Ата – анамен жұмыс.

Қызылорда қаласы
№ 12 І.Қабылов атындағы орта мектеп
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Смағұлова Құралай Қыдырбайқызы
 
Ата – анамен жұмыс.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек.
Бала тәрбиесі – ата- ана үшін күрделі де жауапты міндет.
Ата- аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер:
*
Ата – аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру.
*
Ата-аналарды педагогикалық білім- білікпен қаруландыру.
*
Ата- аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.
Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен жете танысып, балаға отбасының ықпал деңгейі, баланың неге қызығатынын анықтайды. Мектепте өтетін іс- шараларға ата- аналарды белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету.
Ата-анамен жұмыстың мазмұны:
*
Педагогикалық – психологиялық білімдерін көрсету.
*
Ата- аналарды оқу- тәрбие үрдісіне тарту.
*
Ата- аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру.
Ата- аналарды мектептегі іс- шараларға тарту мақсатында өздерінің қолдауымен «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігін «Жүз күн» мерекесі деген атпен балалардың есінде қалатындай етіп өткізуді ұйғардық.
 
Жүзінші күн мерекесі
Мақсаты:
*
Ата-аналар мектеп өміріне белсенді түрде қатысып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік деңгейін анықтап, балаларға жағымды үлгі көрсетеді.
*
Ата-аналар өздерінің таланттарымен, қызығушылықтарымен, білімдерімен бөлісуге әрдайым дайын екенін, балалары жөнінде күнделікті тәжірибе арқылы көп нәрсе біліп, өздерінің білімін дамытуға ұмтылады және мұғаліммен бірлесіп жұмыс жасауды қолдайды.
Безендірілуі:
Әр бала ата-анасымен бірлесе отырып осы 100 санын білдіру мақсатында неше түрлі ұсақ заттарды, күріш, асбұршақ, тастар, түйреуіш т.б. заттармен 100 санын безендіру барысында шығармашылық жұмыс жасады.
Ересек адамдар кіретін есікті 100 саны пішінінде жасап, мерекеге келген қонақтар осы 100 санының ортасынан өтуге мүмкіндік алды.
 
Тақырыбы:
Мектеп табалдырығын аттағалы 100 күн,
Құтты болсын, құтты болсын бұл күн!
 
Мұғалім:
Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!
Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр.
Кеше ғана жан-жақтарына таңырқай қарап, білім ордасының табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндер бүгінгі күні әліппені бітіріп, алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірінен асты. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Қуаныш бүгін – мереке.
Шуағын шашып тұр әлем.
Құтты болсын, жас ұлан,
Қадамың алғаш аттаған.
Сахнаға немересін ертіп атасы шығады. (музыканың ырғағымен)
 
Немересі: Қыркүйектің бірінде, Жетіге толдым биыл мен
Кеудем толы дірілге. Оқушы болып киінем.
Құлақ түрем елеңдеп Арқама сөмке асына
Мектеп деген бір үнге. Мектепке барам,
Мектепке барам асыға.
 
Атасы: Мектебің мынау класың, Дұрыс қойсаң мақсатыңды,
Осында он жыл тұрасың. Шығарасың жақсы атыңды.
Тарыдай болып кіресің, Өз тіліңді анаңдай сүй
Таудай болып шығасың. Үйрен және басқа тілді.
Ақыл-ойды шыңда, балам, Ерте болсын, кеште болсын,
Уақытты құнда, балам! Осы айтқандар есте болсын!
Әр сөзіне зейін қойып, Мектебіңде үлгілі бол,
Ұстазыңды тыңда балам! Күнделігің «5»-ке толсын, балам.
Оқушы мектепке қарай жүгіре жөнеледі.
Мұғалім:
Жаны аспандай мөлдір ме, Қиялданып кетемін,
Барады ұшып жел бірге. Өзін мақтан етемін.
Құшағында қызыл гүл, Ұзақ жолға түсті бір,
Өзі ұқсайды сол гүлге. Құтты қадам тілеймін!
/Қоңыраудың үні естіледі/
Мұғалім:
Шырылдаған тыным алмай, Қуаныш жайнайды жүзіңде,
Қоңыраудың үні қандай! Қызықты күнің де, кешің де.
Мақсатына жете ме адам, Алғашқы қоңырау дауысы,
Оқу оқып, білім алмай. Мәңгілік қалсын ол есіңде!
Музыканың ырғағымен қолдарына шар ұстаған оқушылар сахнаға келеді.
«Әліппе», «Математика», «Дүниетану», «Сурет», «Еңбек» оқулықтары ән ырғағымен билейді.
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар! Менің атым – әліппе,
Армысыңдар ата-ана! Мені анаңдай дәріпте.
Болашақа жол бастар Мені оқып ер жеткен,
Әліппең келді ортаға. Бауыржан да, Мәлік те.
Математика: Дүниетану:
Сәлемет пе, достарым? Сұлу екен кең әлем,
Сабағы боп жоспардың. Қалай сезбей келгенмін.
4 амалды қолданған, Дүниетану арқылы
Математика достарың. Әлем сырын білгенмін.
Сурет: Еңбек:
Өзен-көлді, көк майсалы белдерді Еңбек пәні қызықты
Жан бітіріп, боятамын гүлдерді. Кесте тоқи білемін
Мен өйткені сурет пәні боламын Анамызға айтпай-ақ
Түсінуге алға қарай өнерді. Түйме қадай береміз.
 
Кітаптар билеп сахнадан шығып кетеді.
Мұғалім: Айналайын балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп, толыңдар –
Ел мақтаны болыңдар.
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Хор. Менің Қазақстаным
1 – оқушы 2 – оқушы
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын, Оқуды көп ойладық,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім. Қызығына тоймадық.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы – Әріптерді үйреніп,
Ақ көйлек жеті жасар балалығым Сауат аштық тоймадық.
3 – оқушы 4 – оқушы
Қыркүйекте келдім де, Бар білімнің бастауын,
Сыныпқа кірдім қуанып. Әліппеден бастадым.
Қарсы алды ұстаз мейірмен Үйренуге талпындым,
Қадамымды құп алып. Құлшынып балғын жас жаным.
5 – оқушы 6 – оқушы
Мынау менің Әліппем Бірінші беттен елімнің
Көгілдір туым түсіндей. Елтаңбасын таныдым.
Ақылшы жақын досымдай Көк байрақты қазақтың
Қымбатты маған кісімдей. Ұрпағымын сәнімін.
Хор. Әліппем
7 – оқушы 8 – оқушы
Әсем ою-өрнекпен Білімге жолды бастаған
Көмкерілген Әліппем! Әліппем саған, мың алғыс!
Сен болмасаң білімге Оқы деп ұран тастаған
Бастайтын жолды біліп пе ем?! Әліппем саған, мың алғыс!
9 – оқушы 10 – оқушы
Әр күнім алып келер жаңалықты Анамыздай аялап
Тоқимын оқып, біліп жаңа әріпті. Ақылшы болған ұстазым.
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен Өзіңнің ғана еңбегің
Жаным да сағат сайын жаңарыпты. Бүгінде биік ұшқаным.
Мерекемізге «Ойыншықтар қалашығынан» сүйкімді қуыршақтар да қонаққа келіпті.Олар да өз өнерлерін көрсетеді.
Хор. Мұғалім – ол біздің.
Музыкамен (1-ден 10-ға дейінгі) сандар билеп ортаға шығады.
Санамақ.
Мені келсе білгің, Мен өзімді қатарға,
Мен таяқша бірмін. Бестен кейін қоямын.
Ата- әжеме жол бастап, Басым бірден басталып,
Оң қолында жүрмін. Нөлмен бітер аяғым.
Бірден кейін тұрамын, Қара мына қызықты
Сандар іші тұрағым. Көсеуді кім ұмытты
Бірді бірге қосқанда, Жеті болам бір тартсаң
Иіліп мен шығамын. Бел ортамнан сызықты.
Екіден соң әрқашан, Менің атым- сегіз
Үш саны мен тұрамын. Жетіден соңғы деңіз.
Қос мүйізім майысқан, Жазылғанда қос шеңбер
Ұлттық ою саламын. Мен боламын – сегіз.
Үш сызықтан тұратын, Сегізден кейін – тоғыз
Балалардың құралы. Алтыны кері оқыңыз
Велосипед оңдайтын Бір таңбалы сандардың
Кілт боламын баяғы. Ең үлкені тоғыз.
Төрттен кейін бесті Әліппеде 0-ға ұқсаймын
Білу оңай – десті. Санда нөлге ұқсаймын.
Санаса қолдың саусағын Жеке тұрсам мәнім жоқ
Оңай табасың – десті. Бір орынды ұстаймын.
Музыка ойналып көп нүкте қойылады. Сандар жан-жағына қарайды.
Музыка үнімен ауыр қозғалып ортаға 100 цифры шығады.
100 цифры болып киінген оқушы:
3 таңбалы санмын, 2- оқушы
Танысамыз әлі біз. Күн нұрындай білімнің,
Бір мен нөлдер сап түзесе, Күнімін мол білімнің.
100 саны боп шығамыз. Құттықтаймын достарым,
1 ең кіші баламыз, Білімге қадам басқан күн.
10 болса оның ағасы. Мектеп табалдырығын аттағалы 100 күн
100-ге жетсек бәріміз, Құтты болсын, құтты болсын бұл күн!
Есепте жүйрік боламыз.
« 100 цифрын» ортаға алып билеу.
Мұғалім:
Құтты болсын қадамың
Қуанышы баланың
Думандатып ән салып
«Білім алды 100 күн» деп
Қол соғады барша жұрт.
Балалардың білім ордасына еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттағанына 100 күн толыпты. Осы 100 күн ішінде әріп танытқан Әліппені де аяқтап, кез-келген сөйлемдерді, қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи алатын халге жетті.
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағанына 100 күн толған тойларың құтты болсын!
Мақал – мәтелдер айтысы.
Жүз теңгең болғанша, 1. Бір кісі жүз кісіге олжа салар.
Жүз досың болсын!
Жігіттің құны жүз жылқы, 2. Мыңның түсін танығанша,
Ары мың жылқы. Жүздің атын біл.
Жүзден біреу шешен, 3. Базарда 100 кісі бар,
Мыңнан біреу көсем. Әркім сыйлағанына сәлем берер
 
«Ормандағы мектеп» көрінісі.
Ойынға қатысатындар: кірпі, қоян, аю, қасқыр, түлкі, шыбын, бақа.
Мерекеге «ойыншықтар қалашығынан» келген сүйкімді қуыршақтар да өнерлерін көрсетті.
«Алақан » деп аталатын патшалықтың 5 саусақ атты ханзадалары келіп, өздерін таныстырып өнер көрсетуге ортаға шығады.
Мұғалім:
Енді оқушылардың 100 күн бойы алған білімдерін ортаға салмақ кез келді.
Қазір 5 топқа бөлініп отырамыз. Әр топтарға жекелей тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды дұрыс орындап, «білім кемесімен» алға қарай жылжимыз.
Әліппе тобындағыларға:
Ә і п е п л 1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
1 2 3 4 5 6
□ □ □ □ □ □
«Сөз құра» ойыны.
Математика тобындағыларға:
Тоқылдақтың суреті, мысалдардың мәнін тауып бояу.
Дүниетану тобындағыларға : Суреттерді мағыналарына қарап сызықпен қосу.(Әңгімелету)
Еңбек тобындағыларға:
«Ойыншықтар қалашығынан» келген кейіпкерлердің мүсінін жасау. «Қоян мен түлкі».
Қоян туралы не білесің? Ол қандай аң?
Түлкі туралы айт.
Сурет тобындағыларға:
Қыс мезгіліне байланысты суреттерді (қиылған) құрастырып картина жасау. Сол бойынша әңгімелеу.
Оқушы:
Әжелерді сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжелерді ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән. Асыл әжем.
Мұғалім:
Былдыр, былдыр, бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін , – демекші енді балалардың балдай тәтті тілдерін тыңдалық.
(Оқушылар қызықты сәттерді, күлкілі оқиғаларды сахналайды)
Балалар мектепте тәртіпті, білімді, үлгілі оқушы болулары үшін ант береді.
*
Сабаққа ынта қойып оқуға ант етеміз.
*
Шығармашылық тапсырмаларды қызығып, өздігінен орындауға ант етеміз.
*
Сыныпта ұстамды болуға, жолдасымның пікірін тыңдауға ант етеміз.
*
Мектеп мүлкіне, өз заттарым мен жолдасымның заттарына ұқыпты қарауға ант етеміз.
*
Үнемі ертеңгілік жаттығулар жасап, спортпен шұғылданатын денсаулығы мықты азамат болуға ант етеміз.
*
Бос уақытымызды пайдалы өткізуге ант етеміз.
*
Көшеде өзімді үлгілі ұстауға, жол ережелерін сақтауға ант етеміз.
*
Мұғалімдермен кездескенде жол беруге, сәлемдесуге, сыйлауға ант етеміз.
*
Кезекші оқушылардың талаптарын орындауға ант етеміз.
*
Сынып ішін айнадай кіршіксіз таза ұстауға ант етеміз.
*
Апай ренжіп қалар деп, сабақтан еш қалмауға ант етеміз.
Мұғалім:
Мектеп-анаң бүгіннен,
Мектеп-алтын босағаң.
Мектеп берген біліммен,
Марқаясың жас ұлан!
Мектеп вальсі (Бір топ оқушылар)
Әліппе:
Айналайын балғындар, Рақмет айтып, шаттанам.
Менен білім алдыңдар. Риза болып аттанам.
Әр сөзімді жаттаған, Алда ұзақ жасым бар,
Достар үшін мақтанам. Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Хормен: Әліппеге шексіз рақмет!
Ана тілі: Мұғалім:
Сәлем, ойшыл, достарым! Ана тілің ертеңің
Терең білім, ой саналы, Ана тілің ертегің
Әрбір сөзім, ой салады. Қадірле ана тіліңді,
Ғылым, тәлім өнерім көп, Жүрегіңнің бөлшегін.
Достасқанға берерім көп!
Хормен: Ана тілін сүйеміз,
Ардақтап бас иеміз.
Ана тілі бізбен бірге болыңыз!
«Әліппе» біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.
-Балалар, «ана тілі» біздің қандай оқушы екенімізді танысын.
Осы біздер қандаймыз? Кішіге қамқоршымыз.
Талабы биік таудаймыз. Жақсылықты ұнатамыз.
Мың бұралған бишіміз. Жамандықтан тез қашамыз.
Күмбірлетер күйшіміз. Көп оқимыз.
Біз қызықпыз, қызықпыз, Терең оқимыз
Сәл еркелеу бұзықпыз. Өнерліміз.
Біз шеберміз. Жанып тұрған шырақпыз.
Ақылдымыз. Толқынды су бұлақпыз.
Парасаттымыз. Елімізді өркендеттік.
Көңілдіміз. Қазақ тілін көркемдеттік.
Ізгі нұрмыз. Бабаларға тағзым ететін,
Үлкенге ізеттіміз. Аналарға бас иетін.
Сауаттымыз. Балалардан бар жақсылығын аямайтын.
Әдеміміз. Елтаңбасымен еңселі.
Ұқыптымыз. Туымен тұғырлы.
Тәртіптіміз. Әнұранмен айбатты.
Сыпайымыз. Барлығы: Біз қазақ елінің болашағымыз!
Мұғалім:
Міне, балалар, осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен «Әліппемізбен» қоштасатын уақыт болды.
Әліппе:
Ал, балалар, менің кететін уақытым жақындады. Қош болыңдар! Сабақты жақсы оқып, тәртіпті оқушы атаныңдар.
Оқушы: Мұғалім:
Қош бол, құтты «Әліппем»! Әліппені бітірді балаларым
Көп нәрсені үйреттің Әліппеден нәр алған даналарым.
Таныстырып әріппен, Өзі жазып, оқитын халге жетті
Тақылдатып сөйлеттің! Құтты болсын білімі балалардың.
Қорытынды сөз:
Мұғалім балалардың жинақтап, құрастырған кітапшаларын көрсетеді.
«100 мақал», «100 жаңылтпашты жаңылмай айта аламыз!», «Қай буынды жоғалттым?», «Жүз жұмбақ» деген атпен жинақтаған кітапшаларынан үзінді оқылды.
Ең әдемі, таза жазылған 100 дәптер, 100 түйір дәннен жабыстырылған картиналарды көрмеден көрсетіліп, түсіндірілді.
Мереке соңында мұғалімдер, ата-аналар сөз сөйледі.
 
 
 
 
Оқушылардың апталық оқу жүктемесіне вариативті бөліктің міндетті сабақтары (таңдау сабақтары, топтық кеңес, таңдау курстары) енеді. Салауаттану пәні бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту мен қорғау, қауіпсіз іс-қимыл, үйдегі және көпшілік орындардағы жеке және қоғамдық гигиеналық меңгерілген ережелерін орындауға үйрететін пән.
 
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған орта және мен
 
Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты балаларға түсіндіру. Табиғат ғажайыптары жайында таныстыру.
Туған өлкенің табиғатына, сұлулығына деген қызығушылығын дамыту.
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар : қағаз, фломастер, қарындаш, үнтаспа көркем суреттер.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелесу, ойын
 
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Керекті құрал- жабдықтарын алып, сабаққа дайындалу.
І І Амандасу рәсімі:
Күндей жадырап,
Айдай аралап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топтан бір оқушы жақсы тілектер
айтады.
Шеңбер бойымен тұрған балалар қолдарымен жүректерінен жылу алып
бергендей қимыл жасап, бір- бірімен амандасады.
 
ІІІ Көңіл – күйді көтеру. Тыныштық сәті.
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, көзімізді жұмайық.
Бәріміз сиқырлы кілем үстіне отырайық . Сиқырлы кілем қалқып, көкке
көтеріледі. Біз гүл бағына саяхатқа бара жатырмыз.
*
Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп !
Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр !
Гүлдерге қарап күн күлімдейді.
Қараңдаршы ! Бақтағы сайраған құстардың дауысы , сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал желдің лебі еседі. Аңқыған гүлдер хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан өздеріңе ұнаған гүлдерді теріп алып, ең жақын, ең жақсы көретін досыңа сыйла.
Енді сиқырлы кілемге отырып, қайтамыз.
Көзімізді ашайық.
Балалар өздеріне ұнаған гүлдерді атайды және өздерінің көңіл- күйлері
жөнінде әңгімелейді . Алдын- ала қиылып дайындалған достарына сыйлаған
гүлді таңдап алып үлкен ақ парақ бетіне жапсырып, гүлдер алқабын бейнелейді.
*
Қараңдаршы, қандай әсем гүл алқабы пайда болды !
Ақ гүл теріп алған балалар – бүгін өздеріңнің көңіл – күйлеріңнің
ашық, достарына деген ниетінің ақ екенін көрсетіп тұр.
Сары гүл теріп алған балалар – күндей жарқырап маңдайына шуақ
төгіп тұр.
Қызыл гүл алғандар – көңіл күйлерің қуанышты, достарына деген
ерекше махаббатын көрсетеді.
Көк гүл алғандардың ниеттері аспандай ашық, судай таза мөлдір
екенін білдіреді. Әрқайсымыздың көңіл – күйіміз әртүрлі болса да,
ниетіміз жақсы екен.
 
Сабақтың мазмұны:
Жұмбақтар жасырып шешуін таптырады.
*
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды ( күн көзі)
*
Тақиям толған сөк, таңертең тұрсам дым да жоқ ( жұлдыз)
*
Түсі бар көрінбейтін, бір тұтас білінбейтін
Тынысы ол тіршіліктің, ешқашан желінбейтін ( ауа)
Біздің тіршілігімізге күн, ай, жұлдыз, ауа өте қажет
*
Адам үшін осы табиғат ғавжайыптарының әсері қандай?
*
Аналарың сендерді жақсы көрген қандай сөздер айтады?
*
«Күнім» деп күнге
*
«Айым» деп айға
*
«Жұлдызым» деп жұлдызға
*
«Мөлдірім» деп суға
*
«Тынысым» деп ауаға еркелетіп теңейді, жақсы көреді.
Адам да табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан өзін қоршаған ортаға
жақсылық әкелсін, әдемі, сұлу болып өссін деп, адам есімдерін күн,
ай, жұлдыз, суға теңеп қойған. Мысалы: Айсұлу, Күнсұлу, Мөлдір,
Жұлдыз, Айым. Табиғаттың ғажайыптары болмаса жер бетінде
тіршілік болмас еді.
Су жоқ болса – құрғақшылық болады.
Ауа жоқ болса – тіршілік жоқ
Күн жоқ болса – жарық, жылу жоқ
Ай мен жұлдыз жоқ болса – түн қараңғы болар еді. Табиғат деген
сөзді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім:
Біз қоршаған табиғи ортаға жер, су, ауа, күн жатады. Қоршаған табиғи орта дегеніміз барша тірі организмдер түрлі өсімдіктер,жануарлар, жәндіктер өсіп өніп өмір сүруге бейімделген қолайлы орта. Осы біртұтас қолайлы ортаны мекендеп, өсіп өнетін организм үшін таза ауа, күннің нұры, таза топырақ, таза су, жылу және қоректенетін тамақ пен жем қажет. Аңдар мен құстар, балықтар мен алуан түрлі жәндіктер адаммен бірге табиғат аясында дамып жетіледі. Ауамен демалып, суды ішіп, керегіне жаратады. Жерде өсіп, піскен жемістерді жейді.Жыртқыш аңдар мен құстар сүтқоректілер және басқа да жәндіктермен қоректенеді.
Туған жер деген сөзді қалай түсінесің? Адамдар туған жерін не үшін сүйеді? Балалар, мына сендердің алдарыңда тұрған глобус. Мұнда жер әлемінің бейнесі түсірілген. Глобуста барлық халықтардың тұратын мекен жайлары көрсетілген.
Жер шары- біздің ортақ үйіміз. Жер шарындағы барлық
халықтар үлкен отбасы.
Сендер өз отбасыларыңда бір- бірлеріңді қалай сыйлайсыңдар?
Отбасында бір- бірімізге жанашырлықпен қарасақ, туған жерімізде
өмір сүретін адамдарға да, табиғатқа да қамқорлықпен сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.
«Туған жер адамға қымбат» деп бекер айтылмаған, өйткені туған
жеріміз біз үшін қасиетті. Сондықтан «Қасиетіңнен айналайын туған
жер!» деп қадірлеген. Қасиетті дегеніміз – ол жерде біз дүние есігін
аштық, тәй- тәй басып, алғаш рет қасиетті топырағында жүруді
үйрендік, бізді өз құшағына алып, мәпелеп өсірді.
 
Сергіту сәті
«Қызылорданың жаңбыры» табиғат құбылыстарын көрсету.
Әңгіме
Мен сендер жақсы адамның табиғатқа деген қамқорлығы туралы
ертегі оқимын. Сарыарқа даласында өте бір жақсы адам өмір сүріпті.
Бір күні оның ұлы дүниеге келеді. Жақсы адам қуанғаннан ұлына
сыйлық жасауға шешім қабылдайды.
Қандай сыйлық болуы мүмкін?
«Мен оған ағаш сыйлаймын Менің ұлым өскен сайын, ағаш тас та
өсетін болады. Ол оны күтіп баптайды. Оның алғашқы жемісін
жинайды. Ол ақкөңіл, еңбекқор мықты, әдепті бала болып өседі. Мен
өлсем, ұлым мені ағашпен бірге есіне алатын болады.»
Ақкөңіл адам алыстан кішкентай алма ағашын алып келіп
отырғызады. Ағашпен бірге бала да өсті.
Бір балалар есіктің алдында шыбықтан қылыш жасап, ежелгі
соғысты бейнелеп ойнайды. Соғыс өте қызу жүріп, барлық әскерлер
жеңіске жеткен болатын, кенеттен жақсы адамның ұлы: «Қараңдар,
әне біреу тірі! Шабуылға» – деп айқайлап, кішкентай ағаштың бұтағын
шыбықпен соғып жіберді. Ағаштың жапырақтары тербеліп, бұтағы
қисайып сынды. Сынған орнынан мөлдір тамшы жас аға бастады.
Ағаштар тербеліп, құстар шулай бастады.
Әрі қарай не болды деп ойлайсың?
Бала қорыққанынан әкесіне жүгірді.
Әке, әке Ағаш жылап тұр. Ол тірі оған ауыр тиді – деп бала болған
жағдайды айтып әкесімен бірге кішкентай ағашқа көмектесті.
Сынған бұтағын ауру адамның қолы сияқты арнайы орағышпен таңды.
Көп ұзамай ағаштың сынған орны жазылады. Бала өзінің ағашына
қамқорлық көрсете бастады, онымен сөйлесетін болды. Оны аяздан
және зиянкестерден қорғады. Ол үлкен, саялы, жемісті алма ағашы
болып өсті.
 
Рефлексия
*
Жақсы адамның баласының ісі дұрыс па, сендер қалай ойлайсыңдар?
*
Баланың орнында сен болсаң не істер едің?
*
Табиғатқа қамқорлық көрсетуді қалай түсінесіңдер?
*
Жақсы адамның баласы әдепті ме, сен қалай ойлайсың?
*
Әдепті бала қандай болады деп ойлайсың?
Балалармен ертегі желісі бойынша әңгімелеседі.
Сергіту сәті.
Жақсы – жаман ойыны.
Тез орындарынан тұрады.
*
Ағаш отырғызғысы келетіндер.
*
Құстардың ұясын бұзғысы келетіндер.
*
Бөлме өсімдіктерін күтіп баптайтындар.
*
Көшеге қоқыс тастайтындар.
*
Өсіп тұрған ағаштардың бұтағын сындырмайтындар.
*
Құстарды рогаткамен атқысы келетіндер.
Енді туылған күндерін білу.
*
Көктем айында туылғандар,
жаз, күз, қыс,т.б. сұрақтар қойуға болады.
Топтық жұмыс.
*
топқа тапсырма: Коллаж жасау.
Алдында неше түрлі сурет жатады. Мұғалім біреуінің құлағына сыбырлап,
тақырыпты айтады. Балалар суреттерді таңдап жапсырады.
Соңында жапсырған суреттерін айтып қорғайды.
*
топқа тапсырма: Тағдырдың сыйлығы.
Тағдыр саған не сыйлайды?
Әр оқушы өзінің ойлаған суретін 1- ден 10- ға дейін санап салып үлгіреді.
Келесі оқушы әрі қарай жалғастырады.
Ең соңында өзінің салған суреті қайтып келеді. Тағдыр оған не
сыйлайды?
*
топқа тапсырма.
Сиқырлы таяқ.
Сен бұл өмірге адам болмай, не болып келер едің? Қоршаған ортадағы
заттарды, құбылыстарды есіңе түсір.
*
топқа тапсырма. Табиғат бізге не сыйлайды?
Суреттерді топтап, арасын сызықпен қосады.
Табиғаттың адамға сыйы қандай?
*
топқа тапсырма.
Адамның өсімдікке, аңдарға қандай байланысы бар?
Суреттерді топтарға бөліп жіктеу.
Әр топ өз тапсырмаларын орындап болған соң, тақтаға шығып қорғайды.
Ұжымдық жұмыс.
Жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттаңдар. Олардың қандай
мінездерін байқайсыңдар?
Өзіңнің мінез- құлқыңды табиғат құбылыстарымен салыстырып
көрші.
Қорытынды.
Туып-өскен қалаңның табиғатының тазалығы сендерге байланысты.
Өйткені сендер қоқыс шашпасаңдар, таза жүрсеңдер айнала таза болады,
табиғатты әсем, сұлуы, көркем болады. Әрине, бұл сендерге ғана
байланысты емес. Сендердің достарың жақындарыңа да байланысты.
Сендер ағаш отырғызып, ағаштар мен гүлдерге су құяды.
 
Қоштасу рәсімі.
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қорғаймыз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ тілі (үйірме сабағы) 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістікті пысықтау .
 
Мақсаты:
1. Оқушылардың етістік туралы білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың оқу әрекетімен шұғылданып,өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау,топтау,ізденушілік.
Көрнекілігі: кеспе сөздер,сурет,ойын түрлері,слайд.
 
І. Жаңа сабақ
 
1. Суретті мәтінмен жұмыс.
Суреттердің орнына сөз қойып,мәтінді дұрыстап оқиды.
Мәтін.
Мына бала- Болат.Балалар оны «ЗООПАРК БОЛАТ» деп атайды.
Неге?
Мектепте үзіліс кезінде ол-әтеш боп қоқиланып жүреді.Сабақта тақта алдында балық боп мыңқ етпей тұрады.Ал үйінде әжесіне арыстан боп ақырады.Қарындасына қолтырауын боп тісін ақситады.Әкесінің алдында қоян боп қалтырайды.Анасының алдында түлкі боп бұлыңдайды. Себебі,анасы оған ойыншықтар сатып әпереді.
2. Тапсырма:
-Болат қандай бала деп ойлайсыңдар? Мінездеме беріңдер.
-Болаттың қылығы дұрыс па? Өэ ойларыңды айтыңдар.
-Мәтіннен етістіктерді теріп жазып,оларға сұрақ қойып,түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Тапсырма:
Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап,жаңа сөз жасау.
Шеге…/-ла,-ле/,ара…/-ла,-ле/,үтік…/-та,-те/,таза…/-ла,-ле/,көркем…/-да,-де/.
 
3. Ой сергіту жаттығуы «Тез тауып,бөгелмей айт»
Мұғалім төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды.Оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп,бөгелмей айтып отыру керек.
Жел.Күн.Найзағай.Қой.Қоңырау.Мен.Палуандар.Радио.Оқушылар.Мұғалім.т.б.
 
4. Шығармашылық тапсырма.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып,сызба бойынша өлең құрастыру.
…………………… сайрайды,
…………………… жайнайды.
…………………… құлпырып.
………………….. сыйлайды.
 
5. Топтық жұмыс .Әр топ өзіне берілген әріптен басталатын етістікке мысал келтіру.
 
Ж Т Қ
жазып жүр тартып тұр қуанамын
жылайды тиеді қарайды
жүреді т.б. тербетеді т.б. құшақтады т.б.
 
6. Ойын «Жалғасын тап»
Бірінші бағанда сөйлемнің басы берілген.Екінші бағаннан соның жалғасын тауып,дұрыс сөйлем құрап,жазу.
Оқысаң ………… ………..сусын ішіңіз
Аяғың ауырса……………… ……………күн жылыныады
Көп ұйықтасаң…………….. …………..қолыңмен сүртпе
Шөлдесеңіз …………………….. …………..басың ауырады
Көзің ауырса ………… ……………көп жүрме
Жаз шықса……………… …………..түсінесің.
 
7. Тапсырма.
Берілген тыйым сөздерді мұқият оқып,мазмұнын түсіндіріңдер.
1.Ұмытып кетпе,есікті теппе.
2.Үйде де,қайда да,пышақпен ойнама.
3.Босағада тұрма.
4.Көк шөпті жұлма.
5.Малды теппе,ақты төкпе.
6.Қашанда болсын есте,үлкеннің алдын кеспе.
 
ІІ. Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Ішінде негізгі,туынды етістіктері бар мақал-мәтел жазып келу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше