Сөз таптары.

Ахметова Рысхан

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаңашаруа қазақ орта мектебі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың 2-ші сыныпта алған сөз таптары туралы мағұлматтарын еске алу, білімдерін тиянақтау, сөйлем құрап, оның ішінен сөз таптарын табу. Гарамматикалық ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылығы: Сөз байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, жауапкершлікті түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын, жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі:Жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру, топпен жұмыс, сөзжұмбақ.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, сөзөдер, топтастыру, көрініс, ой-қозғау, сурет бойынша жұмыс, шығармашылық жұмыс, дамытушылық тапсырма «Кім мерген?».

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй жұмысы.

280-жаттығу.

Ел көркі-мал,

Өзен көркі -тал. Көрік-көркі

Ережені еске түсіру. Бағалау.

3.Жаңа сабақ. «Сөзжұмбақ» шешу.

1.Уақыт өлшемі

2.Көру мүшесі

3.Көктемнің бірінші айы

4.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі

5.Жеті күн

6.Ірі жабайы жануар

7.Үй құсы

8.Үлкен қария

9.Балалар журналы

  1. «Ыстық» сөзіне қарама-қарсы сөз.

Қазақ тілінде сөздер мағынасына қарай 9 сөз табына бөлінеді екен. Соның біздер нешеуімен таныстық.

1.Топтастыру.

Сөз таптары: -зат есім (кім? Не? Кімдер? Нелер?); – сын есім (қандай? Қай?); -етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?); – сан есім (қанша? Неше? Нешінші?)

  1. ІІІ топқа бөліну. Әділ қазылар алқасын сайлау.

І.Түбір тобы ІІ.Жұрнақ тобы ІІІ.Жалғау тобы.

Ережелерін еске түсіру.

Алма 2 қарбыз тауық

(сурет бойынша осы сөздерге сөйлем ойлап талдау)

Зат есім Сын есім Зат есім Етістік

Мен қызыл алма жедім. Әкем дүкеннен екі қарбыз сатып алды. Тауық жем шоқыды.

Зат есімнің ережесі, сұрағы. Сын есімнің ережесі, сұрағы. Сан есімнің сұрағы. Етістік ережесі, сұрағы

Ережесін шығарып, сұрақтарын орналастыру.

«Түлкі мен тырна» ертегісі.

3.281-жаттығу (өз бетімен жұмыс)

Зат есім: түлкі, тырна, дос, қонақ, құмыра, ауыз, тұмсық, пісіреді.

Сын есім:тар, биік, жалпақ, ұзын.

Етістік: болды, шақырды, берді, ренжіді.

(3 оқушыға оқыту)

4.282 жаттығу. Тақтамен жұмыс.

Кең дала мөлдір су үлкен көл

Әдепті оқушы жүйрік тай әдемі сурет

(1 сөзге сөйлем құрау)

5.283 жаттығу 3 топқа 3 сөйлемді беріп талдау.

Карточкамен жұмыс. Топпен жұмыс.

Бақыт-бесаспап шебер бала. Ол суретті жақсы салады. Ән айтады, би билейді. Бақыт үшінші сыныпта оқиды.

«Жұлдызды сағат» ойыны. Сергіту сәті.

6.Ұлттық тағамдар.

1.Ірімшік-ірі, іш, іні, шік, ішік

2.Бес бармақ-бес, тар, ес, арба, ақ, бармақ

3.Бауырсақ-бау, ар, бас, ауыр

Үй жұмысы.

284-жаттығу. «Қыс қызығы»

Сөз таптарына әңгіме құру, талдау.

Барыс-жыртқыш аң.

8.Білгенге-маржан.

Мақал-мәтелдер сайысы. (Топпен жұмыс)

Сан есімге

Білекті бірді жығады.

Білімді мыңды жығады.

Сын есімге:

Әдіпті бала-арлы бала.

Әдепсіз бала-сорлы бала.

Зат есімге:

Адал адам-жаныңа дос,

Адам арам-малыңа дос.

9.Қорыту. «Кім мерген» ойыны. Сұраққа жауап беру.

10 ұпай-Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары

20 ұпай-Еңбекқор дегенімін не? Сұрақтары

30 ұпай-Ерұлан сабақ оқып отыр. Сөз таптарына талда.

40 ұпай-Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары

50 ұпай-Жұмысшылар сөзін сөз құрамына талда.

60 ұпай- Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары

70 ұпай- Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір

80 ұпай- Етістік дегеніміз не? Сұрақтары

90 ұпай- Туынды сөз дегеніміз не? Мысал келтір

100 ұпай-Бөркі, құлпы, халқы сөзінің түбірін айт.

Бағалау. Әділ қазыларға сөз береміз. Жеңімпаз топты анықтау. І,ІІ,ІІІ орындар беру. Жеке оқушыларды алғыс хатпен марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше