Жамбыл Жабаев (1846-1945) «Жыр алыбы-Жамбыл»
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы:Жамбыл Жабаев (1846-1945)
«Жыр алыбы-Жамбыл»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жұз жасаған алып ақын Жамбылдың өміріне мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа ,асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге ,мәнерлеп оқуға ,ізденіп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың типі:Жаңа сабақ.
Сабқтың әдісі: «Сәйкестендіру», «Мағынаны тану», «Ой қозғау», «Жоба қорғау», «Ұлылар ұлағаты», «Сауаттылықты ашатын хат», «Автопортрет»,сұрақ-жауап,талдау,іздену ,т.б.
Көрнекіліктері:Б.Момышұлының суреті,интерактивтік тақта, «Аңыз адам» 2011 №9 қараша
Пәнаралық байланыс: Тарих,музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу,сабақтың мақсатын хабарлау, ерекшелігін түсіндіру.Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Сәйкестендіру
| 1.«Ана тілі», «Домбыра», «Жастар ұраны», «Ленинградтық өрендерім» т.б.
2.1894 жыл 14 мамыр 3.Алматы облысы, Ақсу ауданы 4.1928 жыл «Сағанақ»жинағы 5. «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер».т.б. |
-І.Жансүгіровтың туған жылы
-І.Жансүгіровтың тұңғыш жинағының аты, қай жылы шыққан? -І.Жансүгіров өлеңдерін тап. -Ақынның поэмаларын тап. – І.Жансүгіровтың туған жері. |
ІІІ. «Мағынаны ашу» бөлімі
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын оқушылар көмегімен ашу
-Оқушылар !Мен бір өлеңнен үзінді оқимын.Сол үзінді қай ақынның өлеңі, қалай аталады?
-Енді оқушылар бейне таспаны тамашалайық.
-Сонымен оқушылар өлеңнің кімдікі екенін таптық,бейнежазба кім туралы екенімен таныстық.Олай болса бүгінгі сабағымыз кім туралы деп ойлайсыңдар.
-Жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жыр алыбы-Жамбыл!».Ақынның бүрынғы сыныптарда өткен өлеңдерін есімізге түсірейікші.(Ақынныңбүрынғы сыныптардағы өлеңдерін айтқызып,мәнерлеп оқыту).
ІV. “Жобаны қорғау» бөлімі
Мақсаты:Оқушыларға өздері ізденіп,дайындап келген материалдарын оқыту.
- Жамбыл Жабаев өмірі туралы.
-
Ақындығы.
3.Айтыстары туралы.
4.Ақын ата ұрпақтары жайында.
V. «Ұлылар ұлағаты» бөлімі.
Мақсаты: Интерактивтік тақта арқылы ақын-жазушылар лебізін тыңдау
VI. «Сауаттылықты ашатын хат» бөлімі
Мақсаты:Оқушыларға ақын ата аруағына арнап хат жаздыру.Жамбылдың Абайға жазған хатын оқу.
VIІ. «Автопортрет» бөлімі.
Мақсаты:Жаңа сабақты қорытындылау.
| Сұрақтары | Жауаптары |
| 1.Ақынның аты-жөні,туған жылы?
2.Туып-өскен жері? 3.Қандай өлеңдерін білесіңдер? 4.Қандай дастандарын білесіңдер? 5.Ата ұрпақтарынан кімдерді білеміз? |
|
| Тұжырым: | Ж.Жабаев-әрі эпик,әрі айтыс ақыны ,жауынгер жыршы,ХХІ ғасыр Гомері. |
VIII. Үйге тапсырма:
1.«Ұрпақ парызы, тілегі» тақырыбына ой толғау жазу
2.Ақын айтыстары мен дастандарын оқу.
IX.Бағалау:
