Семей қаласы, №22 жалпы орта білім беретін мектеп
Пәні: Өзін-өзі тану Мұғалімі: Қайырлыбекқызы Әлия
Сабақтың тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық
Сабақтың мақсаты: «сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері: -сабырлылық, ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру.
-адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту
-өз сезімдерімен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: шаттық шеңбері, слайд шоу, әңгімелесу, сахналау, тыныштық сәті, шығармашылық жұмыс, дәйексөз, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке.
Көрнекіліктер: компьютер, плакат, қарындаштар, видеоролик, түрлі-түсті қарындаштар, жүрек суреттері.
Сабақ барысы:
1. Шаттық шеңбері
Оқушылар бір-біріне қолдарындағы күнді беруі арқылы жылы лебіздерін білдіреді. Елімізде тыныштық болсын, ашуыңды сабыр мен жең, отбасымыз аман болсын, жер бетіндегі барлық бала әрқашан қуанышта өмір сүрсін, адамдар бір-біріне мейірімді болсын, ұстамды бол.
Мұғалім: өте жақсы балалар, осы айтылған тілегіміздің барлығы орындалатынына сенемін. 3минут
2. Слайд арқылы фильм көрсету:
Самат, Ерлан, үшеуі театрға бармақшы болды. Олар уәделескен уақытта кездесті. Күткен автобустары кешікті, сол кезде аялдамаға бір әже келді, баратын жеріне қалай баратынын сұрады. Нұрлан әжеге жөнін айтып болғанша, автобустары келіп қалды. Нұрланды екі досы асықтыруда. Бірақ Нұрлан әжеге мән-жайды сабырлылықпен түсіндіріп берді. 5минут
3. Әңгімілесу
— Ал,балалар осы фильмде бізге не ұнады,не ұнаған жоқ?
— Сендерде осындай жағдай кездесе ме?
— Осы фильмді сендерге не үшін көрсетті деп ойлайсыңдар?
Мұғалім: Өте жақсы балалар.Бізге қандай жағдайда да ұстамдылық пен сабырлылық керек деп ойлаймын. Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Сабырлылық пен ұстамдылық» (Слайд арқылы көрсету) 4минут
Мұғалім:Балалар,қазір біз сахналау өнерін көріп,талдау жасайық
4. Сахналау
Сабырсыз
А.Естенов
Еркелетіп жалғызын,
Ас қойды анасы алдына.
Күйдіріп ап аузын,
Сабырсыз ұл салды лаң.
Жау қуғандай аптықты,
Суығанша шыдамай.
Анасына шаптықты:
«Неге ыстық,-деп,-бұл қалай?..»
Білетұғын ондайын
Айтты сонда анасы:
«Осы болар әрдайым
Сабырсыздық жазасы!».
(Өлең оқылады, екі оқушы өлеңдегі ана мен баланың іс-әрекетін, көрініс түрінде көрсетеді). 4минут
Қазір балалар өзіміздің сабырсыз,ұстамсыз болған кездеріңді естеріңе түсіріп көріңдерші.
5. Өзіммен өзім
Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Оқушыларға сабырлы болу жолдарын ойлап отырылуы тапсырылады.
Менің сабырлы, ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, аулада да, мектепте де, өзімді сабырлы ұстаймын ешнәрсеге ренжімеймін. Ақырын басып, баппен сөйлеп келе жатқан өзімді көріп тұрмын, ол сондай жарасымды, тартымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған сондай ұнайды. 3минут
6. Дәптермен жұмыс
Енді,балалар оқушы дәптерін ашып 51-ші беттегі «Аяқталмаған сөйлем» деген тапсырманы орындайық.Оқушы дәптеріндегі «Жан жарасы жазылмайды» әңгімесі бойынша сурет салуды,ата-аналарымен бірге орындауға үй тапсырмасына береміз. 6минут
7. Дәйексөз
«Ұстамдылық-әдептің ұстазы, Ұстамсыздық-әлектің нұсқасы»
-деген нақыл сөзі оқылып, мағынасы түсіндіріліп,
дәйексөз дәптерге жазылады. 3минут
8. Мәтінмен жұмыс
Жан жарасы жазылмайды(Аңыз әңгіме)
Балалар мәтінді бөлім бойынша бөліп оқып,сұрақтар қойылады
1сұрақ Өздеріңді ашу қысқан кезде не істер едіңдер?
2 сұрақ Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті? 7 минут
9. Шығармашылық жұмыс
«Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесі бойынша ертегінің басталуы, оқиғаның өрбуі мен ертегінің аяқталуына үш сурет салып, әрқайсысына қорытынды сөз жаз.
10. Жүректен жүрекке
Балалар бір-біріне жүрек ұсынуы арқылы: ұстамды бол,сабырлы бол,ақылды бол,адал бол,әділ бол,шыншыл бол,тәртіпті бол,үлгілі бол,ата-анаңды сыйла,ұстазыңды тыңда деген жақсы сөздермен сабағымызды аяқтаймыз.