Өзін-өзі тану пәні

"Бейбітшілік – ел тілегі, Жастар оның тірегі" атты фестивальдің сценарийі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы
№182 мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Пирназарова Жадыра Жадигеркызы

«Бейбітшілік – ел тілегі, Жастар оның тірегі»
атты фестивальдің сценарийі

      Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын сезіндіру, көпұлтты, ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жомарт халық екенін ұғындыру; патриоттық әндер, өлеңдер арқылы туған тілін, халқын, салт – санасын құрметтеуге тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті егеменді елдің жастарын қалыптастыру;

Барысы: Қойылым : тарих беттеріне шолу жасау

11 – сынып  — « Елім — ай», «Желтоқсан оқиғасы»
10 – сынып – 1937 – 38 ж.ж репрессия , 1991жылғы Тәуелсіздіктің жариялануы
9 – сынып – 1941 – 45 ж.ж Ұлы Отан соғысы, Қазақстан 20 жаста.
(Музыка ойнап тұрады, оқушылар мен сахнаға келіп орналасады)
Жүргізуші: Ту астында сап түзеңдер! ҚР – ның мемлекеттік Туы кіргізілсін.
(Әнұран орындалады.)
Би: «Шашу биі» Ортада 10 – сыныптың бір топ қыздары. Қарсы алыңыздар.
1 – жүргізуші: Қазақ десем қаным қызып денемде,
Қайнап кетем ғажап күйге енем де.
Қазақ десем Абай болып елестеп,
Абай мені шақырады өлеңге.

Қазақ десем айдарымнан жел есіп,
Кетем ойша Мұқаңменен кеңесіп.
Қазақ маған Әлиядай айбынды,
Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп.

2 – жүргізуші: Қазақ десем қаламымнан жыр тамып,
Өткенді еске ап отырмын бұрқанып.
Қазақ деген – тәуелсіз ел бүгінгі,
Түп – тамыры жатқан сонау тереңде.

Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны,
Ақиқатқа айналғандай шындығы.
Әрбір түні ақ тілеумен жабылып,
Атар таңға айқара ашық түндігі.
1 – жүргізуші: Армысыздар алқалы Алаш жұрты!
2 – жүргізуші: Бармысыздар бақытты елдің ұрпақтары!
Бірге:       Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!
1 – жүргізуші: Мінеки, біздер болып, сіздердер болып көптен күткен дүбірлі тойымыздың да шашуы шашылды. Қуанышымыз ұзағынан болсын ағайын!
Тәуелсіздік! Бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп, ұстаған бейбіт халық болған.
2 – жүргізуші: Иә, Тәуелсіздік!  Қандай киелі сөз десеңізші?! Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп ой елегінен өткізсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.
Ән:                   «Жаса, Қазақстан» Орындайтын: 11- сынып оқушысы Құрманалы Жеңісбек
Би:
1 – жүргізуші: Қазақстан  ХХІ ғасырға нық қадам жасап, игілікті жаңғырулар жолында едәуір ілгері басты. Бүгінгі таңда бүкіл халықтың, барша жұртшылықтың және ел басшылығының ой ниеті тұрақтылықты, азаматтық, дінаралық және ұлтаралық татулықты сақтауға, мемлекет аумағының тұтастығы мен шекарасының мызғымастығын қамтамассыз етуге, экономикалық өрлеуге, халықтың әл – ауқатын арттыруға, көршілермен және әлемдік қауымдастықпен жемісті ынтымақтастыққа бағытталып отыр.
2 – жүргізуші: Айталық, жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХУ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Н.Әбішұлы:
«… Қазақстанның тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп өркендеуі үшін, нығаюы үшін қазақтың — өзіміздің ұлттың бірлігі керек. Егер бәріміз жармасайық билікке деп жан – жаққа кететін болсақ, осы тәуелсіздіктен, еркіндіктен айырылатын боламыз. Мен мұны әдейілеп айтып отырмын.
Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, бұл тарихи миссияны абыроймен тақарып шығады деп  сенемін» деді төтесінен «төртеу түгел болғанда төбедегінің келетінін» меңзеп.
Ән:                                                               « Айналдым  сенен , Атамекенім»
Орындайтын: 10 – сынып оқушысы Сейділда Жұлдыз
Би:
1 – жүргізуші: Елбасымыздың Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін тұрақты түрде өткізіп тұру үшін Бейбітшілік және келісім сарайының әсем ғимаратын салғызуы да жоғарыдағы сөзімізге айғақ.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Елбасының жеке өзінің ұйтқы болуымен өмірге келген Иасауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік, Қазақ – Британ, Қазақ – неміс, Еуразия университтері, ҚМЭБИ және «Болашақ» бағдарламасы, олардың бүгінгі аяқ алысы мен жоғары нәтижелі игі істері талантты жастарды щқытып тәрбиелеуде, елімізге болашақ білікті мамандар әзірлеуде орасан зор үлес қосып отыр. Білім беру саласындағы бұл оң өзгерістерді көріп – біліп жүрген қарапайым халық, дүйім жұрт көке    йіндегі көптен күткен арманы орындалғандай қуанышта

Ән: Шөмішбай Сариев «Қазақ елі». Орындайтын: 9 – сынып оқушысы Жұматай Тұрсынай
Би:
1 – жүргізуші: Бірде Елбасымыз Нұраға Иерусалимнің қасиетті орындарына барған сапарында сол елдің басшыларының бірі ресми делегация мүшелеріне әлгі ұлттың титтей ақ төбетейін кигізіп жатыпты. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне кигізген әлгі тақияның біреуін қолына ұстап тұрып, қасындағы жолсеріктерінің біріне «Мынау саған жарасады екен» деп басына іле салыпты да, өзі қалтасынан қазақтың тақиясын алып киіп алыпты. Бұл әрі тапқырлық, әрі қазақтың көңіл жықпас әзіл – қалжыңы арқылы өзге жұртқа үлкен ой саларлық өнегесі дер едік. Өзіңді өзгеге сыйлатудың жарқын үлгісі. Әрі өз еліңді, өз жұртыңды басқа жұртқа танытудың, құрметтеудің төте жолы, ең ұтымды әдісі.

2 – жүргізуші: Елбасымыз Н.Н.Әбішұлы туралы кітап жазған ағылшын жазушысы Дж..Айткен 2009 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан » газетінің тілшісіне береген сұхбатында «… Мен  Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшін сіңірген бәрінен де үлкен еңбегі аса қиын жағдайда сан ұлттан құралған халқын соңына ертіп, олардың тарихи қалыптасқан достығы мен ауызбірлігіне сына қақтырмай, топтасқан күйінде сын сәттен сүріндірмей алып шыққандығы, осының негізінде жас та тәуелсіз мемлекетті құра алғандығы деп есептеймін. Ұрпақтарға болашақ үшін жол сілтейтін бұл құбылыс Қазақстан тарихындағы маңызы өлшеусіз болып табылады және әлі талай айтылатын болады» деген еді. Орынды айтылған пікір. «Жақсы сөз – жарым ырысы»
Ән:                  «Қазалым». Орындайтын: 9 – сынып оқушысы Жеткербай Гүлзат
Би:

1 – жүргізуші: Қазақы өлең қанша ма рет аһ ұрды,
1931- де дана қажы атылды.
Отыз жетіде Сәкен менен Ілияс,
Елге атылған оқты өзіне шақырды.
Жетпіс алты Мұқағали ақынды
Күйік пенен у теңізге батырды.

2 – жүргізуші:  Мына заман бетін тырнап алатын
Өлең үшін өшіреді ақынды.
Талабына азап пен сор жақын ба,
Жырымен гүл өсіретін таңымда
Бірінші боп зорлық билік алса егер,
Ақын байғұс кетеді екен тақымда
Олай болса, келесі кезекті ақын өлеңдеріне берсек.
Оқитындар: Бақыт Бекзат, Сақыбай Айзат, Рысқұл Асқар, Айжарық Айткүл, Базаралы Ардақ
Би:

1 – жүргізуші: Тәуелсіз ел!
Қараймын да тамсанам,
Жылдарды осы ата – бабам аңсаған.
Алаш ұрпақ бірімін мен сондықтан
«Бақыттымын » деп айғайлап ән салам.

2 – жүргізуші: Тату өмір Тәуелсіздік енгелі,
Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.
Жанын, қанын аямаған сан ғасыр,
Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.
Ән:
Би: «Орыс» биі

Қорытынды: 1 – жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.

2 – жүргізуші: Үлгі бізге – аталардың ерлігі,
Ұлағатты , өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Осымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік  —  ел тілегі, жастар оның тірегі» атты фестивалімізді жабық деп жариялаймыз.
1 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің таңы нұрлы
Мемелекетіміздің өмірі  ғұмырлы болсын ағайын!
Қош –сау болыңыздар!

"Бейбітшілік – ел тілегі, Жастар оның тірегі" атты фестивальдің сценарийі: 0 комментариев

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.