Ақпарат және ақпараттық үдерістер

ШҚО. Өскемен қаласы

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі

Серикбаева Алия Елгазыновна

Сыныбы: 8 сынып

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер

Сабақтың мақсаты:

1. Ақпарат, ақпараттық процестер туралы оқушылардың білімін тереңдету;

2.Ақпараттармен, санау жүйелерімен, логика және логикалық операциялармен жұмыс істеуді және өңдеу формулаларын қолдануды үйрете отырып, оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту;

3. Ақпаратты өз бетімен іздеу дағдысын қалыптастыру, ойлау еңбегінің мәдениеттілігіне тәрбиелеу, өмірге кәсіби даярлау.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. («Ақпараттық саяхат». Ойын элементтері)

Көрнекіліктер: оқулык, мұхиттағы аралдар, қайық қозғалысы келтірілген флипчарттар, таратпа материалдар, карточка түріндегі дидактикалық материалдар.

Техникалық жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, проектор.

Сабақты бағдарламалық қамсыздандыру:

  • Windows XP операциялық жүйесі

  • MS Power Point тұсаукесері

  • Activstudio бағдарламасы

  • Тестік бағдарлама

Сабақтың әдістемелік қамсыздандырылуы:

  • Демонстрациялық материал – тұсаукесер

  • Таратпа материал – тапсырма жазылған карточкалар

  • Интерактивті тақтамен тапсырмалар

Қолданылған технология: Деңгейлеп оқыту (Қараев Ж.А.)

Сабақтың жоспары:

1. Сыныпты ұйымдастыру (1-2 мин)

2. Өткен материалды қайталау (5 мин)

3. Сабақты бекіту (практикалық жұмыс) (30 мин)

5. Сабақты қорыту, бағалау (6 мин)

6. Үйге тапсырма беру (2 мин)

Оқушылар нені білу керек

Оқушылар нені меңгеруі керек

  • Ақпараттың не екенін, ақпараттың қасиеттерін;

  • Ақпараттық процесс ұғымы;

  • Санау жүйелері ұғымын;

  • Сандарды санаудың бір жүйесінен екінші жүйесіне аудару ережесін;

  • Екілік арифметиканың амалдарын;

  • Логикалық операциялар

  • Пікір, тұжырым, пайымдау, ой қорыту, логикалық өрнек ұғымдарының мәнісін.

  • Негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін

  • Ақпараттық процесс түрлерін анықтауды;

  • Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне түрлендіруді;

  • Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды

Пікірлер алгебрасы есептерін шешуді;

  • ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ байланыстарын, ЕМЕС терістеуін пайдаланып ақиқаттық кестесін толтыруды

  • Кестелер құрып, логикалық есеп шешуді

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін тексеру, сабаққа назар аударту; Топтарға бөлу.

ІІ. «Үй тапсырмасы» жағалауында. (2 жалған, 2 ақиқат пікір ойлап келу.)

ІІІ. «Қайталау аралы» (Өткен материалдарды қайталауға тапсырмалар)

І топ:

  1. Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

  2. Ақпараттың өлшем бірліктері?

  3. Позициялық санау жүйелерін ата.

  4. Екілік жүйеде сандарды азайту.

  5. Пікір дегеніміз не? Түрлері. Мәні
  6. Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімді құрған кім?

  7. Қарапайым пікірлер логикалық алгебрасында қалай таңбаланады?

  8. Логикалық амалдар.

ІІ топ:

  1. Ақпарат деген не?

  2. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

  3. Санау жүйелері? Неше топқа бөлінеді?

  4. Екілік жүйеде сандарды қосу.

  5. Логика дегеніміз не?

  6. Пайымдау деген не? Пайымдау түрлері.

  7. Логикалық алгебраның атасы кім?

  8. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?

ІV. «Тапсырмалар» аралы. (Оқушылар орындарында топпен және кезекпен келіп активқалам көмегімен тақтаға тапсырмаларды орындайды.)

І тапсырма: Берілген сандарды көрсетілген санау жүйелеріне аударыңдар.

І топ: ІІ топ:

1. 10110 →Х2 1. 52410 →Х8

2. 75910 →Х16 2. 100112 → Х10

3. 111101100112 →Х16 3. 2Е116 →Х2

4. 60748 →Х2 4. 101010111110012 → Х8

ІІ тапсырма: Келесі пайымдаулар үшін олардың құрама немесе жай, ақиқат немесе жалған, жалпы немесе жеке екенін көрсет.

І топ:

Пайымдаулар

Жай немесе құрама

Ақиқат немесе жалған

Жалпы немесе жеке

Күн ашық (мысалы)

жай

А, Ж.

жеке

1

Егер жазықтықтағы екі түзу өзара перпендикуляр болса, онда олар қиылысады

2

Қабырғалары тең болатын үшбұрыш теңтүйірлі емес

3

Барлық үй қояндары капустаны жақсы көреді

4

Келесі сабақта не сурет саламыз, не пластилиннен мүсін жасаймыз

ІІ топ:

Пайымдаулар

Жай немесе құрама

Ақиқат немесе жалған

Жалпы немесе жеке

Күн ашық (мысалы)

жай

А, Ж.

жеке

1

Бұл сусындарды араластырса, дәмді коктейль алынады

2

Ит-мысық емес

3

Екі түзу олардың арасындағы бұрыш 900-қа тең болғанда және тек сонда ғана перпендикуляр болады

4

Кез келген төртбұрыш – параллелограмм

ІІІ тапсырма: Екілік арифметиканы орында.

І топ: ІІ топ:

а

+

+

) 1011 б) 1101 а) 1011 б) 1101

101 110 111 110

110 10011 10010 111

ІV. Тапсырма. Логикалық амалдарды құрау

Логикалық амалдар

Жалғаулығы

Аталуы

Белгіленуі

Логикалық қосу

Логикалық көбейту

Логикалық теріске шығару

V. Тапсырма. Ақиқат кестесін құрып есеп шығару

І топ: ІІ топ:

(А*В)+(А+В) С*Д+(С+Д)

V.«Сергіту» аралы.(Логикалық жұмбақтар)

1. Алманы қақ ортасынан бөлгенде жартысы неге ұқсайды?

2. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?

3. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш пайда болды?

V.«Сұрақтар» аралы. (Қорытындылау сұрақтары)

Оқушылар нені меңгеруі керек

Меңгеру жағдайы

  • Ақпараттық процесс түрлерін анықтауды;

  • Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне түрлендіруді;

  • Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды

  • Пікірлер алгебрасы есептерін шешуді;

  • ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ байланыстарын, ЕМЕС терістеуін пайдаланып ақиқаттық кестесін толтыруды

  • Кестелер құрып, логикалық есеп шешуді

VІ. «Бағалар» аралы. (Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.)

VІІ.Үйге тапсырма беру.

23-беттегі 1,2-тапсырмаларды орындап келу.

4.1 оқу, мазмұндау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше