Өзін-өзі тану пәні

Баланы сабырлылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі

Семей қаласы, №22 жалпы орта білім беретін мектеп
Пәні: Өзін-өзі тану Мұғалімі: Қайырлыбекқызы Әлия

Баланы сабырлылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі.

 Мақсаты: «Сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен   маңыздылығын ашу.
Көрнекіліктер: Компьютер, плакат, видеоролик, түрлі-түсті қарындаштар, жүрек суреттері.

1. Шаттық шеңбері

Ата-атаналар, бір-біріне  кезекпен жылы  лебіздерін білдіреді.

2. Слайд арқылы фильм көрсету

Фильмде ананың сағатына қарап сабырсыздықпен баласын сабақтан тосады, уақыт өтіп жатыр, баланың мектептен кешігуі, оқушы сабақтан келеді, анасы есіктен кірісімен балаға ұрыса жөнеледі, себебін сұрайды. Бала ұстамдылық пен себебін айта бастайды.

3. Әңгімелесу

Осы фильмнен қандай ой түйдіңіздер?

Сіздерде осындай жағдай көп кездесе ме?

Ата-аналарда көп жағдайда қандай қасиет жетіспей жатады?

4. Шығармашылық жұмыс

Сабырлы және ұстамды бала тәрбиелеуде ата-ананың ролі. Ата-ана алдында жатқан плакатқа өз пікір-ойларын білдіріп, схема түрінде сызып-көрсетіп, қорғайды. 1,3,5,7,9,11,13 жаста балаға сабырлылықпен ұстамдылыққа үйрететіндей қандай тәрбие түрін көрсеттіңіздер?

5. Дәйексөз

«Ұстамдылық-әдептің ұстазы, Ұстамсыздық-әлектің нұсқасы»

Ата-аналар өздерінің ой- пікірлерін білдіреді.

6. Ойланайық пікірлесейік

Адамның жан сұлулығын көрсететін құндылықтар мен қасиеттерді ата-аналар алдына беремін, ата-аналар берілген сөздерге түсінік береді (имандылық, бауырмалдық, әдептілік, қарапайымдылық, қайсарлық, қамқорлық, елгезектік, мейірбандық, кешірімділік,ар-намыс)

7. Жүректен жүрекке

Ата-аналар балаларына арналған жылы лебіздерін жазып,  қағаздан жасалған, жүректерге жазып плакатка жабыстырып қояды.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.