6-ны көбейту, бөлуді пысықтау

Ашық сабақ.

Тақырып: 6-ны көбейту, бөлуді пысықтау

Мақсаты. –Санды 6–ға көбейту және бөлу тақырыбынан алған білімдерін

тиянақтау.

-Оқушылардың ой- өрісін, ақыл-есін дамыту.Тапқырлыққа ,

ізденімпаздыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

-Дені сау ХХ‌Ị ғасыр азаматын тәрбиелеу. «Салауаттылық -өмір

салты » мағынасын ашу.

с/ түрі : қайталау

әдіс: ойын, сұрақ- жауап, ізденушілік

пән. б/с: ана тілі, халық тағылымы, д/шы

к/к слайд, үлест. тап-р,

Саб. барысы

‌Ị. Психологиялық дайындық

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

Ị Ị. Өткенге шолу.1. Ойын «Көбейту, бөлу»

  1. Былтырғы өткен Азиада ойындары жөнінде шағын

кіріспе.

-Соған байланысты біздің Затоболда не ашылды ?

  • Сендерге қысқы спорт ойындары ұнайды ма?
  • Қандай қысқы спорт ойындарын білесіңдер?

-Олай болса біз бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін

ойнаймыз.

-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуі «Қазақстан-2030»

страгетиясының бір тармағы «Салауаттылық- өмір салты».

бағытында жас жеткіншектерді ХХ‌Ị ғасыр індеті СПИД ,темекі, нашақорлықтан сақтандыруға, спортпен шынығуға, яғни денсаулықты қорғау, оның алдын- алу шараларын жүргізуге бағытталған.

Сондықтан, дені сау, ақыл-есі дұрыс азамат пен азаматшалар болу үшін спортпен шұғылдануымыз керек.Әр тапсырманы орындап, ойын түрімен танысып, ойнап болған соң әрбір ойынның артында мақал-мәтелдер, жұмбақ, өлеңдерді оқимыз

Ị Ị Ị Тақырып б/ а жұмыс

1-с. «Аққала соғу»

А) 6 дм =…см ә)36 : 6 б) 8 х 6 в) 48 :6

6 х 7= 42 : 6 9 х 6 54 :6

Өлең Қатар- қатар тізілді үй,

Алақай, айқай, күлкі ылғи.

Күлді бірге аққала,

Ерінбесең бар, қара!

Мақал: «Спорт – жігер, спорт – бірлік»

2-с «Шанамен сырғанау» № 3 Өзара б/ы сандармен теңдіктер құрастыру.

(кезектесіп 5-6 өрнек жазады.)

Өлең: Көңіліміз қаласа

Сыртқа шығып таласа

Шана теуіп ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша.

Мақал: «Шынықсаң- шымыр боласың»

3-с. «Шаңғы тебу» № 4

Өлең: Зулайды зырқырап,

Маңдайдан тер бұрқырап.

Шаңғым асар шаршамай,

Бір қыраттан, бір қырат.

Мақал: «Дене қимылы – дәрісіз ем .

Шыныға жүріп дертті жең»

Сергіту: Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға- солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

4-с. «Коньки тебу» № 6 Сурет б/а есеп құрастыру

Өлең. Тағып алып коньки біз,

Кешке мұзда қалқимыз.

Қызған сайын денеміз,

Қиғаш- қиғаш тебеміз

Мақал: «Ішпеген, шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген»

5-с «Хоккей ойыны» 4-5 балаға жеке тапсырмалар беріледі

Ауызша есептеулер.

-Бір үйдің 20 тауығы және одан 2-уі артық үйрегі бар. Бұл үйде қанша үйрек бар?

  • Сәуле 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді.Сәуле неше қаз балапанын өсірді?
  • Дүкенге 18 кг тауық еті және 9 кг қаз еті түсті. Тауық еті қаз етінен неше есе артық?

  • -Бір бөшкеде 70 литр , екінші бөшкеде 50 литр бензин бар. Барлығы неше литр бензин бар?

    • Салтанат кітаптың 18 бетін оқыды. Ал, Азамат 9 бетін оқыды.Салтанат Азаматқа қарағанда неше бет артық оқыды?

    Өлең. Хоккей, хоккей

    Мұз айдынның қызығы ғой қыстай бір.

    Құлап бара жатып та,

    Ұшып бара жатып та,

    Таяғыңды ұстай біл.

    Жұмбақ шешу. Түтіні кермек,

    Жалқауға ермек.

    6-с «Мәнерлеп сырғанау» №7 Өздік жұмыс Разрядтық қос-ң қосындысы

    Өлең. Сырғанайды екеуі

    Мұз айдынға кеп бірге.

    Желді қуып жетеді,

    Екпін қосып екпінге

    Ақыл сөз «ХХ‌Ị ғасыр індеті СПИД-ке жол жоқ ! »

    №8 Ізденушілік тапсырма

    Сабақты қорытындылау – Балалар, біз өзіміздің білімімізді, шапшаңдығымызды , ізденімпаздығымызды ойын барысында көрсеттік.

    Сабақ барысында талданған мақалдарға назар аударайықшы. Деніміз сау, шымыр болу үшін немен айналысуымыз керек екен?

    • Спортпен айналысып еліміздің намысын қорғау , батыл да жігерлі азамат болу өз қолдарыңда.

    Енді мына тапсырманы орындайық. Қандай сөз шығар екен?

    Шығатын сөз «Жарайсыңдар!»

    Үй тапсырмасы: № 2

    Бағалау : Жұлдызшаларды жинауларына байланысты бағаланады.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше