Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сыз ықша.

Шужина Айгуль Маметовна
 
А қтөбе қаласы,
№ 10 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаты
а) білімділік: тұрлаулы мүшелер,бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы түсінік,грамматикалық белгілерін меңгерту.
ә) дамытушылық : өз бетінше ізденуге,ойлау қабілеттерін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге жаттықтыру.
б) тәрбиелік: оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдісі : Топтастыру,сұрақ-жауап,ізденушілік,талдау.
Сабақтың көрнекілігі : Кесте,парақшалар,әдістемелік нұсқаулар.
Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу,оларды түгендеп,сабақтың мақсатын хабарлау,оқушыларды топтарға бөлу,бір-бірінің жауабын тыңдауды,бағалауды ескерту.
Біле бер қанша білсең,тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле
Ж.Баласағұн
І Қызығушылықты ояту
Ротация әдісі
*
Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы зерттейді(синтаксис)
*
Сөйлем мүшелері құрылысына қарай нешеге бөлінеді?(3 дара,күрделі,үйірлі)
*
Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі қызметі қандай?
Әр топ бір-біріне дайындаған сөйлемдерін талдауға ұсынады.
1-топ
1)Құрмаш бұл сөзге көнбеді.
2)Екеуі қайтадан Қарадырға бет қойды.
3)Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек.
2-топ
1)Енді кішкене жүрсек,өтіп те кетеміз.
2)Сиыр – төрт жүз,жылқы – мың үш жүз.
3)Жүрісте,отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
ІІ Мағынаны тану
а)Әр топқа парақшамен тапсырмалар берілді.Топ мүшелері 5 минут дайындалып,тақтаға жазады,дәлелдеп,түсіндіреді,талдайды.
1-топ
1)Қуаты – ақындық,үміті-халық(бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр)
2)Бұл- Бәкен(бастауыш сілтеу есімдігінен,баяндауыш зат есімнен).
3)Бес жердегі бес –жиырма бес(бастауыш та,баяндауыш та сан есімнен)
4)Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігі,баяндауыш зат есімнен).
5)Жүз-жиырма беске бөлінеді.
6)Бұл-Аянның адамгершілігін байқатады.
7)Оқу – әр баланың міндеті.Менің мақсатым –борышымды өтеу.
8)Жұртты ұйымдастыра бастаған – Бекболаттың ерлік күші.
2-топ
1)Ермегім – кітап оқу(бастауыш зат есімнен,баяндауыш тұйық етістік)
Үлкен үйден дәм татып келу-борыш(бастауыш тұйық етістік,баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).
2)Шетінен көшіріп жатқаны – кішкентай молда жіберген «Татьяна хаты»(бастауыш есімшеден,баяндауыш зат есімнен)
Ана- тіршілік бастауы(бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен)
4)Ол білімді инженер(бастауыш жіктеу есімдігінен,баяндауыш зат есімнен)
5)Бес жерде он-елу(бастауыш та,баяндауыш та сан есімнен)
6)Жүз жиырма – беске бөлінеді.
7)Бұл – мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы.
8)Арбадан түсіп жатыр екі кісі,
Біреуі –сақалдылау,бірі кіші.
а)Оқулықпен жұмыс.41,42-жаттығулар (шарты бойынша орындау)
б)Тест тапсырмалары(«иә»немесе «жоқ» деп жауап беру керек).
1-топ
1)Шылау сөйлем мүшесі бола алады ма? (жоқ)
2)Бастауыш кім?не? деген сұраққа жауап береді.(иә)
3)Анықтауыш- сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)
4)Баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі(иә)
5)«У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ(иә)
2-топ
1)Мен,сен,ол,біздер-жіктеу есімдігі(иә)
2)Биылғы күз салқын.Бұл құрмалас сөйлем(жоқ)
3)Сөйлем мүшелері дара,күрделі,үйірлі болады(иә)
4)Бастауыш сілтеу есімдігінен,баяндауыш зат есімнен болса,арасына сызықша қойылады.(иә)
5)Тұйық етістік бастауыштың қызметін атқара алады.(иә)
в)«Тірек сөздер»стратегиясы(Мәтін немесе әңгіме жазу,оны талдау)
Ұсынылатын тірек сөздер
1-топ 2-топ
Еңбек мереке
Нан халық
Бала көгершін
бұлақ жер шары
ІІІ Ой толғаныс.«Рафт»әдісі.
1-топ
Роль зейнеткер
Аудитория әкімшілікке
Форма өтініш
Тақырып зейнетақы туралы
2-топ
Роль дәрігер
Аудитория ата-анаға
Форма түсіндіру
Тақырып зиянды әдеттердің алдын алу туралы
Үйге тапсырма. Бағалау
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше