Сіз білесіз бе?

Сипанова Баглан Саттаровна
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Қ.Ыдырысов атындағы ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
7-орыс сыныбы
 
Тақырыбы : Сіз білесіз бе?
Мақсаты: « Ас-адамның арқауы» бөлімі бойынша «Сіз білесіз бе?» тақырыбын меңгерту арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.
Сөздік қорын молайту,түсіну,ойлау, сауатты жазу ,сөйлеу әрекетерін қалыптастыру арқылы коммуникативтік және проблеманы шешу құзіреттілігін дамыту
Дұрыс тамақтануға тәрбиелеу
Сабақтың типі :жаңа оқу материалын таныту сабағы
Сабақтың түрі :аралас
Көрнекілік: тест тапсырмалары,интербелсенді тақта(ИТ),аударма сөздік.
 
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі .Тақырып бойынша сабақ мақсатын анықтату.
ІІ.Мотивация: М.Сервантес: «Түскі тамақты аз же,ал кешкі тамақты одан да аз же,өйткені бүкіл дененің саулығы біздің асқазанымыздың ұстаханасында шыңдалады»,-депті. Бұл сөздерді қалай түсінесіздер?
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту
1)Тыңдалым .Мәтінді тыңдау
Сіз білесізбе?
Ербол сұйық тамақты ұнатады. Сұйық тамақтардан көкөніс сорпасын және картоп сорпасын жақсы көреді. Ал оның інісі Азамат майлы тамақтарды жақсы көреді. Майлы тамақтардан оған қуырдақ және палау ұнайды. Майлы тамақты Азамат әдетте түскі аста ішеді. Көкөніс сорпасы адам денсаулығына өте пайдалы. Онын құрамында пайдалы дәру мендер бар. Ерболға бұл тамақ қатты ұнайды.
Сөздік:
ИТ-да:Әдетте-обычно
Құрамында- в составе
Дәрумендер-витамины
Оқылым .Мәтінді мәнерлеп оқу.
І.1.Айтылым :Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер:( 10ұпай)
1.Ербол қандай тамақты ұнатады?
2.Ербол қандай тамақ түрлерін жақсы көреді?
3.Азаматқа тамақтың қандай түрлері ұнайды?
4. Көкөніс сорпасы адам денсаулығына пайдалы ма?
2 . Айтылым.Жазылым :Берілген сөздердің антонимін тап: (10ұпай)
сұйық тамақ-
жақсы көреді-
түскі ас-
пайдалы-
ИТ-да жауаптары: 1. Ербол сұйық тамақты ұнатады
2.Ербол көкөніс сорпасын және картоп сорпасын жақсы көреді.
3. Азаматқа қуырдақ және палау ұнайды.
4. Көкөніс сорпасы адам денсаулығына өте пайдалы.
2 .сұйық тамақ-қою тамақ
жақсы көреді- жек көреді
түскі ас-кешкі ас
пайдалы-зиянды
ІІ.1 .Сөйлемдерді аудар: (5 ұпай)
Майлы тамақты Азамат әдетте түскі аста ішеді. Көкөніс сорпасы адам денсаулығына өте пайдалы. Онын құрамында пайдалы дәру мендер бар.
2. Айтылым.Жазылым Мәтіннен туынды сын есімдерді тауып,жасалу жолдарын көрсет,осы сөздермен сөйлем құрастыр: (13 ұпай)
ИТ-да жауаптары: 1. Жирную пищу обычно Азамат кушает в обед.Овощной бульон очень полезен для здоровья человека.В его составе есть полезные витамины.
2.майлы
Май-не? Түбірі ,зат есім
-лы-зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ
Майлы тағамдарды жиі жеуге болмайды.
түскі
түс- не? Түбірі ,зат есім
-кі- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ
Таңғы асты өзің іш, түскі асты жолдасыңмен бөліс,кешкі асты жауыңа бер.(мақал).
Пайдалы
Пайда- не? Түбірі ,зат есім
-лы- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ
Жеміс-жидектер пайдалы дәрумендерге бай.
ІІІ . Сөйлесім . Мәтін бойынша диалог құрастыр.(12 ұпай)
Қорытындылау (Тест тапсырмасын орындау)
І Ербол қандай тамақты ұнатады?
А) қою В)майлы С) сұйық
2.Ербол ұнататын тамақ түрлерін табыңыз.
А) палау, манты В) балық сорпасы
С) көкөніс және картоп сорпасы
3.Ерболдың інісі қандай тамақты жақсы көреді?
А) майлы В) сұйы қ С) майсыз
4.А заматқа тама қ тың қ андай түрлері ұнайды?
А) сәбіз сорпасы В) қуырдак және палау
С) балық және бұршақ сорпасы
5.Майлы тамақ адам денссаулығына …
А) зиян В) пайдалы С) жа қ сы
6. Майлы тамақты әдетте Азамат қай кезде ішеді?
А) таңғы аста В) түскі аста С) кешкі аста
3 сұраққа дұрыс жауап берсе- 3ұпай
4 сұраққа дұрыс жауап берсе-4ұпай
5-6 сұраққа дұрыс жауап берсе- 6 ұпай
Бағалау жүйесі:
«3»-25-37 ұпай
«4»-38-44 ұпай
«5»-45-50 ұпай
 
Үй жұмысы :
І.Дұрыс тамақтану туралы өз ана тіліңдегі мақал-мәтелдерді жазып, аудару.
ІІ. Ас,тағам,дұрыс тамақтану туралы мақал-мәтелдер,қанатты сөздер ,өлеңдер жазып келу,мағынасын түсіндіру.
ІІІ. «Дұрыс тамақтанудың пайдасы»тақырыбына мәтін жазу.
 
 
 
 
 
 
 
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше