«Ер Тарғын» жырынан өткенді қайталау

Даутов Нұрболат Ұзақбайұлы

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

Ақырап орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: «Ер Тарғын» жырынан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: А)кейіпкерлергесалыстырмалы міңездеме беру арқылы оқушыларға жырдың тақырыбы мен идеясы, көркемдік ерекшелігін, композициясын талдауды меңгерту Ә) Оқушыларды Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін, жерін сүюге, оны көздің қарашығындай қорғай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік асыл қасиеттерге баулу. Б) шығарманың эстетикалық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыландыру. Жеке, топтық жұмысты шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер жазылған плакаттар, үлестірмелі парақшалар, «Ер Тарғын» жыры, интервью-тест, картотекалар, бейне көрініс.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, салыстыру, топтау, жинақтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа сабақ.

-Бүгін біз ауыз әдебиетінің інжу-маржаны – батырлар жыры арқылы өз халқымыздың арман-тілегін, тамаша қиялдарын біліп қана қоймаймыз. Олай болса, әдебиет беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал, қуатты ой, өрнекті тілден бас құраған өнер шығармаларын ел мәңгіге есінде сақтап ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. (Ауыз әдебиетіне қысқаша шолу).

  • Батыр деп қандай адамды айтамыз?

Ертеде көк сауытты киініп, көк сңгіні ұстаған, жау қарасын көріп үрейленбеген, жекпе-жек ұрысқа түсіп, жұрт алдында жауын жеңген адамды халық батыр деп білген.

  • Ал бүгінгі таңдағы батырды қалай елестетесіңдер?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады)

  • Оқушылар бүгін «Ер Тарғын» жырын қорытындылау есебінде сабағымызды жарыс түрінде өткізгелі тұрмыз. Әр кезеңде берген жауаптарыңыз ұпай санымен өлшенеді.

І кезең: Ой қозғау стратегиясы. (Әр топқа бес сұрақтан беріледі).

«А» тобына: Тарғын кім? Қандай адам? Оның ерлік істерін қандай эпизодтар арқылы дәлелдейсің? Тарғынның «Тарғын» болуы тұлпары – Тарланның әсері (дәлелдеу) Ақшаханның Ақжүністі батырға бермеу себебі неде? «Ер Тарғын» жырының тәрбиелік мәні. Эпизодтар арқылы дәлелдеу.

«В» тобына:Тарғынның елінен кету себебіАқжүністің сұлулығымен қоса ақылдылығын кандай эпизодтар арқылы дәлелдейсің?Тарғынның «Тарғын» болуы адал жары- Ақжүністің ықпалы (дәлелдеу)«Алпамыс» жврв мен «Ер Тарғын» жырының өзіндік ерекшеліктерін ажырату.Қарт Қожа қандай адам, оны қай қырынан таныдың?

ІІ кезең:Ой толғаныс сатысы.

«А» тобына: «Ер есімі – ел есінде»

«В» тобына: «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа аманат».

ІІ кезең: Тест тапсырмалары.

«А» тобына:

1.Жыр арқылы халықтың айтпақ ойы, жыр идеясы не?

а) махаббат пен зұлымдылық ә) елдік, бірлік б) туған жерге деген сүйіспеншілік в) арамдық пен адалдық

  1. «Ер Тарғын» жыры қай жылы жарыққы шықты?

а) 1904жылы ә)1936жылы б)1862жылы в)1870жылы

  1. Тарғынмен жекпе-жекке шыққан батыр.

а) Көбен ә)теген б) Сыбан в) домбауыл

  1. жырды ең алғаш жазып бастырған ғалым.

а) С. Мұқанов ә) Н. Саркин б) С. Сейфуллин в) В. Ильминский

  1. Жыр бойында кездесетін жағымсыз кейіпкерлер.

а) Ханзада, Қожақ ә) Тарғын, Ақжүніс б) Қожақ, Шортан би в) Ханзада, Ақшахан.

«В» тобына:

1.Халық арманы мен келешекке деген үмітін қай образ арқылы сомдаған?

а) Ақжүніс ә) Ханзада хан б) Қожақ батыр в) Тарғын

  1. Жырдың қанша нұсқасы белгілі?

а) 5 ә) 4 б) 1 в) 2

  1. Радлов бастырған нұсқа қай ел ауыз әдебиетінен жиналды?

а) Татар ә) Қырғыз б) Қырым в) Қытай

  1. Тарғынның тұлпары

а) Байшұбар ә) Шалқұйрық б) Ақтабан в) Тарлан

  1. Жырдағы өмір құбылыстарын суреттеуде кеңінен қолданылған әдіс.

а) психологиялық параллелизм ә) эллипсис б) инверсия в) қайталау

ІV кезең: Сот сабағы.

Жыр бойында кездесетін ұнамсыз кейіпкерлерді (Ханзада, Ақшахан, Шортан би) «А» тобы даттаушы, «В» тобы жақтаушы. (Мысалдар арқылы дәлелдеу).

V кезең: Есте сақтау қабілетін тексеру және қай қаһарман туралы айтылғанын табу.

«А» тобына:

Қарсы алдына келгенде қараса, тап өзіндей болат құрсанған , жасы үлкен аға , құшақ жетпес, даладай омырауына тарамдана төгілген баба. Буырқана түксиіп тұрған Тарғындайын бөріңіз жасыдеп, ақсақалды баба деп, Тарғынның

«В» тобына:

-… Өші қайдан шықсын, қайдан тусын. Жаусыраған жас-жарықта, -төсекте. Аққошқардай быттиған ажары бар, бар. Момыннан, тентекке ел аралап шығыпты.

VІ кезең:Интервью-тест .

«А» тобына:

Сұрақтары Қасиеттері Тағы қандай қасиеттерді көргің келеді
1 Өзіңе Ақжүністің қандай қасиеттері ұнады?
2 Қазіргі қыздардан осы қасиеттердің қайсысың көргің келеді?
3 Қыздардың өзіне ұнамайтын қасиеттері

«В» тобына:

Сұрақтары Қасиеттері Тағы қандай қасиеттерді көргің келеді
1 Өзіңе Тарғынның қандай қасиеттері ұнады?
2 Қазіргіжігіттерден осы қасиеттердің қайсысың көргің келеді?
3 Жігіттердің өзіне ұнамайтын қасиеттері

Сабақты қорытындылау:

Әр топтың ұпай санын есептеп, топ оқушыларын бағалау.

Үйге тапсырма:

«Алпамыс» жырын оқып, сюжеттік-компазициялық талдау жасау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше