Химия пәні бойынша «Интеллектуалдық ойын» білім сайысы

Батыс Қазақстан Облысы
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы
білім беретін мектеп – балабақшаның
химия пәнінің І санатты мұғалімі
Таженғалиева Баян Қанатқызы
 
 
Химия пәні бойынша «Интеллектуалдық ойын» білім сайысы
Мақсаты:
-Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып қосымша мағлұмат беру:
-Өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа шапшаңдыққа үйрету
-ойлау қабілеттерін арттыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, карточка қағаздары
Жоспары:
Кіріспе: Білім сайысының басталуын хабарлау әділқазылар тобын таныстыру
І кезең. Таныстыру . Әр топ аттарын, мақсаттарымен топ аты жөнінде қысқаша мағлұмат береді.
ІІ кезең. Ой жарыс. 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер жауап бере алмаса, онда қарсы топ мүмкіндік алып, ұпай сол топқа қосылады.
І топқа
1.Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым? (Ломоносов)
2.Негіздер деген не? (Құрамы металл атомынан және гидроксил тобынан тұратын күрделі зат.)
3.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? (Иод)
4.Химиялық таңба алдына қойылатын сан? (Коэфицент)
5.Электролиттік диссоциация теориясын ашқан? (С.Аррениус)
6.Көмір қышқылының тұздары қалай аталады? (Карбонаттар)
7.Темірдің салыстырмалы атомдық массасы? (56)
8.Сұйық металл? (Сынап)
9.Ауа құрамындағы оттегі мөлшері? (21%)
10.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі? (Атом)
ІІ топқа
1.Периодтық жүйені кім, қай жылы ашты. ( Менделеев 1869 ж)
2.Оксидтер деген не? (біреуі оттек болатын, екі элементтен тұратын қосылыс)
3.Екі жеңіл металл (Литий)
4.Салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең элемент (калий)
5.Атом құрылысының моделін ұсынған ғалым (1911 ж Э.Резерфорд)
6.Азот қышқылының тұзы қалай аталады? (нитраттар)
7.Күкірт неше валентті (2,4,6)
8.Электр шамдарының жіңішке сымдарын жасайтын металл (вольфрам)
9.Адам организміндегі оттегі мөлшері (65%)
10.Химия ғылымы нені зерттейді? (бір заттың екінші затқа айналуын зерттейді)
ІІІ кезең. «Ол кім?», «Ол не?»
І топқа І 1.Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпас емес» деген ұлағатты сөздің авторы.
2.Қазақстанды «Інжу маржан» деп сипаттаған
3.Шығыс ұлттары өкілдері ішінен шыққан алғашқы акдемик
4.Қазақстанның тұңғыш академигі (Қ.И.Сатпаев)
ІІ .1.Тарихшылар оны өмірді, қоғамды өзгерткен элементтер арасында алғашқы «революционер» дейді
2.Инженерлер оны машина жүрегі құрылысшылар ағаштың ине-жібі, дәрігерлер қанның бояуы дейді.
3.Иілімді, басқа металдардан ерекшелігі магниттік қасиеті бар. (темір)
ІІ топқа
І. 1. Оны неміс философы К.Маркс «Адамзат ашқан алғашқы металл?» деген
2.Ол мемлекеттің күш-қуатының балама эквиваленті ретінде мемлекеттік қорда сақталуы
3.Табиғатта саф, таза күйінде кездеседі
4.Ол металл «аурум» деп оқиды (Алтын)
ІІ. 1.Чернышевский «Социализм металы» деп атаған?
2.1827 ж Велер синтудеп алды.
3.Жер қыртысында таралуы бойынша 3-орында
4.Күмістей ақ,иілімді, электр өткізгіш (алюминий)
IV кезең.«Формула, ал құра» 1 минут ішінде берілген элементтерден формулалар құру. Кім көп және қатесіз орындайды.
Na,Al,Cl,O,H,SO 4 ,OH,Fe,NO 3 ,Mg
V кезең. «Тәжірибені түсіндір!»
Экраннан электрондық оқулық бойынша тәжірибелер көрсетіледі. Тәжірибені түсіндіріп р.т.ж.
VI кезең «Шешімін тап» Екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Әрі дұрыс, әрі шапшаң орындау керек.
№ 1 Мына айналымдарды жүзеге асыру
C→CO→CO 2 →H 2 CO 3 →CaCO 3 →Ca(OH) 2
№ 2 .Массасы 17,2 күкірт (IV)оксиді сумен әрекеттескенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?
№ 3 .Тұздың 25%-тік 250 г ерітіндісін даярлау үшін қанша тұз және қанша су қажет?
VII кезең «Құпия сөздің құлпын аш» Сұраққа әр топ балл тігеді, жауап берсе қосылады, бере алмаса шегеріледі.
I топқа
1.«Құрғақ мұз», «Әк суы», «0,03%»
Сұрақ:
1.Ауадан ауыр,жоғары қысымды сұйылатын түссіз, иіссіз газ (CO 2 )
2. «Кавендиш», «Металдар қатары», «Кипп аппараты»
Сұрақ:Түссіз,иіссіз, дәмсіз суда аз еритін газ (Сутек)
II топқа
1.«Аллотропия» , «Құм» , «25%»
Сұрақ: Қоңыр, ұнтақ немесе қатты металдық жылтыры бар қою, сұр түстік қатты зат. Кремний
2.«Аллотропия» , «VI топ», «оқ-дәрі»
Сұрақ: Судан жеңіл, ерімейді, органикалық еріткіштерде аз ериді. Су өткізбейтін бұйымдар алуда қолданылады. (Күкірт)
VIII.Қорытынды
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше