«Сыр сандықты ашып қара» мәнерлеп оқу сайысы

Уалиева Асемгуль Мухамедигалиевна
Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.М.Уәлиева

«Сыр сандықты ашып қара»
мәнерлеп оқу сайысы
1 жүргізуші :
Ұлы есімдер қайтсе де жаңғырады,
Ұлылардың селдейді жаңбыр әні.
Салауатты әлемің Сәкен аға,
Жарқылдатып сезімді жандырады.

2-жүргізуші:
Кім естіпті ақынның үні өшкенін,
Тыншығанын кім көрген күрескердің?
Бірге жасап келеді ұрпағыңмен
Сұлу бейнең,семсер сөз,жыр өрнегің.

1-жүргізуші:
Ашқандығым емес бұл ақиқаттың,
Дара дарын-кеңдігі табиғаттың.
Сәкен-сұңқар,
Сәкен-сән,
Сәкен-аңыз-
Ел мен жердің мақтаны-
Сәкен ақын.

2 жүргізуші:
Мұндай ұлды Арқадай дала туған.
Мұндай ұлды Жамалдай Ана туған .
Ақын Сәкен,
Ер Сәкен,
Сұлу Сәкен-
Дара көрік, бірегей дара тұлғаң.

1-жүргізуші:
Бар дала кеудесіне кеткен сиып,
Япырмау, асыл үні неткен биік.
Әкелші домбырасын иіскейін,
Бабамның аруағына басымды иіп.

Сәкеннің «Тау ішінде» әні орындалады.

2-жүргізуші:
Атандың бір ұлыңмен ақын халық,
Атандың бір ұлыңмен батыр халық,
Мекені сал-серінің қайран Арқам,
Жатырсың ұлылықтың отын жағып.

1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар оқушылар! Халқымыздың кемеңгер перзенті,ән мен жырдың сарқылмас дариясына айналған ақиық ақын С.Сейфуллинді жыл сайын еске алу-бүгінгі біздің басты борышымыз.

2-жүргізуші:
-Енді байқауымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік

1-жүргізуші:
-Енді бүгінгі байқауымызға қатысатын сайыскерлермен таныс болыңыздар

2-жүргізуші:
Жасай берер көнермей жыр сұлуы,
Жүректерге шуақ боп нұрлы сыры.
Көз алдымда-сыр сандық сым пернелі,
Құлағымда сиқырлы тұр сыңғыры.

1-жүргізуші:
Сарқылмайды Сәкеннің жыр-бұлағы,
Сарқылмайды Сәкеннің ән-бұлағы.
Сыр пернесін басайық сыр сандықтың
Ағытылсын ән-жырдың қоңырауы.

2-жүргізуші:
Олай болса, кезекті сайыскерлерімізге берсек. (Ақынның өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:
Базарлы баран жолды қиып өтіп,
Киік кетіпбарады, киік кетіп.
Сәкен келе жатқандай ақбоз атпен
Бауырын Иманақтың дүрілдетіп.

2-жүргізуші:
«Аймақты күңірентіп,өлеңдетіп»,
Мен де келем тау ішін түнделетіп.
Әлдилеп өлең-жырдың бесігәнде
Сырлы әуен сазыменен тербелейік.

1-жүргізуші:
Құрметті ән сүйер қауым,кезекті ән байқауына берсек (әндері орындалады)

2-жүргізуші:
Міне, байқауымыз да өз мәресіне жетті.Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша, кезекті әнге берсек.

1-жүргізуші:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын
Өлеңнің өлшеміне сыя алмайтын.
Қазақты көргің келсе. «Міне осы» деп
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

2-жүргізуші:
Ән-жыры балша тамып таңдайынан,
Халықтың жаралғандай арманынан.
Сәкендей өр мінезді ұлды берген
Жаңаарқа айналайын топырағыңнан.

Құрметті көрермендер, осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет!<br />

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше