Шебер мұғалім – дарынды балаларға
Әнесова Құрма Көпенқызы
Атырау облысы Жылыой ауданы № 4 мектеп
Шебер мұғалім – дарынды балаларға
«Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай , тұлпарды есекке айналдырып жібереді.»
Плутарх
Ұстаздың басты мақсаты- оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың заман талабына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан-жақты жетілдіруде дүниетанымын тереңдетіп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологияларын жете білу, біліктілігін арттыру , әлемдік даму үдерісіне сай тұлға дайындау-мұғалімнің негізгі міндеті. Елбасының: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдд�
�лі жаңа білім беру өте қажет»-деген сындарлы сөзі- мұғалімдердің алдына қойылған жоғары жауапкершілік. Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесетін, өзін шығарашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды жан-жақты оқыту-ұстаз жемісі. Шығармашылық-қабілеттің бір түрі, күрделі жүйе. Дарынды оқушыны жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты да шебер ұстаз
�ана тәрбиелей алады. Дарынды мұғалім дарынды баланы бірден таниды. Ол оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оның талантының ашылуына дер кезінде қолдау көрсетеді. Қосымша жұмыстар жүргізе отырып, оқушы шығармашылығын дамытуға, оның қызығушылығын оятып , өз бетімен жұмыс істеуіне шабыттана көмектеседі. Шебер ұстаздың дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде өзін бақытты сезінетіні- үлкен құбылыс. Шәкіртінің дүбірлеген додада топты жарып шығып, оқ бойы озып келуі ұстаз жанын зор қуанышқа бөлеп, еңбегінің зая кетпегенін дәлелдегені емес пе?
Тектілік пен дарындылық ата-бабаларымыздың бойына туа біткен ерекше қасиет екені әрбір қазаққа белгілі. Жазу-сызуы дамымаған заманда да бүкіл өнерді бір өзінің тұла бойына жинаған дара тұлғаларымыз аз болған жоқ. Демек, әр баланың бойында сол асыл қасиеттердің сақталмауы мүмкін емес. Шебер мұғалім бала бойындағы сан түрлі дарындылықты анықтап, олардың бар мүмкіндіктерін аша біледі. Ұлт болашағын ойлайтын әрбір мұғалім әр баланың неге қабілетті екендігін, оны әрі қарай қалай дамыту керек екендігін ерте бастан ойлап, бала мен ұстаз
арасында берік ынтымақтастық орнатып, іс-әрекетті мезгілінде бастап кетеді. Өкінішке орай, кейбір мұғалімдердің дарынды оқушылардың ішкі жан-дүниесін сезіне алмауы, дер кезінде көмек көрсетпеуі талай таланттың бағын байлауда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан ұлы держева болу үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»- деп айтуы тегіннен-тегін емес.Олай болса, еліміздің ұстаздары Елбасының елдің ертеңіне ерекше жанашырлықпен қарап, Қазақстанның бүкіл әлемді таң қалды
ратын жасампаз «Мәңгілік ел» болуы үшін мүмкіндіктің бәрін қалт жібермей жүргенін шынайы қолдай отырып, жас ұрпақ тәрбиесіне терең біліммен, шабытты шығармашылықпен еңбек етуі керек.
Сана көзімен заман түбінен сыр ұқтым, Сабағы мықты адамзат салған ғұрыптың. Келешек ұрпақ, сенің құтың мен қуатың, Кемелдігінде білімнің, сұлулығында рухтың – деп ақын
Күләш Ахметова жырлағандай келешек ұрпақтың кемел білім алуына ұстаздардың жауапты екені түсінікті. Ұстаз болу-қайталанбас бақыт, ал шебер де дарынды ұстаз болу-тамаша өмір. Шәкірт ықыласына бөлену, олардың талантын байқап, дарынын ұштау, бәйгеге қосып, жеңісін көру,адал еңбегінің жемісін теру –тек қана дарынды ұстаздың шын бақыты. Дарынды бала- ұстаз үшін тағдыр сыйы. Менің де ұстаздық бақытты сезінуім –шәкірттерімнің жетістіктері. Олар сан түрлі сайыстарға қатысып, аудан, облыс, республика көлеміне танылды. Олар: олимпиада , айты
с, ғылыми жоба жеңімпаздары, жас ақындар, жас тілшілер,көркемсөз оқу шеберлері, жас актерлер. Мен бұл бақытқа оңайлықпен жеткен жоқпын. Тынымсыз ізденістер, үздіксіз оқу, төзімділік пен табандылық, мамандыққа деген адалдық, шәкірттерді сүю, олардың болашағына алаңдау, қабілеттерін анықтап, әрі қарай дамыту менің биік мақсатым болды. Шәкіртінің дарынын дамыту үшін ұстаз бойында оған деген сенімділік, жеке тұлға ретінде ізгілік, істейтін ісіне қызығушылығын арттыру қасиеттері басым болуы керек. Дарынды оқушылар кең өріске ие болған�
�ықтан олардың зияткерлік көзқарастары мен қиялдары жақсы дамиды. Сондықтан олар түрлі мақсаттарға ұмтылып, оған жету үшін табандылықпен жұмыс жасайды. Шәкіртінің алға қойған мақсатына сәтті жетуі үшін ұстазы үнемі бағыт-бағдар беріп отыруы үлкен көмек болып саналады. Дарынды баланы анықтап, оның бойындағы қабілетінің неге бейім екенін, оны қалай дамытып, қалай жетістіктерге жете алатынына шебер ұстаз ғана жол таба алады. Өйткені шебер ұстаз- өте көреген, өте сезімтал, өте әділ маман. Қазақ деген текті халықтың білімді де дарынд
ы , ұлтжанды азаматын тәрбиелеу , оларды заман талабына сай жан-жақты тұлға етіп дайындау- шебер ұстаздың тынымсыз еңбегінің жемісі.<br />

