Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін ш ешу.
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектебінің І санатты математика пәні мұғалімі Жұмағалиева Алмагул Ғазымбекқызы
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Жумагалиева Алмагуль Газымбековна
11 «а» сынып Күні:28.01.2014ж
Сабақтың атауы
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу.
Сілтеме
Алгебра және анализ бастамалары – 11 сынып.
Жалпы мақсаты
Көрсеткіштік теңдеу ұғымын және оны шешу тәсілдерін меңгерту.
Көрсеткіштік теңдеулермен олардың жүйесін шешу дағдысын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыстануда бір-бірін сыйлауға, қарым-қатынас жасай білуге дағдыларын дамыту.
Дәлдікке, ұқыптылыққа, өз ойларын еркін айтуға, белсенділікке тәрбиелеу.
Оқушыларға өз білімдерін нақты бағалауға көмектесу.
Оқыту нәтижелері
*
Оқушылардың көрсеткіштік теңдеулермен олардың жүйесін шешу ұғымы және оны шешу жолдары бойынша білген – тергендері жинақталып, жүйеленеді.
*
Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйренеді.
*
Оқушылардың өз білімдерін нақты бағалауға дағдыланады.
*
Практика жүзінде өз бетімен қолдана білу дағдысы қалыптасады.
*
математикалық тілде сөйлеу қабілеттері артады.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, өзін – өзі бағалау
Сабақтың көрнекілігі
Слайдтар, таратпалар, оқулық.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар көрсеткіштік теңдеулермен олардың жүйесін шешу әдістерін білуге тиіс. Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды шаттық шеңберге шығарып, сурет қиындылары бойынша топқа бөлу. Сурет қиындыларын біріктере отырып, сол оқушылар жұптар болады. Солайша 2 топқа бөлеміз..
Бағалау критерийлері
Өз ойын ашық айтады
*
Сабаққа белсенді араласты
*
Математикалық сауаттылығы
*
Есепті дұрыс шығара білді
*
Бағалауы
р/с
Оқушының тегі-аты
Білу
(жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы)
Түсіну
(жаңа тақырыпты түсінуі)
Қолдану
(алған білімдерін есеп шығаруда қолдану)
Талдау
(жаңа тақырып бойынша ойларын айту )
Жинақтау (жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау)
Бағалау (алған білімдеріне бір-біріне баға беру)
Қорытынды баға
1
2 мин
Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті 36 мин
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, сурет қиындылары бойынша топқа бөлу.
Білу, Түсіну- 8 мин
Тақырыптың өздері айтуға, және өздері игеруге көмектесу.
Алдымен сурет қиындыларын пайдаландым. Әрі өткен сабақты қайталап, еске түсіру. Есепті шығарып болған соң, суреттің кері жағында тұрған әріптерді құрастырып 2 топтан бүгінгі тақырыптың аты шығады.
«Миға шабуыл» тапсырмасында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып жауап алу. Үй тапсырмасы тексеріледі.
Оқушылар мұғаліммен бірге сурет қиындылары бойынша жұмыс жасайды. Сурет қиындыларын құрастырып, кері жағындағы есепті шығарып тақырып атын табады, барлығы бірлесе жұмыс жасайды.
«Миға шабуыл» тапсырмасында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылған сұрақтарға жауап беру.
ҚОЛДАНУ- 15мин «Сиқырлы ұяшықты» таңдай отырып, әр топқа есептер беріледі.
Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.
Бұл мысалды тақтаға балалар кезектесіп шығарады.
ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту
Балалар жұмыс жасап болған соң екі топ «Кім жылдам» тапсырмасы бойынша ұяшық таңдау арқылы, көрсеткіштік теңдеулер мен олардың жүйелерін шешу және рационал көрсеткішті дәрежеге SWOT, SMART – талдау жасай отырып, постер қорғау. Тақтаға ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып жазу.
Берілген мысалдарды Activ Studio программасында тақтаға орындату.
Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін.
Оқушылар таңдаған ұяшықтары бойынша постер қорғайды. Екі тақырыпты да талдайды. Соңында ұқсастығы мен айырмашылығын жазады.
Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.
ЖИНАҚТАУ-6мин
Оқушыларға «Ой қозғау» сәйкестендіру тестісі арқылы, сабақты қорыту.
Оқушылар бірлесе отырып жауап береді, тақтаға көрсетеді.
Бекіту 5 мин
3 .Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
«БББ» кестесін таратып беремін
БІЛЕМІН
БІЛДІМ
БІЛГІМ КЕЛЕДІ
Оқушылар кестені толтырады.
Бағалау 3мин
4.Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.
Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
Үйге тапсырма 30 секунд
5.Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
№ 375 №376
Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия 30 секунд
Оқушыларға стикерлер таратамын.
Оқушылар өздеріне сай стикерлер алып, толтырып, плакатқа жапсырады
.
