«Сәулелі жұлдыз іздеген адам »
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әбуова Орынша Сақтағанқызы.
Сыныбы:10 Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы : «Сәулелі жұлдыз іздеген адам »
( Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы)
Сабақтың мақсаты :Білімділігі:Ы.Алтынсарин туралы мәліметтер беру үшін оқушылармен біріге отырып,бұрыннан білетіндерін еске түсіру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Шығармаларының идеялылығына назар аударту. оқушылардың пікірін,өзіндік тұжырымдарын тыңдау,сезім ұщқырлығы мен сөз өнеріне құштарлығын жетілдіру;
Тәрбиелігі: Оқушыдан жеке тұлға қалыптастыру үшін өзіндік ой пікірлерін еркін айтуға,бірін бірі бағалай білуге ,өзінің және өзгенің еңбегін біліп қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылығы: Танымдық қызығушылықты арттыру ,ой талдауға бейімділігін,өзіндік сын,көзқарасын дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыру.әлеуметтік белсенділігінің артуына жол ашу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ (танымдық сабақ)
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау, мағынаны тану, топтастыру, салыстыру,эссе жазу, автор орындығы,)
Сабақтың көрнекілігі:Кітаптар, интерактивтік тақта, семантикалық карталар,бағалау парақшалары, т.б.
Пәнаралық байланыс:Тарих,география
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау
Үйге берілген тапсырманы сұраймын .
1.Ш.Уалиханов қай жылы дүниеге келді?
2.Шоқан қай жерде туып өскен?
3.Қандай жан ұяда дүниеге келді?
4.Оқып білім алуы.
5.Шоқан өмір сүрген шақтағы қоғам туралы,қазақ елі
туралы не айтасың?
- Шоқанның қандай зерттеулерін білесіңдер?
7.Ш.Уалихановты не себепті аққан жұлдыз деп атады?
ІІІ.Мағынаны ашу
А).«Кел,балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ә).Сұрақ-жауап:1.Бұл кімнің өлеңі?
2.Ы.Алтынсарин кім?
3.Сіздер өздеріңіз бұрыннан жақсы білетін Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?
ІҮ. Топтастыру:
1).Өмірі.
1841 жылы Ақын Жазушы
Қостанай облысы Торғай мектебі
1864жыл
Алғашқы ұстаз Аудармашы
«Қазақ хрестоматиясы» 1879жыл
2). Шығармашылығы.
Өлеңдері Әңгімелері
Аудармалары Мақалалары
Ү.Сен білесің бе??
(Туған жеріне саяхат)
1.Қазақстан картасын көрсету.
2.Қостанай облысының картасын көрсету.
ҮІ.Ұлылар ұлағаты
(Әріптестерінің пікірлерін тыңдау).
«Абай мен Ыбырайдың жасаған өмір кезеңдерінде де көп алшақтық жоқ, төрт-бес жыл ғана айырма бар. Әлеуметтік-саяси өмірдің ұқсас бірлігі де олардың таным-талғамының бір бағытта өрістеп дамуына қолайлы жағдай жасаған» М. Әуезов
«Ы.Алтынсариннің мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсіне білді….» Ф.Д.Соболов
ҮІІ.Салыстыру
| Ы.Алтынсарин | Салыстыру | Н.Назарбаев |
| Қостанай облысы
1841 жыл |
Қай жерде,қашан туды? | Алатау баурайы,Ұшқоңыр баурайы 1940 жыл. |
| Атасы Балқожаның тәрбиесі | Білім алулары | Қаскелең орта мектебі |
| Қазақ халқын сауаттандыру | Ұстанымдары | Қазақстан халқын бәсекелес елдер қатарына көтеру |
| Алғашқы ұстаз | Жеткен жетістіктері | Алғашқы президент |
ҮІІІ. Сабақты бекіту. «Автор орындығы»
| Б і л і м д і б е к і т у | |
| А
В Т О Р О Р Ы Н Д Ы Ғ Ы |
С ұ р а қ қ о ю ш ы |
| Ж а у а п б е р у ш і | |
| С а р а п ш ы | |
ІХ.Семантикалық карта №1
| Өлеңдерінің
аты Үзінділер |
Кел , балалар, оқылық | Өзен | Шешенің балаларын сүюі. | Өнер, білім бар жұрттар |
| Мал істейтін жұмысты,
От пен суға түсірді |
||||
| Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар. |
||||
| Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп,ойнатып , сергітетін. |
||||
| Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады. |
Семантикалық карта №2
| Өлеңдерінің
аты Үзінділер |
“Бір уыс мақта” | “Асыл шөп” | “Әке мен бала” | “Бай баласы мен Жарлы баласы” |
| Әкесі үндемеді,тағаны өзі иіліп алды да,жүре берді. | ||||
| Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым. | ||||
| Манағы мақтаның қиқымын
бір торғай алып кетті. |
||||
| Біраз жерге өткен соң сүрлеу екі айырылды |
Х. «Талап қыл артық білуге»
Оқушылар бір –біріне сұрақ қою арқылы білімдерін тексереді.
ХІ. «Мен алғашқы ұстаз болсам».
(эссе жазы)
ХІІ.Үйге тапсырма
1.Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқу.
- «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» әңгімелерін оқу
ХІІ.Бағалау:
| Ой қоз-ғау | Мағы-наны ашу | Топтас-тыру | Ұлылар ұлағаты | Салыс-тыру | Сабақты бекіту | Семан-тика-лық карта | Талап қыл
артық білуге |
Эссе жазу |
