Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі, 6-сынып

Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уәлиева Әсемгүл Мұхамедіғалықызы

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі, 6-сынып
Мақсаты: Жазушының өмірінен қысқаша мағлұмат бере отырып, шығарманы талдау. Авторлық позицияны таныту.Кейіпкер бейнесін ашу. Адамгершілік қасиеттерге баулу, ойлау , сөйлеу , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім , білік дағдыларын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау.
А) Әңгіме бойынша инсценировка жасау.
Ә) Шығармаға мазмұндық жоспар құру және жоспар бойынша мәтінге жуық мазмұндату.
1.Қоржынтомар жайлауы
2. Молдаға көрсетілген сый-құрмет
3.Молдадан таяқ жеген Түйебай
4.Қой соңындағы Түйебай
Жаңа сабақ.
1. Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетін және басты оқиғаларды топтап жазу.

  1. Түйебай бейнесін жасаудағы жазушының тіл шеберлігін ашу.Оқушылар мәтіннен Түйебай бейнесін ашатын үзінділерді таба отырып, Түйебайға мінездеме береді.
  2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша қатты әсер еткен үзінділерді тауып, оның себебін анықтап жазады.

  3. Вен диаграммасы бойынша бұрынғы оқу мен қазіргі оқуды салыстыра отырып, авторлық позицияны таныту.

  4. «Дәлелденген эссе» стратегиясы
    «Шоқынып кетсем де молданың алдын көрмеймін» деген Түйебайдың сөзі «дұрыс» және «бұрыс» деген позицияны топ болып талқылау.

  5. «РАФТ» стратегиясы бойынша Түйебайға хат жазу, автор орындығында оқу.

Үйге тапсырма: Шығарманың тілін талдау. «Мен бақыттымын» ойтолғау жазу.
Бағалау.<br />

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше