Өлең
Жеткергенова Баянсұлу Жанатқызы
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы
№3 орта мектеп, 6бсынып оқушысы
Тіршіліктің бастауы табиғатта
Бар адамзат табиғаттан нәр алған,
Табиғат тірлік үшін жаралған.
Мал қалғанша тал қалсын деп атадан,
Халық аузынан ұлағатты сөз қалған.
Өзен-көлім сылдырлап бұраңдаған,
Сұлулықтың ұқтырған сырын маған.
Жасыл желек жамылып жаздың күні,
Ауаны тазартады қалың орман.
Асқар тауым алыстан маңғыздаған,
Баурайында тау ешкі ойнақ салған.
Тау арасын селдетіп құйын өскен,
Тынысыңды ашады жауын жауған
Табиғатты аялайық бәріміз,
Жасайық біз қолдан келсе ізгі іс.
Тіршіліктің бастауы табиғатта,
Шығармайық естен соны біз.

Керемет. Талабына нур жаусын!
Рахмет!