Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№83 орта мектебі математика пәнінің мұғалімі
Еңсепова Сара Махамбетжанқызы
Оқушының білім мен білігін, талабы мен талғамын ұштауда, өзіндік ізденісін қалыптастыруда мұғалімнің алар орны ерекше.Оқушының мұғалімнен үйренері көп, сондықтан олар мұғалімге, оның әрбір сабағына сын көзбен қарайды. Оқушыларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы керек. Сондықтан, мұғалім үнемі ізденіп, жаңашыл болуға және әрдайым өз білімін жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруге тиіс. Осындай мақсатпен, мен, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын оқу барысында Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ мен Кембридж университетінің әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемесін оқып үйрендім. «Сындарлы оқыту теориясын» игере отырып, бағдарламаның негізгі идеяларын өзімнің іс – тәжірибемде жүзеге асырып келемін. Жаңа әдіспен дайындалған қысқа мерзімді жоспарды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Сабақтың мақсаты: Ұқсас қосылғыштар ұғымымен танысып, ұқсас қосылғыштарды біріктіруді
үйренетін болады.
Күтілетін нәтиже:.
Ұқсас қосылғыштар ұғымымен танысады, ұқсас қосылғыштарды біріктіруді үйренеді.
Сабақтың әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, «Қоңыраулы сұрақ»,«Серпілген сауал» әдістері, постер қорғау, «Математикалық домино», «Баскетбол», «Нысана көздеу» ойындары, кеңейтілген тапсырма.
Бағалау: Критерий белгілеу арқылы, баллдық жүйемен бағалау, көңіл-күй нышандарымен бағалау, мадақтау, кері байланыс.
