Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен – Ана!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы  ауылы
№25 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қожахмет Гүлбағым

Мақсаты: Ананың құдіретті де мейірімді ,аялы алақанының жылылық сезімін бала бойына сіңіру.  Балалардың ата-анаға құрмет көрсетуін таныту.  Еліміздегі аналарымыздың қоғамдық орындағы еңбегін таныту,оқып үйренуге баулу.
Көрнекілігі:  Тақырыпқа байланысты суреттер.
Хор:   Анашым
Ана-жүрек, құдірет де,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің, күніңе табынып өт. Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы бар жақсы қасиеттер ең алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Олай болатын болса, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз да               «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен – Ана» туралы болмақ. Ендеше балалар, «Ана» дегенде ойымызға қандай  жылы ұғымдар ұялайды. (балалар тақтаға өз ұғым түсініктерін жазады,қосымша интерактивті тақтада өзім дайындаған слайдты ашып көрсетемін)

–    Жақсы, жарайсыңдар балалар! Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда біз әлемді тербеткен асыл анамыз, Сара Алпысқызы туралы айтамыз.
–    Балалар, сендер Сара Алпысқызы туралы білесіңдер ме?
–    Иә.
–    Жарайсыңдар
–    Онда кім не біледі екен ортаға салайық.
***Оқушылар өз зерттеулері бойынша дайындаған жұмыстарын қорғайды.
Осындай бір қолымен бесікті.бір қолымен әлемді тербетіп қоғамда өзіндік орнын көрсетіп келе жатқан анамыз –Сара Алпысқызына біздің әрбіріміз бас ие аламыз.
«Ана»  (Көркемсөз оқитын Аяжан Сабырқызы)
Төгілген әр балаға мейірімің
Сарқылмас мәңгі бастау бұлағың
Жасашы Ана!
Жасашы –менің тілегім-дей келе әдеби музыкалық монтажға кезек берейік.
1-оқушы:  Менің анам «айым» дейді,
Менің  мұнайсам уайымдайды.
Менің анам «күнім» дейді,
Менің қуансам күлгендей.

2-оқушы: Ана деген асыл жандар ардақты,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.

3-оқушы: Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,
Әр кеш менің ән-күйім, сая, бағым.

4-оқушы : Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім.

5-оқушы: Анашым сенсің менің тірегім,
Мен үшін нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап, аялап өтем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.

6-оқушы: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелейді жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымда.

7-оқушы: Ана десем шекшек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әр бір үйде жұлдыз болып жанады.

8-оқушы:  Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер анашым.

9-оқушы: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Ана – тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Ана десем сезім билеп тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық-

«Анашым» әні орындайтындар: Ұлықпан Т
Бағыланова А

« Анашым»көркемсөз  оқитын Салимағанбет М

Анам менің, асылым, лағыл әнім
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.
Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын
Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын,
Анам менің асылым, лағыл әнім – деп «Анашым» әнімен ортада Ботакөз, Тоқтарбек, Мұхтархан.

–    Рахмет!
Балалар, сонымен дүниеде не тәтті?
–    Ананың сүті тәтті.
–    Не жұмсақ?
–    Ананың қолы жұмсақ
–    Жарайсыңдар, балалар!
–    Балалар, қазір мен сендерге сиқырлы таяқша берем. Бұл таяқшаны бір – бірімізге ұсынып, бүгінгі тәрбие сағатынан не ұқтыңдар, Сара Алпысқызы кім, ана деген кім? Жалпы, не үйрендіңдер, соны бір ауыз сөзбен қорытындылайық!
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма?
Борышты оған небір дархан дала да
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер, анаға!-дей келе бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетті. Қорыта келе, аналар еңбегін бағалап, сыйлап, ұзақ өмір тілей отырып, бесік тербеткен, әлемді тербеткен-асыл аналарымыз, аман болсын, жасай берсін дейміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше