Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектебінің І санатты математика пәні мұғалімі Жұмағалиева Алмагүл Ғазымбекқызы
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Жумагалиева Алмагуль Газымбековна
6 «б» сынып Күні:18.09.2013ж
Сабақтың атауы
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.
Сілтеме
Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оқушыларға Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеттерінің анықтамасын түсіндіру. Пропорцияның негізгі қасиеттерін пайдаланып есептер шығаруға үйрету.Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Оқушыларға өз білімдерін нақты бағалауға көмектесу.
Оқыту нәтижелері
*
Оқушылардың пропорцияның негізгі қасиеттер ұғымы және оны шешу жолдары бойынша білген – тергендері жинақталып, жүйеленеді.
*
Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйренеді.
*
Оқушылардың өз білімдерін нақты бағалауға дағдыланады.
*
Практика жүзінде өз бетімен қолдана білу дағдысы қалыптасады.
*
математикалық тілде сөйлеу қабілеттері артады.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, өзін – өзі бағалау
Сабақтың көрнекілігі
Слайдтар, таратпалар, оқулық.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар координаталық түзудің анықтамасын, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін білуге тиіс. Координаталық түзудің шкаласын жасауды және координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алулары керек. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды шаттық шеңберге шығарып, сурет қиындылары бойынша топқа бөлу. Сурет қиындыларын біріктере отырып, сол оқушылар жұптар болады. Солайша 4 топқа бөлеміз..
Бағалау критерийлері
Өз ойын ашық айтады
*
Сабаққа белсенді араласты
*
Математикалық сауаттылығы
*
Есепті дұрыс шығара білді
*
Бағалауы
р/с
Оқушының тегі-аты
Білу
(жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы)
Түсіну
(жаңа тақырыпты түсінуі)
Қолдану
(алған білімдерін есеп шығаруда қолдану)
Талдау
(жаңа тақырып бойынша ойларын айту )
Жинақтау (жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау)
Бағалау (алған білімдеріне бір-біріне баға беру)
Қорытынды баға
1
2 мин
Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті 36 мин
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, сурет қиындылары бойынша топқа бөлу.
Білу- 5 мин
Жаңа тақырыптың тақырыбын өздері айтуға, және өздері игеруге көмектесу.
Алдымен сурет қиындыларын пайдаландым. Әрі өткен сабақты қайталап, еске түсіру. Есепті шығарып болған соң, суреттің кері жағында тұрған әріптерді құрастырып 4 топтан жаңа тақырыптың аты шығады.
Оқушылар мұғаліммен бірге сурет қиындылары бойынша жұмыс жасайды. Сурет қиындыларын құрастырып, кері жағындағы есепті шығарып тақырып атын табады, барлығы бірлесе жұмыс жасайды.
ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту
Оқушыларға суреттер, видеолар көрсету арқылы сабақты түсіндіріледі.
Суретке қарап және видеолар арқылы жаңа тақырыптарды өздері меңгереді.
ҚОЛДАНУ- 15мин «Кім жылдам» әр топқа есептер беріледі. «Кім шапшаң» тапсырмаларды беру арқылы, дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар
Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.
Бұл мысалды тақтаға балалар кезектесіп шығарады.
ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту
Балалар жұмыс жасап болған соң мен өзім теориялық түсіндіріп өтемін.
Балаларға пропорцияның негізгі қасиеттерін толық меңгерту. Сонымен қоса есептер беру.
Берілген мысалдарды Activ Studio программасында тақтаға орындату.
Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін.
Оқушылар таңдаған ұяшықтары бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.
Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.
ЖИНАҚТАУ-6мин
Оқушыларға «Ойлан тап» тапсырмалары арқылы, олардың жауаптары арқылы әр елдің купюрларының аты шығады.
Топтарғаға тапсырма.
Жауабы:
1-топ оқушылары бірлесе отырып жауап беріп, постерде қорғайды.
2,3-топ оқушылары бірлесе отырып жауап беріп, постерде қорғайды.
Бекіту 5 мин
3 .Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
«БББ» кестесін таратып беремін
БІЛЕМІН
БІЛДІМ
БІЛГІМ КЕЛЕДІ
Оқушылар кестені толтырады.
Бағалау 3мин
4.Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.
Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
Үйге тапсырма 30 секунд
5.Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
№ 53 №65 №69 20-23 бет
Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия 30 секунд
Оқушыларға стикерлер таратамын.
Оқушылар өздеріне сай стикерлер алып, толтырып, плакатқа жапсырады.
