Етістік туралы ұғым.
Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі
Бахрадинова Жулдуз Тугелбаевна
Бастауыш класс мұғалімі
Қазақ тілі 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы ұғым.
Сабақтың мақсаты: Етістік сөз табы туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділік: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы еске түсірте, талдай отырып, өздеріне етістік ұғымына, сөз табына ереже шығартып, қорытындылату, тапсырмалар негізінде меңгерту;
Дамутышылық: Оқушылардың теориялық ойлауын, дүниетанымын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу және жазу дағдыларын, шығармашылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденіске, қиындықты жеңуге, байсалды жауап беруге, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа, ойнай отырып ойлана білуге баулу;
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ әдісі: проблемалық әдіс, талдау, салыстыру,өз бетінше жұмыс, қорытындылау;
Сабақтың құрал – жабдықтары: «Қыспен қоштасу, көктеммен достасу» (ойын – сюжетті плакат), оқулық, кеспе сөздер, үнтаспа, дөңгелек белгілер:
Сабақ барысы:
I. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі:
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс мезгілі
– Қыс мезгіліне қандай айлар жатады:
– Желтоқсан, қаңтар, ақпан
– Бүгін қай күн?
– Ақпан айының жиырма жетісі
– Өте жақсы. Яғни, қыс мезгілінің аяқталуына 2-ақ күн қалған екен. Ендеше, бүгінгі сабағымызды «Қыспен қоштасу, көктеммен достасу» сабағы деуге де болады.
– Ал, қане қысқы ойын түрлерін кім атайды?
– Хоккей, коньки, шаңғы, аққала жасау.
– Жақсы осы тақырыпқа қатысты зат есімдерді кім айтады:
– Қыс, қар, ойын, коньки, шаңғышылар, аққала.
(Балалар дәптерлерін ашып, күннің жадын, класс жұмысын, етістік ұғымын жазып, зат есімдерді көркем етіп, дәптерлеріне жазады. Өзім үлгі жазуды тақтаға жазамын).
– Енді, балалар, бүгінгі сабағымызда қыспен қоштаспай тұрып, қысқы ойындарды ойнап алайық. Келістік пе?
1 – ойын: «Коньки тебу» (плакатқа суретті жапсыру. Ол үшін мына тапсырманы орындайсыздар. Дәптерімізге «Қысқы ойындар» тақырыбында шағын әңгіме жазамыз. Ал Төлеген, Тілеген, Жанна, Мейірбек тақтадағы зат есімдермен сөйлемдер құрастырады (музыка қосылып, 3 минут уақыт беріледі)
2-3 балаға әңгімелерін ауызша оқытып тексеремін; Әрқайсысының бір сөйлемінен зат есім мен қимылын білдіретін сөздерін тақтаға жаздыртып, талдатып, сұрақтар қойдыртамын.
не? қайтті? не? қайтті? кімдер? не істеді?
Мысалы: Қыс келді. Далада қар жауды. Балалар шаңғы тепті. (Қимылын білдіретін сөздер: келді, жауды, тепті)
– Сонда балалар, осы заттардың қимылын білдіретін сөздерді бір ұғыммен – етістік деген сөз табы деп атайды екенбіз. Соған өзіміз ереже щығарып, анықтама беріп көрейікші.(Оқушылар өздері ереже шығарып, қорытындылайды)
2-ойын: «Шаңғы тебу» (Шаңғышыны жапсыру)
Ол үшін оқулықтағы 334-жаттығуды орындайық. Қимыл атауларын білдіретін сөздерді ауызша ататып, сұрақ қойдырту.
3-ойын. «Аққала жасау» ойыны. Ол үшін 335-жаттығуды орындайық (2бала тақтаға орындайды. Түледі сөзінің мағынасын аштырту. Етістіктерді сұрақ қою арқылы таптырту)
– Міне, балалар, қыс мезгіліндегі барлық ойын түрлерін біліміміздің арқасында ойнап қалдық. Енді қай жыл мезгілі келеді?
III. Сергіту минуты: (Балалар, мен табиғат құбылыстарын атаймын.Олардың қимыл іс- әрекетіне сұрақтар қоямын. Сіздер қимылмен көрсетесіздер).
*
Жел қайтті? (Соққанын көрсетеді)
*
Бұлттар қайтті? (Бұлттардың көшкенін көрсетеді)
*
Жаңбыр қайтті? (тырсылын дыбыстап көрсетеді)
*
Кемпірқосақ қайтті? (асылып шыққанын көрсетеді)
*
Күн қайтты? (Күннің жадырағынан бейнелейді)
(Орындарына отырады)
– Міне, балалар, көктем мезгілі де басталғалы тұр екен.
Табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
*
Далада қар ериді.
*
Күн жылынады.
*
Жыл құстары туған жерге ұшып келеді
(Қыс суреті алынып тасталып, астындағы көктем бейнесі шығады)
*
Ең бірінші болып қай кұс келеді?
*
Қараторғай.
*
Біз оларға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
*
Ұя жасап қоюмыз керек.
4 – ойын: «Ұя жасап, ағашқа қондыру» ойыны. (Ол үшін оқулықтағы 336-жаттығуды орындап көрейік. Жаттығу жазбаша орындалады. 2 баладан ауызша талдануы сұралады). Ұя ілінеді.
5 – ойын: «Қараторғай тапсырмасы». (Ұяға қараторғай келіп қонады)
– Балалар, міне қараторғайымыздың да ұшып келіп қалыпты. Ол өзімін бірге тапсыралар әкеліпті. Соларды орындаймыз ба?
1 – тапсырмасы: «Қуып жет» ойыны. Шарты мынандай: менің қолымдағы дөңгелектер ұпай саны болып есептеледі.
– Мен бір зат есім атаймын. Сіздер соған қимылын білдіретін сөзді, яғни етістікті тауып айтуларыңыз керек.
– Кім көп ұпай жинаса, сол бала ойын жеңімпазы саналады.
Мысалы: 1. Көктем … (келді). Қар … (еріді). Құстар … (сайрады). Гүлдер … (өсті). Жаңбыр … (жауды). Күн … (шықты). Жаңбыр …(басылды). Қар …(борады). Бұршақ …(жауды). Өзен …(тасыды). Су …(ақты). Ағаштар … (гүлдеді). Шөп … (жайқалып өсті). Аққу … (жүзді). Аңдар …(оянды). Жыл құстары… (келді).
2 – тапсырмасы: (тірек сөздерді таратып беремін). Оқушылар сол сөздермен ауызша әңгіме құрастырулары керек.
1. Көктем келді. 2 … еріді. 3. … жылынды. 4. … оралды. 5. … жасады. 6. … құлпырды. (Етістіктер таптырылып, сұрақ қойылып талданады)
IV. Бекіту – Сонымен, балалар, бүгін қандай сөз табы туралы ұғым алдық?
Ережесін кім айтады?
V. Үйге тапсырма: ереже (123-бет) 137 – жаттығу
VI. Бағалау – Балалар. Бүгінгі сабағымызда көктем мезгілімен де достасып қалдық. Көктемде қайлап өсер қызғалдық гүлдер де осында екен. Оқушылар өзін-өзі бағалауы тиіс. Ол үшін:
«Кім «5»-ке жұмыс жасаса, қызыл гүлді;
«4»-ке жұмыс жасаса, күлгін түсті қызғалдақты;
«3»-ке жұмыс жасаса, сары түсті қызғалдақты алуы тиіс.
