Сыр елі. Жыр елі. « Толғау тарланы- Базар жырау»
Нуржауов Сандыбай
Материал тақырыбы: </b>\"Сыр елі – жыр елі\" (Балабақшаның ересек тобына)<br />
<b>Материал мәтіні: </b>Сабақтың тақырыбы: Сыр елі. Жыр елі. « Толғау тарланы- Базар жырау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға қазақ өлкесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ақындар мен әншілер, жыршылар мен күйшілерді таныстыра отырып, толғау тарланы – Базар жырау, жайлы мағлұмат беру. «Әр нәрсенің парқы бар» атты толғауын, «Жақсы мен жаман» термесін тыңдатқызу.
Дамытушылық: Қазақстанда жыршылық – термешілік өнермен сусындағандардің бірі – Базар жырау жайлы түсініктерін қалыптастыру. Термені тыңдата отырып, жақсы мен жаманды айыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: «Сыр елі – жыр еліне» саяхат жасай отырып, сан ғасыр тарихы бар, қазақ халқының мәдени дәстүрін танып білуге, термені дұрыс тыңдай білуге, әнді ырғағына сай айта білуге, балаларды Отанын, туып өскен жерін сүюге, ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Магнитофон, үнтаспа, Базар жырау, композиторлар жайлы қысқаша мағлұмат, плакаттар, суреттер (алманың суреті), портрет, сергіту сәті, мақал-мәтелдер, сөз жұмбақ, т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Балаларды сабаққа ұйымдастыру
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. (Бұқар жырау термесі
II. Жаңа сабақ
1. «Сыр елі- Жыр елі»
а) Кіріспе әңгіме («Сыр елі- Жыр елі»)
ә) «Толғау тарланы – Базар жырау» (өмірмен таныстыру).
2. Тыңдату бөлімі.
а) Кіріспе әңгіме ( «Жақсы мен жаман» термесі)
ә) термені тыңдату ( «Жақсы мен жаман» термесі)
3. Ән айту. («Біз – туған ел баласы» )
а) кіріспе әңгіме (әнге)
ә) Композиторлар К.Қуатбаев, Қ.Ыдырысов жайлы мағлұмат бару
б) Ән тыңдату
в) Мазмұнын талдау. (3 шумағын, отан, кесілген, ырыс, төсінде, несібі, т.б.сөздеріне түсіктеме беру)
с) әннің әуенін үйрету
д) қайта әнді орындату
III. Қорытынды бөлім.
А) Бекіту. («Сөз жұмбақ»)
Сабақтың барысы:
І. а ) – Сәлеметсіздерме, балалар!
– Қане барлығымыз құрал-жабдықтарымызды алып, тынышталып,маған қарайық!
II.1.а) –Балалар, бүгін біз сабақта «Сыр елі – жыр еліне» сапар шегеміз.
«Сыр елі – жыр елі» дегеніміз не дейсіңдер ғой? Онда мен сендерге ол туралы айтып берейін.
– Қане дұрыс отырып, құлақ салып тыңдаңдар.
Қазақстанның әр өлкесінде, тарихында, мәдени дәстүріне, түрлі басқа ерекшелігіне байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық, әншілік, жыршылық, күйшілік мектептер бар.
Балалар сендер осы уақытқа дейін Арқаның Біржан, Ақан, Жетісудың Кенен сияқты ақындарымен және Батыс Қазақстандағы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей секілді ірі күйшілердің орындаушылық дәстүрімен таныстыңдар. Енді Қазақстанның жыршылық – термешілік өнертепкен жерінің бірі – Сыр елімен танысасыңдар. Сыр елінің ақындық – жыраулық, жыршылық мектептеріне, оның терме, толғау үлгілеріне тоқталамыз.
ә) Енді солардың ішінде заманы Абаймен тұстас, өз еліне кезінде ерекше дарынмен аты шыққан ақынның бірі – Базар жырау.Ондасұлымен танысамыз (портретін көрсету, тақтаға іліп қою керек).
Базар Ондасұлы қазіргі Қызылорда облысынын Қармақшы ауданы 1843 жылы дүниеге келген. Енді Базар жыраудың балалық шағына көз салсақ: Базар бала кезінде қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Ақ денелі, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі бұған келіп «Балам, мандайыңа берейін бе, таңдайына берейін бе?» – депті. Қарны ашып, шөлдеп жатқан бала: «Ата, таңдайыма бер», – дейді. Содан бала Базар өлең айтып ояныпты.
Табиғатынан дарынды, зерек бала ақын – жыраулардың жырларын, халық мақал – мәтелдерін көңіліне түйіп өседі. Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау тарланы – Базар жырау.
2.а) -Балалар, енді біз Базар жыраудың «жақсы мен жаман» термесін тыңдаймыз. Бұл термеде адамның жақсы және жаман қасиеттерін, адамның ұнамды, ұнамсыз мінездерін насихаттап, жаман деген немене? Жақсы деген немене? екендігін ашып көрсеткісі келеді. Ата – бабаларымыз «Адамның жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші талай мақал – мәтелдер бар.
-Ал, балалар сендер, қалай ойлайсыңдар. -Жақсы деген немене ? Жаман деген немене?
-Мысалы, әдепті, инабатты, кішіпейіл, ақкөңіл адамды жақсы адам дейміз Ал, әдепсіз, үлкенді сыйламайтын, тәртіпсіз, жат қылықтары бар, арсыз, ешкіммен санаспайтын адамды жаман адам дейміз.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Енді мен сендерге Абай атамыздың мынадай қара сөзін оқып берейін: («Абайдың қара сөздері» кітабынан оқып беріп, талдап өтемін).
ә) -Ал, енді балалар дұрыс отырып, термені тыңдаңдар. Қалай отырушы едік? Дұрыс отыру қалпын сақтаймыз. (Термеде не туралы айтылған? Сөзін талдау).
«Әр нәрсенің парқы бар»
Базар жырау
Жақсы мен жаманның
Арасы жермен аспандай.
Басқарсың бір күн басыңа
Іс түскен кезде, сескенде-ай.
Мырза менен сараңды-
Өлшестіріп қарасаң.
Ғалым менен наданды
Салыстырсаң білерсің,
Дария шіреп асқандай.
(Термені аяғына дейін тыңдату. Сөзін талдау)
3.а) -Балалар, сендер алдыңғы сабақта қандай нотамен танысып едіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар! Ал енді бүгінгі сабақтар (жартылық) (төрттік) нотамен танысып, олардың саналуына көңіл бөлейік. (тақтаға ноталардың суретін іліп қоямын).
б) -Балалар, қараңдаршы, мынау алманың суреті. Мына алма бүтін алма. Бұл да бүтін нота секілді. Ал, алманы екіге қақ бөлсек не болады? Екі алма, яғни бұл дегеніміз жартылык екі нота. Сонда, енді осы бір жарты алманы екіге қақ бөлсек не болады? яғни 2 төрттік нота болады. Сонда, қараңдаршы балалар, бүтін нота біреу, екеу, үшеу, төртеудеп саналса, жартылық нота осы бүтін нотаның жартысы, яғни төрттік нота 1-еу деп саналады.
-Бұл сендерге түсінікті болды ма?
– Түсінікті болса, мен сендерге мынадай қысқаша ойын ойнатайын.
– Мен – сендерге нотаны көрсеткенде, яғни не О, не ♪, не ♪, нота болуы мүмкін. Сендерге нотаны қолмен соғып, санауларың керек.
«Әр жартыға екіден, Төрттік нота бекіген»-дегенді қалай түсінесіңдер?
-Яғни, бір жартылық нотада екі төрттік нота бар дегенді білдіреді.
-Дұрыс айтасыңдар.
в) – Балалар енді мынадай жаттығуды орындайық. Кітаптың 50-бетін ашыңдар. 50-беттің жоғарғы жағында ноталар жазылған. Сендер ноталарды танисыңдар және нота сауатын білесіңдер, яғни ноталарды санай аласыңдар.
– Ал, енді, ноталарды атаңдаршы.
До, до, ре, ре, до.
-Дұрыс атадыңдар.
-Енді қандай ноталар берілген. Соған көңіл аударайықшы.
-♪ (төрттік) және ♪(жарты) ноталар.
– Енді осыларды санайық және қолмен соғып айтайық.
– До, до, ре,ре, до 1-еу, 2-еу, 3-еу, 4-еу, 1- еу, 2- еу
– Енді осы жаттығуды үнтаспадан айтып көрейік.
с) – Енді бәріміз орнымыздан тұрып, мына жаттығуды жасайық.
Сергіту сәті.
Ау, балалар! балалар!
Апа қалай жүреді?
Апа былай 2
Апа былай жүреді!
Ау, балалар! балалар!
Ата қалай жүреді?
Ата былай2
Ата былай жүреді!
Ау, балалар! балалар!
Солдат қалай жүреді?
Солдат былай2
Солдат былай жүреді!
Ау, балалар! балалар!
Аққу қалай ұшады?
Аққу былай 2
Аққу былай үшады!
Ау, балалар! балалар!
Аққу қалай қонады?
Аққу былай2
Аққу былай қонады!
Терменің екінші шумағында, Отанымыздың кең байтақ, ешқандай жерге жетпейтінін, онда жасыл шөп өсіп, жерінде малы көп, жасыл желегі көп екеніні айтып, мұның бәрі менің несібем дейді. Яғни несібем деген, осының бәрі менің қолымда бар алтын қазынам, байлығым дегенді білдіреді. Ал, үшінші шумағында біз жастарға сенеміз, еліміздің болашағы жастар, яғни сендер екендігін айтып отыр. Болашақты әрі қарай жалғастыру үшін, қолда барды сақтап, дамыту үшін сабақты жақсы оқып, үлкен адам болыңдар дейді. Жақсы оқысаңдар, бұл сендердің еңбектеніп, жұ
мыс істегендерің. Сондықтан балалар жақсы оқып, Отанымыздың адал, ақылды, білімді, парасатты, тәртіпті азаматтары мен азаматшалары болыңдар демекпін.
с) Әннің әуенімен айтып көрейік.
д) Әнді қайталап, ақырғы рет айтқызу.
III. а) Балалар енді мына сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ.
т е р м е ш і
э п о с
ә л қ и с с а
т о л ғ а у
м а қ а м ы
б а Я н а у ы л
1) Термені орындайтын адам?
2) Грек тілінен әңгіме, өлең, жыр деген мағынаны білдіретін сөз?
3) Жыр мазмұнын қара сөзбен, түрлі қимыл-қозғалыстарымен беруді не деп атайды?
4) Жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарастарын білдіруді не деп атайды?
5) Әннің әуені бар, ал терменің несі бар?
6) Бұқар жыраудың туған жері.
– Оқушылар, сонымен біз бүгінгі сабақта: Қайда сапар шектік? Қайда саяхатқа шықтық? Қандай жыраумен таныстық? Ол кісі туралы не білесіңдер? Базар жыраудың қандай термесін тыңдадыңдар? Термеде не жайлы айтылған? Бүгінгі сабақта қандай нотамен таныстыңдар? Қандай әнмен таныстыңдар? Әнде не жайлы айтылады екен?
– Сонымен балалар, бүгінгі сапарымызды осымен шектейік. Жыр елінің төңірегіне үңілдік, Сыр елінің тарланы. – Базар жыраумен таныстық. Ол кісі Отаны мен жері үшін аянбай еңбек еткен, еркіндікті аңсап өскен, жақсы мен жаманды айыра білген, жат қылықтардан алшақ болған. Балалар сендер де, Отандарынды сүйіп, туған жерлеріңді құрметтеп, қадірлейді, – деп сенемін. Қолда барды аялайық. Ол үшін сабақты жақсы оқларың керек.
– Сау болыңдар, балалар!<br />
