MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс

ШҚО. Өскемен қаласы

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі

Серикбаева Алия Елгазыновна

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Текстік редакторында кесте салу және құру туралы түсінік беру, онымен әр түрлі жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

  2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, таным көкжиегін кеңейту, танымдық белсенділігін арттыруға жол ашу, компьютерлік сауаттылықтарын дамыту.

  3. Ұқыптылыққа, зеректікке, шыдамдылыққа, әсемдікке, өз-өзіне деген сенімін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, тестік тапсырмалар, интекативті тақта, таратпа материалдар

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың жоспары:

Жоспары

Әдістемелік тәсілдер

Уақыты

1

Ұйымдастыру

Сұрақ – жауап

1 мин

2

Өткен материалды қайталау

Сұрақ-жауап

5 мин

3

Жаңа сабақ

Түсіндіру, демонстарциялау

10 мин

4

Жаңа сабақты бекіту

Практикалық сабақ

20 мин

5

Қорытынды

6

6

Бағалау

2

7

Үйге тапсырма беру

1 мин

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Өткен материалды қайталау. MS Word мәтіндік редакторы бойынша сұрақтарға жауап беру (1-қосымша)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (Мақсатымен таныстыру)

Мақсаты: Текстік редакторда тек мәтін теріп қана қоймай, кесте, сурет, әр түрлі фигуралар орнатуға болатынын сендер білесіңдер. Бүгін сендермен өтілетін жаңа сабақ тақырыбы «MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс». Кестені құрудың және осы кестеге әр түрлі өзгерістер, мәселен, кестенің ұяшығын ұяшығын қосу және алу, кестенің ұяшықтарын біріктіру немесе ұяшықтарға бөлу, кестенің жиегін қоюдың әдіс-тәсілдерімен танысып, оны компьютерде жасап үйренесіңдер.

Кестежолдар мен бағандарда мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге реттеліп берілген ақпарат.

Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.

Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

І. Құжатта кесте құрудың екі әдісі бар:

1-әдіс:

Таблица Вставить Таблица

командасын орындау арқылы.

Ашылған сұхбат терезесінен Баған мен Жолдың санын көрсетіп ОК батырмасын басамыз.

2-әдіс: Стандартты аспаптар тақтасындағы

Кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады.

Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып қоюға болады.

Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен немесе ,, , , Тab пернелер көмегімен орындалады.

ІІ. Кесте құрылымын өзгерту. Ұяшықтарды қосу.

а) Ұяшықтарды қосу – Алдымен жолды немесе бағанды ерекшелеп, Таблица Вставить (Строки выше, Строки ниже, Столбцы справа, Столбцы слева) пунктерінің керегін таңдау.

б) Ұяшықтарды өшіру – Алдымен жолды немесе бағанды ерекшелеп Таблица Удалить (Столбцы, строки, таблица, ячейки) бөлімін таңдау керек.

ІІІ.Ұяшықтарды біріктіру және бөлу.

а) Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп, Таблица Объединить ячейки командасы орындалады.

б) Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Таблица Разбить ячейки командасы орындалады.

ІV. Кестені өңдеу. Кез келген кестенің жиегінің түрін, түсін өзерту үшін Формат Границы и заливка командасын орындап, ашылған сұхбат терезесінен Граница бөлімін таңдап қажетті форматтауды таңдап, ОК батырмасын басамыз.

Сергіту жаттығуын жасату.

IV. Жаңа сабақты бекіту. Практикалық жұмыс.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру.

  1. Токтар мен сымдарға тиісуге, компьютерді рұқсатсыз жылжытуға болмайды;

  2. Компьютердің алдында жинақы дұрыс отыру, артық заттар қоюға болмайды;

  3. Мұғалімді мұқият тыңдап, берілген тапсырманы ғана орында;

  4. Монитор мен көздің ара қашықтығы 50-60 см болу керек.

1 тапсырма.

Берілген кестені құр

2 тапсырма.

  1. Берілген кестені құр.

8 «Б» сынып оқушылары туралы мәлімет

Оқушының аты-жөні

Туған күні

Мекен-жайы

Телефон

1

Оспанов Даурен

12.02.1995

Сатпаев 12-11

51-91-22

2

Ақылбекова Айнұр

02.11.1996

Өтепов 13-15

62-14-13

  1. «Туған күні» бағанының сол жағына 1 баған қос. Оған «сыныбы» деп жаз

  2. Кестеге тағы 1 жол қос. Оған өзің туралы мәлімет қос.

  3. Құрылған кестені өз қалауыңша көркемде.

V. Жаңа сабақты қорыту. Сәйкесін тап

Әрекеттер

Командалар

1. Кесте құру

Таблица Добавить строку

2. Кестеге бағана қосу

Таблица Добавить таблицу

3. Кестеге жол қосу

Таблица Добавить столбцы

4. Кестедегі ұяшықтарды бөлу

Формат Границы и заливка

5. Кестедегі ұяшықтарды біріктіру

Таблица Разбить ячейки

6. Кестедегі ұяшықтарға жақтаулар қою

Таблица Удалить строки

7. Кестедегі жолды өшіру

Таблица Объединить ячейки

VI. Бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма беру.

  1. § 7.7. Кестелермен жұмыс. Оқу, мазмұндау, командаларды жаттау.

  2. Дәптерге өзіңнің ІІІ тоқсанда әр пәннен алған бағаларыңды теру кестесін құрып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше