О = / = ? 2 (а,ы) дауысты О Шешуі: жасыл = 5О = 3 (ж, с, л) дауыссыз О 4-құпия сөз: желбірей Топпен жұмыс: І топ: Мақалдарды толықтыру ….басқа қарайды, …. аяққа қарайды …. бір рет өледі, …. мың рет өледі. Керекті сөздер: қорқақ, дос, батыр, дұшпан ІІ топ: Сәйкестендіру тесті Арзан тар Ақ жаман Жақсы жақын Жылы қара Алыс қымбат Кең суық ІІІ топ: Сөзжұмбақ шешу 1. Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем қалай аталады? 2. Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізуді не деп атаймыз? 3. Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, сөздің соңындағы бір немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді не дейді? 4.Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі және …… болады. 5. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша не болады? 6. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады? 7. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін қалай аталады?
IVтоп: Артық сөзді табу.Алыс, таза, лас. Аласа, қара, биік Тілалғыш, сыпырғыш, тілазар Жаман, дымқыл, жақсы Қорытындылау –Оқушылар бүгінгі сабағымыздан не түйдіңдер? -Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Код арқылы диктант алынады. Код арқылы диктант
Аты:___________ Қатесі:________Бағасы:_________ Сөйлемдер оқылады: 1.Айсұлу әдемі, сұлу қыз. 2.Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. 3.Үйге кір, Жуамыз кір. 4.Көп біл,аз сөйле. 5.Бұтарлап талды, Қолымыз талды. 6.Ана-қадірлі, қымбатты жан. Кері байланыс Бүгінгі сабақ ұнаса «Алақай!» деген смайликті көтересіңдер. Ұнамаса «Әттеген-ай…!» деген смайликті көтересіңдер 5-құпия сөз: берсін! Оқушылар қандай сөйлем шықты? Тәуелсіздіктің туы мәңгі желбірей берсін! Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Сендер тәуелсіз елдің бақытты ұрпағысыңдар.Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.Сондықтын да еліміздің мәртебесін де, туын да жоғары көтеретін сендерсіңдер. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.101 бет.Мәтінді оқу. Қарамен жазылған сөздердің орнына қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, мәтінді көшіру. Бағалау: сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларға жалаушалар үлестіріледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
