«Қазақ афоризмдері».

Сипанова Баглан Саттаровна

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

Қ.Ыдырысов атындағы ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Қазақ афоризмдері». Оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-орыс сыныбына арналған арнайы курс бағдарламасы.

Түсінік хат.

Афоризм- ойдың материалдық көрінісі.Ол шағын көлемге кең мағына сыйғызып,ой айтудың ең тиімді әрі әсерлі тәсілі.Қазақ афоризмдерін қазақ философиясының төл табиғатын ашар,тақырыбы мен тәсілін танып-білуге жол көрсетер терең ғылыми-көркем жүйе ретінде қарастырамыз.

Бұл бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-орыс сынып оқушыларына арналған. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр.

Арнайы курстың мақсаты-қазақ халқы даналарының афоризмдерін оқып-үйрену арқылы эстетикалық талғамы жоғары,түйген ойларын өз өмірлік тәжірибесінде қолдана білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

-әдеби шығармалар арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

  • қазақ халқы даналарының философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, көзқарастарымен таныстыру;

-қазақ халқының ұлы ғұламаларының шығармалары арқылы оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушының тілдік шығармашылық қабілеттері жетіледі;

-қазақ әдебиетін оқып-үйренуге деген қызығушылығы артады;

-оқушының танымдық біліктілігі,логикалық ойлау қабілеті қалыптасады;

-қазақша сөйлеу мәдениеті дамиды;

-қазақ афоризмдерінің адам тіршілігіндегі мәнін ұғынады;

-афоризмдердің басты идеясын және философиялық тағылымдарын түсіне біледі.

Курс соңында оқушылар тақырыптық рефераттар қорғайды, «Афоризмдер»жинағын жасайды.

Курс жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1.Кіріспе. «Қазақ афоризмдері» курсы туралы түсінік. Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі.

2.Әбу Насыр әл-Фараби.Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

Ұлы ойшыл,энцеклопедист,ғалым.Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары.

3.Жүсіп Баласағұн.Жақсы іс көп жасайды.

Ұлы түрік ойшылы,ақын.Өмір,ой-сана,білік пен білім,билік,мінез-құлық қырлары туралы афоризмдері .

4.Асан Қайғы (Сәбитұлы Асан).Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар.

Ұлы философ,ақын.Асан қайғының ойларының бір өзегі-адам мен қоғам,табиғат пен тіршілік тақырыбы.

5.Әйтеке Байбекұлы.Қара қылды қақ жарған –жақсылырдың белгісі.

Ұлы би,билік айтып,заң шығарумен айналасқан.Елдің тұтастығын,бірлігі мен ынтымағын сақтау туралы афоризмдері.

6.Төле Әлібікұлы.Бірлік бар жерде-тірлік бар.

Ұлы би,билік айтып,заң шығарумен айналасқан Елдің тұтастығын,бірлігі мен ынтымағын сақтау туралы афоризмдері.

7.Қазыбек Келдібекұлы.Ашу-дұшпан, ақыл-дос.

Ұлы би,билік айтып,заң шығарумен айналасқан. Елдің тұтастығы,әділдік пентеңдік туралы афоризмдері.

8.Сүйінбай Аронұлы.жаманның көкірегі –көр,көзі-соқыр.

Ақын,жыршы.Өмір туралы,заманаболмысы,жастық пен кәрілік жайлы афоризмдері.

9.Шоқан Уәлиханов.Адам-таңғажайып құбылыс.

Ғалым,ағартушы,ойшыл.Дүниетанымдық ұстанымдары.

10.Абай Құнанбаев.Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.

Ұлы ақын,философ.Дүниетанымдық,саяси-әлеуметтік,философиялық шығармаларындағы афоризмдері.

11.Жамбыл Жабаев.Елдің серті-ердің серті.

Ұлы ақын,жыршы. Философиялық шығармаларындағы афоризмдері.

12.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Жан-сәуле,жүрек-айна.

Ақын,ауыз әдебиетін жинаушы,шежіреші.Философиялық ойлары, афоризмдері.

13.Шәкәрім Құдайбердіұлы.Ақыл деген-өлшеусіз бір жарық нұр.

Ақын,философ,аудармашы.Танымдық,тағылымдық өлеңдеріндегі афоризмдері.

  1. Ахмет Байтұрсынұлы. Өзгеге емес,өзіңе өкпеле.

Ұлы ағартушы,көрнекті ғалым,ақын,публицист. Танымдық,тағылымдық шығармаларындағы афоризмдері.

15.Міржақып Дулатов.Оян,қазақ.

Ағартушы,ақын,мемлекеттік тәуелсіздік жолында күрескен саяси қайраткер. Дүниетанымдық,саяси-әлеуметтік,философиялық афоризмдері .

16.Сұлтанмахмұт Торайғыров.Елге пайда-ерге абырой.

Ақын,ойшыл,ағартушы. Дүниетанымдық,саяси-әлеуметтік,философиялық афоризмдері .

17.Мағжан Жұмабаев.Жан көріністерінің ең қымбаты-ой.

Ұлы лирик ақын.Дүниетанымдық,саяси-әлеуметтік,философиялық шығармаларындағы афоризмдері.

18.Мұхтар Әуезов.Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза.

Ұлы жазушы,драматург,әдебиетші-ғалым. Дүниетанымдық,саяси-әлеуметтік,философиялық афоризмдері.

19.Ғабит Мүсірепов.Көркем сөз-жанның сәулесі.

Ұлы стилист жазушы,драматург.Әдеби-философиялық күнделігі.

20.Бауыржан Момышұлы.Азамат жолы-ар жолы.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңты қолбасшы,жазушы.Ерлік,батырлық,әділдік,еңбектену туралы афоризмдері.

21.Мұзафар Әлімбай.Ақиқатты тек ақылды көздермен көруге болады.

Ақын,мақал-мәтел,нақыл сөздерді жинаушы.Сөз құдіреті,ұстаздық,еңбек,жақсылық туралы афоризмдері.

22.Қадыр Мырза Әли.Адамның бір аты-пенде.

Ақын.Кісілік,бірлік,ұят,шындық,отаншылдықпен ұлтжандылыұ туралы афоризмдері .

23.Олжас Сүлейменов.Тауларды аласартпай,даланы биіктетейік.

Ақын,саяси және қоғам қайраткері,дипломат.Тіл мен тарих,адамның өзін-өзі тану мәселелері туралы афоризмдері.

24.Әбіш Кекілбаев.Ақиқаттың мекені-жүрек.

Ойшыл,жазушы,публицист,ірі мемлекет және қоғам қайраткері.Рухани бай адам,адамгершілік,өнер туралы афоризмдері.

25.Нұрсұлтан Назарбаев.Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады.

Қазақстанның тұңғыш Президенті.Уақыт,ақыл-парасат,қазақ халқы,еңбектену,тәуелсіздік,отаншылдық туралы афоризмдері.

26.Сағат Әшімбаев.Адам бақытты болу үшін жаралған.

Сыншы,қоғам қайраткері,журналист.Адамның бақыты,өлең мен өнер,рухани мәдениеттілік туралы афоризмдері.

27.Рефераттар,жинақтар қорғау.

«Қазақ афоризмдері» арнайы курсының

күнтізбелік жоспары.

Тақырыбы Сағат саны күні
1 Кіріспе. «Қазақ афоризмдері» курсы туралы түсінік. Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі. 1
2 Әбу Насыр әл-Фараби.Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. 1
3 Жүсіп Баласағұн.Жақсы іс көп жасайды. 1
4 Асан Қайғы (Сәбитұлы Асан).Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар. 1
5 Әйтеке Байбекұлы.Қара қылды қақ жарған –жақсылырдың белгісі. 1
6 Төле Әлібікұлы.Бірлік бар жерде-тірлік бар. 1
7 Қазыбек Келдібекұлы.Ашу-дұшпан, ақыл-дос. 1
8-9 Сүйінбай Аронұлы.Жаманның көкірегі –көр,көзі-соқыр. 2
10 Шоқан Уәлиханов.Адам-таңғажайып құбылыс. 1
11-12 Абай Құнанбаев.Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп. 2
13 Жамбыл Жабаев.Елдің серті-ердің серті. 1
14-15 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Жан-сәуле,жүрек-айна. 2
16 Шәкәрім Құдайбердіұлы.Ақыл деген-өлшеусіз бір жарық нұр. 1
17-18 Ахмет Байтұрсынұлы. Өзгеге емес,өзіңе өкпеле. 2
19 Міржақып Дулатов.Оян,қазақ. 1
20 Сұлтанмахмұт Торайғыров.Елге пайда-ерге абырой. 1
21-22 Мағжан Жұмабаев.Жан көріністерінің ең қымбаты-ой. 2
23-24 Мұхтар Әуезов.Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза. 2
25 Ғабит Мүсірепов.Көркем сөз-жанның сәулесі. 1
26 Бауыржан Момышұлы.Азамат жолы-ар жолы. 1
27 Мұзафар Әлімбай.Ақиқатты тек ақылды көздермен көруге болады. 1
28 Қадыр Мырза Әли.Адамның бір аты-пенде. 1
29 Олжас Сүлейменов.Тауларды аласартпай,даланы биіктетейік. 1
30 Әбіш Кекілбаев.Ақиқаттың мекені-жүрек. 1
31-32 Нұрсұлтан Назарбаев.Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады. 2
33 Сағат Әшімбаев.Адам бақытты болу үшін жаралған 1
34 Рефераттар,жинақтар қорғау. 1

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абай.Таңдамалалы шығармалары.Алматы,қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы,1952.

2.Әлімбаев М.Көңіл күнделігі.Алматы,«Жалын»,1996.

3.Әлімбай М.Нақылдар кітабы.Алматы, «Атамұра»,2000.

4.Әуезов М.Шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы»,1979.

5.Байтұрсынов А.Шығармалары. Алматы, «Жазушы»,1989.

  1. Балсағұн Ж. Құтты білік.(Ауд.А.Егеубаев). Алматы, «Жазушы»,1986.

7.Билер сөзі.(Шешендік толғаулар,шешендік арнаулар,шешендік даулар).Құраст.Т.Кәкішев.Алматы,«Қазақ университеті»,1992.

8.Даналардан шыққан сөз. Нақылдар жинағы.(Құраст.Ауд.Ұ.Асылов). Алматы, «Жазушы»,1989.

9.Дулатов М.Шығармалар жинағы. Алматы, «Мектеп»баспасы,1994.

  1. Құдайбердиев Ш.Шығармалары.(Өлеңдер,дастандар,қара сөздер). Алматы, «Жазушы»,1988.

  2. Мырза Әли Қ.Үкілі үзінділер(Тартымды тармақтар мен шырайлы шумақтар). Алматы, «Ана тілі»,1996.

  3. Шаймерденұлы Е.Даналық дидары.Алматы,«Өлке»,2002.

  4. Шаймерденұлы Е.Ақыл-ой антологиясы.Алматы,«Өлке»,2004.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше