Бірінші сыныпқа оқушыларын диагностикалық зерт теу жоспары

ШҚО, Жарма ауданы,
Қалбатау ауылы,
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия
Садвакасова Индира Кайратовна
Мектеп психологы
Бірінші сыныпқа оқушыларын диагностикалық зерттеу жоспары
Мақсаты:
Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық- педагогикалық жағдай жасай отырып, оқу әрекетінде оқуға деген ынтасын, танымдық үрдістерін анықтау, ой-өрісін дамыту. Өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне- өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.
Негізгі жұмыс әдістемелері:
*
Танымдық қабілетке арналған тест
*
Түзету жаттығулары
*
Проекциялық әдістемесі
*
Тренингтер/ойын, жаттығулар/
Кіріспе.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптасқан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарма-тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.
12 жылдық орта білім ең алғашқы бастауыш буында басталады. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқытылатын бүкіл пәндердің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар, білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Оқушының негізі іс-әрекет түрі- оқу. Осы бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастыруымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге, құмарлық, әуестікте» байқалады, өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отырғандықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды. Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі негізінен зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды/ оқу іс-әрекетінің табысы болуына деген жауапкершілік.
Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері байқалады:
*
Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас.
*
Білім алуға және оны меңгеруге тырысу.
*
Таным үрдісі мен танымдық іс-әрекетінің эмоционалдық көрінуі.
*
Танымдық іс-әрекетте еріктің болуы.
*
Танымдық белсенділігінің жалпы сипаты.
*
Мектепке және оқуға жағымды қатынасы.
*
Жеке бас ерекшілігі байқалады.
Бастауыш сынып оқушыларының диагностикалық зерттеу бағдарламасы 34 сағат, аптасына 1 рет өткізу керек. Бұл бағдарлама 1 сыныпқа арналған.
Бастауыш сынып оқушыларын диагностикалық зерттеу.
Жылына- 34 сағат, аптасына- 1 рет.
*
сынып

өткізілген іс-шара
Сағат саны
1
Ойлау қабілеті:
*
Қай сурет артық?
*
Суретте не жетіспейді?
*
Сұраққа жауап беру.
*
Төртінші артық.
 
1
1
1
1
2
Коррекциялық жұмыс
2
3
Есте сақтау қабілеті:
*
Сандарды есте сақтау.
*
Бейнені есте сақтау.
*
Фигураларды есте сақтау
*
Ұзақ мерзімді есте сақтау.
 
1
1
1
1
4
Коррекциялық жұмыс
2
5
Зейін:
*
Ой айырмашылықты тап
*
Көбелек саны нешеу?
*
Әріптер арасында сөз табу.
*
Ойыншықтар.
 
1
1
1
1
6
Коррекциялық жұмыс
2
7
Қиял:
*
Ауызша қиялдау.
*
Сурет қиялы
 
1
1
8
Коррекциялық жұмыс
2
9
Қабылдау:
*
Геометриялық фигура
*
Суреттің қай жері аяқталмаған?
 
1
1
10
Коррекциялық жұмыс
2
11
Ақыл-ой даму деңгейі:
*
музыкалық;
*
Көркем сурет;
*
Математикалық:
*
Шығармашылық
 
1
1
1
1
12
Проекциялық әдістемелер:
*
Менің жанұям.
*
Әлемде жоқ жануар.
 
1
1
13
Жеке бас ерекшеліктері:
*
Мен қандаймын? Мен кіммен?
*
Жанұядағы менің орным. Менің тәртібім.
 
1
1
 
Қорытынды.
Бастауыш сынып оқушының өткізілген диагностика тесті, коррекциялық- түзету арқылы танымдық үрдістері / ойлау, назар аудару, қиял, қабылдау абілеттері/ жақсы жетіледі, бірте- бірте ой қалыптасып және ол заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйренеді. Оқушыларды тапқырлыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, оқушылармен қарым-қатынасын жақсартуға үйретеді. «Мен» жүйесін қалыптастырады. Оқушы өзінің бойындағы кемшіліктерді тани біліп, оны жоюға тырысады.
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше