ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ
ШәудірбаеваГүлнарИманғалиқызы,
Бейнеу лицейініңтарихжәне «өзін-өзітану» пәнімұғалімі,
директордыңтәрбиеісіжөніндегіорынбасары ,
Маңғыстауоблысы Бейнеу ауданы
ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ
Тәуелсіздікалғаннанкейінқазақстандыққоғамныңалдындажаңаұрпақтыңадамгершілік-руханитәрбиесі, азаматтарарасындажақсылық, әділеттілік, өзаракөмек, төзімділікорнықтыратынқұндылықтардыіздеумәселесіқалыптасты.
Бүгінгібалалардыңбойындаруханилылықтыңжоқтығынабайланыстыерекшеалаңдаушылықбілім беру жүйесіндежалпыадамзаттықрухани-адамгершілікқұндылықтардыоқытуғабағытталған «Өзін-өзітану» бағдарламасыненгізугенегізгісебепболыпотыр.
Рухани-адамгершілікжөніндегіжаңатәртіпбалаларда (мектепкедейінгікезеңненжоғарыоқуорнынадейінгідеңгейде) жекеерекшеліктері мен халықтық педагогика әдісін, қазақхалқыныңұлымұрасы, сонымен қатарәлемтәжірибесіндегіжалпыадамзаттыққұндылықтарынесепке ала отырыпадамгершілікжәнеруханилықсапасындамытудыжорамалдайды. Жобаавторы СараАлпысқызы Назарбаева есептегендей «әрбірадамтуғаннанқалыптасқанқабілеттіліктердітолықтаймүмкіндігіншеіскеасыруүшін, соныменқатар тек мемлекеткеғанаемесЖердегібарлықадамдарғапайдаәкелуүшінбілімарқылыбізөзкоғамыңыздаадамгершілік-руханиқұндылықтардыжаңартудытілейміз».
Осы пәндіенгізумектептікоқытудыңнақтымақсатыретіндеөзін-өзітәрбиелейтінжәнедамытатынадамдықалыптастырутапсырмасынұсынуғамүмкіндікберді.
«Өзін-өзітану» педагогтар мен ата-аналардыңқызметінжастардыәлеуметтендіруге, балалардыңөзмінез-құлықтары мен өмірлікіс-әрекеттерінқайтаойлауғабағыттайды.
Сондықтан да өзін-өзітанупәнімұғалімдеріата-аналарменжұмысжоспарлағандаотбасыролініңқалыптасуынжәнеоныңмүшелерінбағалаудыңмаңыздылығынескеруітиіс. Осындайақпараттыбілумұғалімдергеотбасыныңбаланыңжекедамуына, оныңмінезіне, тәртібінеықпалыналдын-ала білугемүмкіндікбереді. Осы факторлардыесепке ала отырып, педагогтарата-аналарменөзараәрекеттердіңеңәсерліүлгілерінтаңдайалады .
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білген жағдайда ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатырған Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарлама сегіз жыл экспериментте болып, өз нәтижесін берген соң жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына енгізілгеніне бір жыл толуына орай Бөбек» ҰҒПББСО 2011 жылы қарашаның 9-11 аралығында Алматы қаласында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Өмір ұстазы болу – борышым» атты І республикалық фестивалін ұйымдастырды. Фестивальге әр облыстан ең үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері шақырылды. Маңғыстау облысынан шақырылған үш мұғалімнің бірі мен болдым.
Қарашаның 8 күні ұшақтан қарсы алған сәттен бастап 4 күн бойы «Бөбек» ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы институтының қызметкерлері және «Өзін-өзі тану» пәні оқулықтарының авторлары Ж. Әкімбаева, Ж. Қажығалиева, Р. Ізғұттынова жанымызда болды. 9 қарашада фестивальдің ашылуынан кейін пән мұғалімдерінің өзін-өзі таныстыруы және портфолиосын қорғауы, «Өзін-өзі тану педагогтерінің шеберханасы» атты семинар тренинг ұйымдастырылды. Келесі күн ашық сабақтар мен оқушы шығармашылығын қорғау күні болы. Осы шараларға сегіз жылдық тәжірибесі бар педагогтермен қатар мен де қатысып, тәжірибемді ортаға салдым.. Түстен кейін қалаға саяхат жасап, кешкісін Абай атындағы драма театрда Д.Вердидің «Аида» операсын тамашаладық. Ал фестивальдің үшінші күнінде фестивальдің жабылу салтанаты мен үшін ерекше оқиға болды, осы кеште «Бөбек» ҰҒПББСО-ң «Өзін-өзі тану пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісіне белсене қатысып, Қазақстан Республикасының жас жеткіншектеріне рухани-адамгершілік білім беруге қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталдым.Осы бір әсерлі кештен соң дүние жүзіндегі санаулы обсерваторияның бірі – «Бөбек» орталығы обсерваториясында аспан денелерін тамашаладық.
Фестивальден алған әсерім мол болды.Республиканың түкпір-түкпірінен келген әріптестеріммен тәжірибе алмасып, өзіме бірталай рухани азық алдым. Осындай сәттерге мүмкіндік берген облыстық білім арттыру институтына,аудандық білім беру бөліміне , өзімнің қызмет орным- «Бейнеу лицейі» ММ ұжымына шексіз алғысымды білдіремін.
Категория: Өзін-өзі тану
ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ, ЖОҒАРЫ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы,отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болуы тиіс. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.Бағдарламаның мақсаты-жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді,жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары менмерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
Бағдарламаның «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде мақсаттар мен міндеттер айқындалған.
Мақсаты: Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтікжауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жәнекөшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеті:
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Нысаналы индикатор:
Қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру,жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешуге жастардың қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студенттер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту міндеті жүктеледі.
Еліміздің әрбір азаматы «Мен- қазақстандықпын» деп шынайы патриотизммен жауап бере ала ма? Патриоттық сезім- адами келбеті қалыптасқан, тілін, дінін қастерлейтін, әке-шеше, Отан алдындағы парызын жауапкершілікпен түсінетін азаматтардың бойында болатын отаншылдық сезім.Сондықтан да Отанға деген сүйіспеншілікті кешенді түрде қалыптастыру керек.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» – деп жазса, ал мұғалімдер съезінде: «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткен.Елбасы соңғы Жолдауы- «Қазақтан-2050» стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту міндетін жүктейді.
Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш – жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның – дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.
Қазақстан Республикасы әскери доктрина және әскери құрылыс тұжырымдамасында: «Біз – егеменді мемлекетпіз және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселері ішкі және сыртқы саясаттың жалпы құрылымының өзегі болуға тиіс. Сондықтан бізге қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтанған, жоғарғы даярлықтан өткен, жақсы үйретілген, біздің егемендік мүддемізді қорғау үшін кез келген жағдайда іс-қимыл жасауға даяр тұратын армия қажет. Ал, мұндай армияны әскери құрылыстың тарихи тәжірибесіне және қазіргі заманғы көзқарастарға сүйенген ғылыми негізде ғана құруға болады » – деп атап көрсетеді.
Ұлан-байтақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді. Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Мектеп жасындағы баланың рухани-адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Н.Ә.Назарбаев:«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білі, моральдық құндылықтар беруш, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі.Жастардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды.
Қорыта айтқанда, сапалы білім мен саналы тәрбие беру қай уақытта да өзінің өзектілігін жоймақ емес.Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп,ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу ұстаздар қауымының жауапкершілігін арттыра түседі.
Категория: Баяндама
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- жеке тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру»,-деп атап көрсетілуі әр дара тұлғаның заманауи талаптарға сай білімді де білікті азамат ретінде қалыптасуын көздейді.
Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, білім ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы – «Өзін-өзі тану»пәні.
«Өзін-өзі тану»бағдарламасының негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетті көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы Қазақстанның білім беру жүйесінде педагогтарды жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақты «Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға етіп тәрбиелей аламыз.
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,-деп атап көрсеткен.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский : «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Кім болса да жақсы өмір сүруге тырысады. Жақсы өмір сүру материалдық және рухани байлықтың арқатынасының тепе-теңдігіне байланысты. Абайдың «ақыл мен жүректі бірге ұстаң»,-деген сөзінен жақсы өмірдің бейнесін көруге болады. Тағы бір сөзінде Абай « мінезге бай» болу керектігіне тоқталады. Шынайы байлық адамдардың іс-әрекетінен көрінеді.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл-парасатты азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының орны ерекше.Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамның алдында жаңа ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі, азаматтар арасында жақсылық, әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын құндылықтарды іздеу мәселесі қалыптасты.
«Өзін-өзі тану» пәні педагогтар мен ата-аналардың қызметін жастарды әлеуметтендіруге, балалардың өз мінез-құлықтары мен өмірлік іс-әрекеттерін қайта ойлауға бағыттайды. Балаға ата-аналардың беделі, білімге және рухани құндылықтарға негізделген ата-ананың ықпалы тәрбиенің маңызды жағдайы болып табылады.
Сондықтан да өзін-өзі тану мұғалімдері ата-аналармен жұмыс жоспарлағанда отбасы ролінің қалыптасуын және оның мүшелерін бағалаудың маңыздылығын ескеруі тиіс. Осындай ақпаратты білу мұғалімдерге отбасының баланың жеке дамуына, оның мінезіне, тәртібіне ықпалын алдын-ала білуге мүмкіндік береді. Осы факторларды есепке ала отырып, педагогтар ата-аналармен өзара әрекеттердің ең әсерлі үлгілерін таңдай алады.
Бала тәрбиесінде ата-аналардың жүріс-тұрысы шешуші роль атқарады. Ата-аналардың әрбір ойлаған сөздері және қылықтары өз отбасы мүшелерін құрметтеу – ең бастысы және маңыздысы тәрбие үрдісі болып табылады. Күн сайын балалар сынып жетекшілерінің қарауында ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің қарауында болғандықтан, мектеп ата-аналарға қарағанда балаға үздіксіз үрдіс түрінде тәрбие береді. Атап айтқанда, болашақ адамның тәрбиесі оларға байланысты. Олардың әр оқушыға ықылас бөлуі, баланың мектептегі жетістіктеріне, оның рухтық және зерделілігінің дамуына байланысты.
Бала тәрбиесі процесінде ата-аналардың пікірі бірінші кезекте тұрады. Яғни, педагогтар, бала тәрбиесіне жауапты басқа тұлғалар ата-аналардың пікірін және олардың ұсыныстарын мүмкіндігінше назарға алулары қажет. Ата-аналармен жұмыс, оларды балалармен бірге жалпы мектеп іс-шараларына тарту бала тәрбиесінде олардың маңыздылығын айтарлықтай арттырады. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл процесі ата-аналарды тәрбие процесіне және сабақтан тыс бос уақыттағы жұмысына белсенді қатыстыруға бағытталуы тиіс.
Сондықтан педагогикалық ұжымды оқытудан бастау, соның ішінде осы қызметті ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік семинарларды өткізу қажет. Оқыту семинарларының барысында педагогтар толықтай және соның ішінде сыныптық ұжымда тәрбие беру жүйесінің жетілдіру әдістерімен танысу тиіс. Іскерлік ойын барысында ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі ролін жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жасау бойынша жобалы әдісті пайдалануға ата-аналар мен мұғалімдер құрамына кіретін уақытша шығармашылық ұжым қолдануға болады.
Одан басқа, ата-аналармен оқыту семинарлар ұйымдастыруға болады. Семинарлардың тақырыптары “Тәрбие – әлеуметтік мәселе ретінде”, “Мансап мектептен басталады”, “Қазіргі баланың әлеуметтік белсенділігі – ертеңгі әлеуметтік жетістік” және т.б. тақырыптарда болу мүмкін. Семинарларға психологтарды, осы саладағы беделді педагогтарды, ғалымдарды, кәсіпкерлерді, жұмыспен қамту қызметкерлерін шақырту керек.
Ата-аналар жиналысы – бұл ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеудің негізгі және дәстүрлі түрі, оның барысында аса маңызды сынып қоғамының тіршілік әрекеті, мектеп және үй жағдайында оқушылардың тәрбиесі мәселелерінің шешімдері талқыланады және қабылданады. Басты оның тағайындалуы баланың рухани байлығын, адамгершілік тазалығын, денсаулығын дамытуға жағдайлар жасау үшін мектеп және отбасылық күштерді келістіру, үйлестіру және біріктіру болып табылады.
Ата-аналар жиналысы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, олардың сынып өміріне белсенділігін арттыруға, балалардың тәрбиесіне жауапкершілік сезінуге бағытталып өткізіледі. Баламен қалай дұрыс сөйлесіп және отбасындағы келеңсіздіктерді қалыпқа келтіруге болады, қазіргі уақытта баланы азғыру мен қауіптен қалай сақтап қалу және жеке дербес жауапты тұлғаны қалай тәрбиелеп шығуға болады деген сауалдарға құрамында белсенді ата-аналар мен кәсіптенген педагогтар, психологтар мен әлеуметтік педагогтары бар білім ұйымдары жанындағы «Ата-аналар кеңесі»мен «Ата-аналар клуб» мүшелері осы шешімдермен қатар басқа мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұдан бұлай білім органдары мен ұйымдарының қызметі қазіргі қазақстандық отбасының мәртебесін көтеруге, отбасы институтын бекітуге, баланы тәрбиелеуде ата-ана ролін көтеруге, қоғамда отбасы, адамгершілік құндылықтарының басымдықтарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Дәл қазіргі уақытта отбасы институт ұстанымы әлсірегенде әр отбасы мүшесі көмек пен қолдау таба алатындай қоғамдастықты құрып, осы маңызды қоғам ұяшығын бекіту аса қажет болып табылады. Оның ішінде әр-түрлі психологиялық көмекті қажет ететін барлық отбасы мүшелеріне отбасы орталығының құрылу қажеттілігі туды.
Мектеп ата-аналар үшін-жас ата-аналармен тұрақты ағартушылық дәріс өткізу қажет.Үздік отбасылардың оң мысалдарына сүйеніп, міндетті түрде халықты ағарту, үйрету қажет. Отбасы құндылықтарын қолдау және насихаттау, ата-аналардың үздік тәжірибесі бойынша арнайы бағдарламаларды жасау, күмәнсіз, жоғары деңгейдегі азаматтық бағытымен жүретін адамның тәрбиесіне, өмірі мен іс-әрекетінің жауаптылығына, өз мемлекетінің азаматы болуы сезіміне ықпал етеді.
Үздік ата-аналар мен сәтті отбасылардың оң бейнесін кең насихаттау, органдар мен білім беру ұйымдарының үздік ата-аналарды марапаттау мақсатында облыстық баспа және электронды БАҚ-та «Отбасы және қоғам», «Мен және менің отбасым», т.б. шығарылымын және рубрикаларын ашу қажет. Отбасы өте көп жақты. Бүгінгі күні отбасы құрушы адамға адам болмысының түрлі саласынан білім алу керек. Жақсы отбасыға психологиялық және этикалық, педогогикалық және экономикалық, физиологиялық, медициналық, үй шаруашылығын білу және эстетикалық білімдер қажет. Бұл «Отбасы өмірінің этикасы және психологиясы» атты мектеп курсының ерекше мәнін көрсетеді. Әрбір курстың сабағы отбасы өмірінің тек анықталған жақтарын ұйымдастыруға ғана емес, болашақ жұбайлардың, ата-аналардың, қарапайым мемлекет азаматтарының орнықты белгілеріне бағытталған.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Ұсыныстар:
1. Ата-аналар мен педагогтардан шығармашылық ұжым құру;
2. Ата-аналарды оқыту семинарларын ұйымдастыру;
3. Ата-аналарға «ашық есік күндерін» дағдылы ұйымдастыру;
4. Аудандық, облыстық басылымдарда «Отбасы және қоғам», «Мен және менің отбасым» рубрикаларын ашу.
Категория: Эссе
ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ, ЖОҒАРЫ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы,отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болуы тиіс. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.Бағдарламаның мақсаты-жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді,жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары менмерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
Бағдарламаның «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде мақсаттар мен міндеттер айқындалған.
Мақсаты: Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтікжауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жәнекөшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеті:
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Нысаналы индикатор:
Қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру,жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешуге жастардың қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студенттер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту міндеті жүктеледі.
Еліміздің әрбір азаматы «Мен- қазақстандықпын» деп шынайы патриотизммен жауап бере ала ма? Патриоттық сезім- адами келбеті қалыптасқан, тілін, дінін қастерлейтін, әке-шеше, Отан алдындағы парызын жауапкершілікпен түсінетін азаматтардың бойында болатын отаншылдық сезім.Сондықтан да Отанға деген сүйіспеншілікті кешенді түрде қалыптастыру керек.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» – деп жазса, ал мұғалімдер съезінде: «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткен.Елбасы соңғы Жолдауы- «Қазақтан-2050» стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту міндетін жүктейді.
Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш – жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның – дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.
Қазақстан Республикасы әскери доктрина және әскери құрылыс тұжырымдамасында: «Біз – егеменді мемлекетпіз және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселері ішкі және сыртқы саясаттың жалпы құрылымының өзегі болуға тиіс. Сондықтан бізге қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтанған, жоғарғы даярлықтан өткен, жақсы үйретілген, біздің егемендік мүддемізді қорғау үшін кез келген жағдайда іс-қимыл жасауға даяр тұратын армия қажет. Ал, мұндай армияны әскери құрылыстың тарихи тәжірибесіне және қазіргі заманғы көзқарастарға сүйенген ғылыми негізде ғана құруға болады » – деп атап көрсетеді.
Ұлан-байтақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді. Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Мектеп жасындағы баланың рухани-адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Н.Ә.Назарбаев:«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білі, моральдық құндылықтар беруш, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі.Жастардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды.
Қорыта айтқанда, сапалы білім мен саналы тәрбие беру қай уақытта да өзінің өзектілігін жоймақ емес.Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп,ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу ұстаздар қауымының жауапкершілігін арттыра түседі.
Категория: Баяндама.
Сертификат-тапсырыс:
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Бейнеу лицейінің тарих және «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
САйтта жарияланған сабақтары:
*
Жеке тұлғаны үйлесімді дамытудағы рухани-адамгершілік
құндылықтардың маңызы.
*
Жастардың бойында патриоттық сезімді,жоғары адамгершілік
және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.
*
Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Адрес: Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
Б. Момышұлы көшесі , Үй номері: 16 «А»
Индекс: 130100
Электронды пошта:darin_qulia@mail.ru
Ұялы телефон: 87013310386 ,87057480361
Үй телефоны: 8(72932)25011
