English

Ағылшын тілі

Ю.Гагарин атындағы

 №8 жалпы білім беретін

 орта мектеп

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 Сулейменова Бахыткул Топжаргановна

 

Ағылшын тілі сабақтарыпда ақпараттық технологияларды қолдану

                     

Кіріспе

Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Шетел тіліне оқытуда интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу сияқты интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады.
Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қор­ларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. Біз интернет арқылы көп нәрсе істей аламыз. Мысалы, youtube арқылы көптеген видеоларды сақтауға болады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, компьютер) пайдалану оқушылардың өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай оқушылардың сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет.
Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралап оқытуға Ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақ­тарында пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Қа­зақ­стан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

 

 

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері көптеген  сабақтарда ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

 

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның  алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.  Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат -оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс  жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектептің бірнеше  кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Осы кабинет мүмкіндіктерін пайдалана отырып,бірнеше сабақтар өткіздім.

 

 

 

Мысалы,9-сыныпта өткен экология тақырыбында оқушылар өздері слайдтар дайындап конференция сабақ өттім.

 

 

 

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны  сабақ барысында, соның ішінде ашық  сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.  Мысалы:  шет тілі пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық —  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі  компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Шет тілі пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Көңілді тапқыштар», «Тапқыр достар» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.  Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.  Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Қорытындылау кезінде тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, өздік жұмыс, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Жалпы  оқушылардың  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

  1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
  2. Шығармашылық қабілеттері артады.

  3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

  1. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр –яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын , оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
  1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
  • А. Салихова  «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»

  • Ғылыми-әдістемелік  журнал, №5-2009

    1. Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары       2012 ж.

    5.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
    6.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инно­вациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
    7.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».
    8.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспек­тілері».

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.