Оқушылар шығармашылығы

Жеткіншек бейнесін жасаудағы қоғамдық-адамгершілік негіздері

Қазақстан Республикасы. Білім және Ғылым министрлігі
Атырау облысы.  Құрманғазы ауданы. Еңбекші орта мектебі

Әметова Гүлайхан.  ХІ сынып

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Жұмекен ауылы, Еңбекші орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, филология магистрі
Амирханова Сара Бекетқызы

Жеткіншек бейнесін жасаудағы қоғамдық-адамгершілік негіздері           (Балалар әдебиеті өкілдерінің   шығармалары негізінде)

 

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары. Секция: IV әдебиет

Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Әметова Гүлайхан. Ғылыми жоба. (PDF)

Еңбекші орта мектебінің

                                                                        XІ сынып оқушысы

                                                                                    Әметова Гүлайханның

«Жеткіншек бейнесін жасаудағы

қоғамдық-адамгершілік негіздері»

                                                                 (Балалар әдебиеті өкілдерінің

                                                           шығармалары негізінде)

 тақырыбындағы ғылыми жұмысына

                                                 Пікір

Оқушы айналысып жүрген жұмысында балалар әдебиетінің көрнекті  өкілдері Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаевтың  повестеріндегі жеткіншек бейнесін жасаудағы қоғамдық-адамгершілік негіздерін өте шебер өзіндік ой тұжырымдарымен нақты,  әрі ғылыми тұрғыда түсінікті баяндай білген.

Ғылыми жобаның жоспарға сәйкес кіріспе бөлімінде Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі жөнінде тұжырымды мағлұматтар берілген. Зерттеу бөлімінде жазушылардың «Сәтжан», «Бала мерген», «Жұмбақ қыз», «Тәмпіш қара» повестеріндегі жеткіншек бейнесін  қоғамдық-адамгершілік тұрғыда талдай отырып,образдық талдау топтастырыла және  cатылай кешенді түрде жан-жақты жасалған.

Ал, қорытынды бөлімінде Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаевтың балаларға арнаған шығармаларының қыр – сырын терең меңгерту,бүгінгі өмірмен байланыстыра   білім – ғылым,тәрбие  саласында ұтымды пайдалануға  болатынын айтады. Жұмыс жүйелі де, жинақы, көңілге қонымды, тартымды жазылған. Зерттеуші оқушыға ізденістерге толы шығармашылық табыс тілей отырып, балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларының бүгінгі келешек ұрпақ үшін, тәрбиелік мәнінің зор екендігін түсіндіру басты міндетіміз деп есептейміз.

 

 

 

 

Мектеп директоры:                        Шаяхметов Мырзабай

 

 

Жетекшісі:                               Әмірханова Сара Бекетқызы

                                               Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

                               І санатты  мұғалімі,

                                Филология магистрі

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Қазақ кеңес балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері,аға жазушылар  Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар бере отырып,  шығармаларындағы жеткіншек бейнесін берудегі қоғамдық-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып жан-жақты бейнелік талдау жасау.

Болжам:Шетел ғалымдарының тарапынан жазушылар шығармаларының бағалануы және зерттеу жұмысы тақырыбын бүгінгі өмірмен  салыстыра зерттеу.

Зерттеу кезеңі:Кіріспе бөлімінде қазақ кеңес балалар әдебиетінің тарихына шолу жасалынып, аға жазушылар  С.Бегалин мен С.Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы деректер беріледі.Зерттеу бөлімінде жазушылардың «Сәтжан», «Бала мерген», «Жұмбақ қыз», «Тәмпіш қара» повестеріндегі жеткіншек бейнесін қоғамдық-адамгершілік тұрғыда талдай отырып,образдық талдау жан-жақты жасалынды.Қорытынды бөлімінде С.Бегалин мен С. Сарғасқаевтың балаларға арнаған шығармаларының қыр – сырын терең меңгерту,бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып,білім – ғылым,тәрбие  саласында ұтымды пайдалануға  болатынына талдау жасалынды.

Зерттеу әдісі:Балаларға арналған шығармалардың бүгінгі өмірдегі жасөспірім тәрбиесіне  зор ықпалының болатындығын теориялық жағдайда зерттеп,жеткіншек бейнесіне образдық талдау жасауды мұрат тұтып,жүйелі де жаңа,ұлттық тұғырнамалық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алдық.

Зерттеу жаңалығы:Көркем әдебиет жас жеткіншекке,жастарға,адамның қалыптаса бастаған шағына өте күшті ықпал жасайды.Ал балалар әдебиеті-жасөспірімдерді, ұлттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір жемісі.Зерттеу жұмысыма көрнекті балалар жазушылары С.Бегалин мен С.Сарғасқаевтың шығармаларындағы жеткіншек бейнесін рухани асыл қасиеттердің көрініс табуын жан-жақты талдай отырып, сыныптан тыс кезінде қолданатын  «Көмекші құрал»  кітапшасын жасадым.

Жұмыстың нәтижесі:Балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері С.Бегалиннің “Сәтжан”, “Бала мерген”, С.Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара”, “Жұмбақ қыз” повестеріндегі жеткіншек бейнесін жасаудағы  қоғамдық-адамгершілік негіздері анықталып,ой түйінделді.

Жұмыстың қорытындысы:Еліміздің ертеңі-бүгінгіжасөспірім, жеткіншек.Әр қоғамның өзіне тән әдебиетімен кейіпкер бейнесінің сомдалуын бүгінгі өмірмен, жасөспірім тәрбиесімен байланыстыра талдау жасадым.Әр баланың бойына   әдебиеттің бала тәрбиелеудің ең қажетті құрал екендігін дәлелдей білдім.Бүгінгі таңда да жасөспірімдер тәрбиесі-өзекті мәселенің бірі.Қай заманда да болса да тәрбие құралы   ретінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше екендігін көз жеткіздім,балалар әдебиеті де басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі үздіксіз даму,өсу жолында болады.Сондықтан да рухани байлығымыз көркем әдебиетті,көркем шығармаларды оқи отырып,жас жеткіншектерді адамгершілік пен шыншылдыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеп,жастарымыздың болашағын сақтай аламыз.

 

Annotation

Research aim: drawing on facts from the life and works of prominent writers of the Kazakh soviet children’s literature Sapargali Begalin and Sansyzbaya Sargaskaev and comparing their works describe the social and moral qualities of the younger generation to do comprehensive analysis.

 

Hypothesis: Assessments of writers from foreign scientists and their research  based modern life.

 

The procedure of the research: In the introductory part gives life and creative activity of these writers. Researching part in analyzing the story “Satzhan”, “Bala mergen”, “Zhumbak kyz” images of the younger generation of the basis of socio – moral attitude has made sided descriptive analysis. The final part of combining the content of children’s works to modern life, have been analyzed and indicated their availability in the field of science, education and training.

 

Research method: Following the methods and techniques of innovative technologies theoretical defined, and their work in the education of the younger generation.

 

 

The news of the research: Literature has on the formation personally moral values, character, worldview. Fiction strongly influences the development of the younger generation, young people and on the initial stage persons. In the research his work all third-party exploring the spiritual qualities of the younger generation in the works S. Begalin and S. Sargaskaev created a brochure for extracurricular activities.

 

 

The Results of the research:  On the basis of the work of children’s writers Begalin and Sargaskaev made a full analysis of twin socio-moral qualities of the younger generation.

 

 

Practice importance: The future of the country-it today’s youth. Based on the literature of different generations of young people combining education wish today’s life is made of literary analyze. Proved everyone, that literature is an important tool of education of the youth today is that the actual problem. Selected works Section we educate them humanity, and ensure the future of our youth.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

1.Кіріспе

 

2.Зерттеу  бөлімі

 

2.1.  С.Бегалин “Сәтжан” және“Бала мерген”повестеріндегі

кейіпкерлерінің рухани болмысы.

 

2.2.С.Сарғасқаев шығармаларындағы ауыл балаларының бейнесі.

 

2.3.Әдебиет және бүгінгі жасөспірім.

 

3.Қорытынды  бөлім

 

4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

5.Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кіріспе

Әдебиет-сөз өнері .Әдебиет пәні де өнер пәні .Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе,әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.Әдебиет пәні арқылы жеке тұлғаның рухани дүниесі байиды,туған тілін сүюден, елін,азаматты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Балалар әдебиеті балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, өмірге құштарлыққа тәрбиелейді. [1] Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкендердің істеріне еліктейді.Жас баланың ой-арманы асқақ келеді.Әр баланың осы ойын,осы талабын іске асыратын-мектеп.

Қазақ балалар әдебиетін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1) Қазақ кеңес балалар әдебиетінің дамуының алғашқы кезеңі,

2) Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі  балалар әдебиеті

3) Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті

4) Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті

5) Кеңестік дәуіріндегі балалар әдебиеті

6) Қазіргі кездегі балалар әдебиеті. [4]

Кеңес балалар әдебиетінің негізін салған — А.Горький болса, ал қазақ балалар әдебиетнің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Шолпан Иманбаева, Ілияс Жансүгіров,Сапарғали Бегалин,       Сарғасқаев Сансызбай т.б.

Бүгінгі заманның балалары өткен кезеңдердегі балалар тағдырын, яғни,ата-әкелеріміздің өмір жолдарын,балалық кездерін,олардың өмір сүрген дәуірін біле бермейді, кей жағдайда білуге де ниет етпейді.

Ол-тарих .«Тарихты білмей, өткенді,қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»,-деп Әл Фараби айтқандай, әдебиетіміздің тарихын   білуіміз — басты міндет. Ол кезеңдерді біз тарихтан, әсіресе көркем шығармаларды оқу арқылы біліп танимыз. Оқушыны әр жылдар оқиғасын қамтитын, балалар тағдырын жан-жақты суреттеп беретін жазушылардың шығармаларымен сыныптан тыс оқу кездерінде  таныса отырып,қызыға оқыдым.

Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1916 жылы І дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысына алынған.1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соты қызметтерін атқарған.Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Оның «Қазақ қыз -бозбалаларына» деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылған. Кейін бейнелі ой тереңдігімен, лирикалық-романтикалық толғаныстарымен елдегі өзгерістерді, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын, туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі», «Цимлян теңізі», «Таңдамалы», «Сырлы қайнар» т.б. өлеңдер мен поэмалары жарық көреді.

Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», ІІІ томдық таңдамалы шығармаларының жинағы т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Замана белестері» атты романы жарық көрді.Т.Г.Шевченко, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың жекелеген өлеңдерін, Д.Н.Мамин-Сибиряк, Л.В.Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударды.«Қарагөз», «Көктем», «Бесік жыры», «Ақ көгершін», «Сағындым сені, сәулем-ау» т.б. 50-ге тарта өлеңдеріне ән шығарған-сазгер. Жазушы шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Халықтар достығы, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Сансызбай      Сарғасқаев (29.4.1925 ж.т., Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосы) — қазақ кеңес жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.1942 — 1943 жылдары аудандық «Красногоршы» газетінде жауапты хатшы, 1949 — 1972 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар» (1966), «Тәмпіш қара» (1971) атты повестер мен әңгімелер жинақтарында жас жеткіншектердің ой — арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер — білімге деген құштарлығы, бір — біріне адалдығы, достық қарым — қатынасы суреттелген.Жаңашыл да жасампаз адамдар туралы «Ұстаз» (1979), «Сұлутөр» (1983) романдары жарық көрді. Оның кітаптарының бәрі мектеп оқушыларының тыныс — тіршілігінен сыр шертеді.Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған.С.Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды. Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен наградталған. [3]

Балалар әдебиеті саласында Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаев — балалар прозасы жанрын дамытқан жазушылар.Олардың өмірді жақсы тани білетін мол тәжірибесі әңгімелерінен айқын көрініп отырады да,соның өзі балаларға үлгі- өнеге боп қала береді.Сонымен қатар өз әңгімелеріне мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен тығыз байланыстыру жолын дұрыс қоя білген де, содан өзі дұрыс шешім тапқан.Жазушылар шығармалары-  тек балаларға ғана емес,ата-аналар мен ұстаздарға да үлгі боларлық бағалы дүниелер.

 

 

                                             

 

 

 

 

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1.         С.Бегалин “Сәтжан” және “Бала мерген”повестеріндегі кейіпкерлерінің рухани болмысы

Зерттеу нысанасына алынып отырған туындылар- балалар әдебиетінің көрнекті, аға өкілдері Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаев шығармаларынан    жеткіншек бейнесін  жасаудағы қоғамдық-адамгершілік негіздерін айқындап,бүгінгі жасөспірімдермен салыстыра зерделеп,ой түйіндеу, көркем әдебиетке қызығушылығын ояту.

С.Бегалиннің  өз оқушыларына ұсынған повестері мен әңгімелерінің басты кейіпкерлері – балалар мен жеткіншектер. Бұлардың ішінен оқу озаттарын да, теміржол деполарында қызмет ететін жас мамандарды да, мектеп мичуриншілерін де  кездестіреміз.Жазушы олардың үлгілі істерін өз жас оқушыларына өнеге етіп ұсынады.Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.Повесть-оқиғаны баяндап айтуға негізделген қара сөзбен жазылған көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі.Образ — көркем шығармадағы адамдар бейнесі. [2] Ал, балалар әдебиетінде — жеткіншектер бейнесі.Повестегі басты кейіпкер — Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»;Эпикалық жанр  түрі-повесть.Шығарманың негізгі ойы- қазақтың ата кәсібі құсбегілік пен аңшылықты дәріптейді.Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ: Басталуы.Ауыл балалары Сәтжан мен Жанайдың «Таңбалы тас»құпиясына  және ителгі ұясына кездесуі.Байланысуы.Ителгі ұясынан Сәтжанның балапанды алып, өсіруі.Шиеленісуі.Ителгіні қаз,үйрекке салуы,ең алғаш тырнақ алды жемісін көруі.Шарықтау шегі.Достарымен тауға жорыққа шығуы, ителгіні  қоянға салуы, ителгісінен көз жазып қалуы.Шығарманың шешімі.Сәтжанның құсбегіліктен басқа ғылым жолын таңдап, «Таңбалы тастың» құпиясын мақсат тұтуы, Алматыдағы Тау-кен зерттейтін оқу орнын таңдап, талаптануы.Шығармада эпитет,теңеу,диалог, мақал-мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған.Тәрбиелік мәні: жалпы өнерлі болуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа, адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелейді.«Сәтжан» повесі негізінен аңшылық әңгімесіне арналған.Өзінің туған өлкесінде,көбіне ауылда,жүріп қызмет еткен Сапарғали жаратылыстың сан қилы көріністерімен танысып, жасөспірімдерге арналған әңгімелерінде оның әр алуан байлығы мен көркем көріністерін суреттеп беруге көп еңбек еткен. «Күштінің күштісі-ақыл,ақылдың  иесі- адам» дегендей дүниеде қандай жыртқыш,қандай күшті болса да,соның бәрін ақылмен игеретін де, жеңетін де адам екенін жазушы бірнеше қызықты дәлелдермен суреттеп, жас буындардың алдарына ұсынады.Баланың не нәрсеге болса да ұмтылғыш талабы мен әуесқойлығын,еш нәрсеге қынжылмайтын жақсы сапасын байқатады.Сапарғалидың «Сәтжан» әңгімесіндегі іс-әрекеттерін көрсетуге арналған. Сәтжан  мектепте оқи жүре бір жағынан колхоздың бұзауын бағып,өсірсе,бір жағынан  аңшы атасы Серікбайға еліктеп, құсбегі болуды аңсайды.Жазушы Сәтжанды қынжылуды білмейтін,не нәрсеге болса да қызыға кірісіп, ойлаған мақсатына жетуді көбірек аңсайтын оптимист бала етіп көрсетеді.Ол өсірген  қыран құс Саршегір де «бір баққан қабағынан барлық  атырапты сүзіп көріп алғандай,иесіне мақтанғандай алыс төңірекке тәкәппәр ерлікпен көз салып,құйқылжып қарайды».Нағыз бау кеспе алғырдың өзі болып шығады.Табиғат тағысы қыран құс ителгіні үйретіп алған Сәтжан оған қоянды да,қазды да,үйректі де алдыра береді.Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды  үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады.

«Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені  Сәтжанды үлкен ойға қалдырған-ды…

Балалар үшін жазылған көркем әдебиеттегі ең құнды мәселе-өзінің оқушысын осы сияқты істерге баулып,өмірге үйрететіндей,соған қызықтыратындай уыты болуында.

… «Жем басқан жерінде қойқаңдап біраз отырып ителгі көтеріліп ұшып аспанға шықты.Серікбай қолындағы жемді қайта көрсетіп, ителгіні енді өзіне шақырды.Қолдан жем алып үйренген әдетті қыранша ителгі аққан бетімен келіп,Серікбайдың қолындағы жемге қонды.

— Мүны бүгін аса тойғызбай,ертең мына жердегі қара судағы үйрекке тағы бір салып көрелік.Үйрек ұшқыр құс,алыстан көріп мына шабан шіркін жете алмай қалмаса,мынау алады,-деп Серікбай Сәтжанды қуантып қойды.

Бүгінгі түн Сәтжанға жылдан кем болған жоқ.Ол ителгінісінің шырғаны басып жем алғанын,бүркітші атасының мақтап үйрек алады дегенін апасына айтып,түн ортасы ауғанша көзін ілмеді.Таң атып, бұзауын, бұзау емес-ау торпақтарын өрістетіп қай ауылға әкеліп жеткізу сәтін  өте ұзақ көріп, әрең дегенде ұйықтады.

Сәтжанның әрбір талабына тағаты қалмай қызықтап қарайтын Зейне де баласынан аз қуанған жоқ.Ол тек,баласы аса әуейленіп кетпесін дегендей сыр бермей,салмақты ақыл айтып,шаруа жағына ойыстырып ой сала берді.Бірақ та,үйкүшік болмай түзшіл болуын, бұйығы болмай өршіл, ізденгіш болуын, өте ұнатады.Көбінесе баласына ой салып,өнерге талпындыратын да Зейненің өзі.Ол баласына:

-Атаңнан мылтық атуды да үйрен,өзім мылтық алғызып берем. «Қару алсаң-мылтық ал, қарның ашса тамағың,талыққанда таяғың» -деген халық мақалын айтып,өнер таңдағанда үйрен дейтіні осындай нәрселер». [5] Бұл үзіндіде ителгіні үйрекке салуға дайындығын көре отырып,Сәтжанның зор талабы аңғарамыз.Сонымен бірге анасы  Зейненің балаға деген ыстық ықыласы мен ана мейірімі, Сәтжанды өнерге ұмтылдыруы,сенім артуы  оқырманын қызықтырумен бірге мол тәлім-тәрбие берері сөзсіз…

…«Шүрегейдей зулап ұшып, зырлап ақпай, шабандай ұшып түзу жөнелген қос көкаланың үстіне ителгі сып етіп жетіп барып,жарқ етіп жоғары көтерілді.Құсының осы сәттегі бар қимылын бағып тұрған Сәтжанның көзіне жас толып,бұлдырап кеткендей болды.Үйректің дәл үстіне жетіп алып,жоғарылап қайта шүйіліп,ителгі үйректің біреуіне түйіліп кеткенде,бір үйрек сылқ етіп құлдырап жерге ақты.Ол үйректің қызығына қарап, ителгісінің одан кейін не істегенінен Сәтжан көз  жазды.Ителгісі үйректің бірін теуіп түсіріп,екіншісіне шүйіліп қуып жөнелді.Сонша болмады, сасқан үйрек бұлт беріп бір шоқ талға барып жоқ болды.Талға кірген үйректі таба алмай,ағындаған бетімен барып,өзеннің қабағындағы бір жартасқа қонып отырып қалды.

Ителгінің теуіп түсірген үйрегін іліп алып,Серікбай да ителгінің қонған жартасына қарай жүгіріп келді.Құнанымен шапқылап Сәтжан да жетті.Қолындағы қызылды  көрсетіп, Серікбай ителгіні шақырды.Дағдылы қыранша бөгелместен ителгі Серікбайдың қолына келіп  қонғанда, Сәтжан шектен тыс қуанып кетті.Түздің құсына дәндесе ителгісі қолға қайтып келмей қояр, деп те қорқатын еді.Ителгісі оны естімеді, лып етіп қызылға қайтып келді.Ителгі теуіп түсірген көнектей көкала үйректі Серікбай бауыздап,Сәтжанның қанжығасына байлап берді. …-Құсың аяқтанды,мынау құсыңның тырнақалдысы, сенің де тырнақалдың.Зейне үлкен той істейтін болды,-деп күліп Серікбай қонышынан қара шақшасын алып,қағып-қағып насыбайын ерніне тастап жіберді. Атасының Сәтжанға жұмбақ болып тұрған әрекетінің бірі ителгіні алғашқы бір топ шүрегей үйрекке жіберсе,көп алар еді,мына жекеленген екі ғана үйрекке жіберіп,біреуін ғана алып қалдық,деп азырқанып та қойды.Сүйтті де осы сырды атасынан сұрағысы келіп оқтанды.Бірақ батылы бармады.Сәтжанның осы сырын қабағынан ұққандай,атасы ауылға бет алғанда,әңгіме етіп ұшқыр шүрегейдің ителгіге жеткізбейтінін,салған құсына жете алмаса ителгі беталды ұзап ұшып кететінін ұғындырды. Тырнақалды үйрегін алып ауылға келгенде,Сәтжанды шашу шашып қарсы алған Зейне,төбесі көкке жеткендей қуанып,бар тілегін осы сәтте баласына арнап шүкірана ойын айтып жатты». [5] Бұл жерде Сәтжан ителгісін алғаш рет үйрекке салып,алғашқы олжасына кенеледі.Өзі баптап,өсірген ителгісінің тырнақ алды олжасын көргенде,Сәтжан көзіне жас алады.Өз еңбегінің жемісін көрген Сәтжанның сезімталдығын көрсете отырып, автор балалардың жүрегіне жол таба біледі. Аңшылық өнеріне басында Сәтжан қанша құмарлықпен қызықса да, өсе келе, ойлана келе оны қомсына бастайды.Оны Сәтжанның қомсынып отырғаны алда одан да гөрі зор мақсаттың барлығы байқалады,бұл оны үлкен ойға қалдырады.Әңгіме өрістеуі мен дамуы Сәтжанның құлашын кең арнаға жаяды.Бала кезінде байқалған «Таңбалы тастағы» көріністер Сәтжанды зор арманға жетелейді.«Қиясына қыран ұялатқан,қыналы бетіне ертедегі бір қиын күндердің ізін сақтаған зәулім жартас Сәтжанға терең сыр,үлкен құпиясымен аса ыстық көрінді.Ол жартастан ұзаған сайын қайта-қайта тастың сонау қиясынан көз алмай қарап келеді», -деп суреттейді жазушы. [5]

Баланы зор болашаққа баулитын шығарманың осындай идеясы оның тәрбиелік мақсаты неде екенін айқын көрсетіп,негігі кейіпкерлерінің басқаларға үлгі боларлық моральдық бейнесін ашып берді.

… «Қысқы каникулға босар алдында шаңғышылар үйірмесінде Сәтжан шаңғы жорығына шығуды ұсынды. «Жорға тауындағы қой фермасына барып қайталық.Малды көрейік,малшыларға газет апаралық»-деді.Оның сөзіне Нариман қосылды.Оныншы кластың оқушысы Қапан:-«Онда біз Сәтжан ителгісіне Қайрақты өзенінің құры мен қоянын алдырамыз.Бұл бір тамаша серуен,демалыс болады»,-деді.Сөзді осыған байлап, жүріс әзірлігіне жұмыла қам істеді. Шаңғышылардың бұл жүрісін аудандық комсомол комитеті де ұнатты.Комсомол ұйымы бұларға арнаулы тапсырма берді.Бұлардың бұл жүрісі «Жорға тауына жорық»деп жарияланды».[5] «Жорға тауына жорық» бөлімінде ауыл балаларының малшыларға қамқорлығын ұйымдастыруы, оны  қызықты етіп жоспарлап, Сәтжанның ителгісін құр мен қоянға саламыз деп, демалыс сәттерін сәтті ойластыруы өте  құптарлық жағдай, жасөспірімдердің бұл іс-әрекеттері бүгінгі жасөспірімдер үшін үлгі деп ойлаймын. Спорттың шаңғы түрін терең меңгерген мектеп оқушыларының демалыс сәттерін саятшылықпен ұштастыра білуі, қазіргі жастардың  салауатты өмір салтын қалыптастырумен шебер үйлеседі. … «Таңбалы тас»айналасында көп жерлер ертеде қазылып орланған сияқты жыра,шұңқырлар болатын.Бірақ шөп шығып,аса бір зерттей қараған кісі болмаса, байқалмастай тегістеліп,теңеліп те кеткен-ді.Петр да осы жағына ерекше көңіл бөліп, картаға түсіріп алды.Тастарының, топырағының кейбір өзгеше белгілеріне және жерінің қазылып, тастарына айырықша белгілер жазылуына қарағанда бұл жерде бір сыр бар екеніне күмәнданған жоқ.Оның сәтжанға оқу жайында ой салып сұрастырып келе жатқаны да осы ойдың өрісінен шығып еді.Петрды қызықтырып келе жатқан Сәтжанның әр нәрсеге өте ойшылдықпен сергек қарауы.Өзі айтқандай жаратылыстың тілін білуге аса ынтықтығы еді.Ел орынға отыра Петр бастаған қонақтарын алып Сәтжан үйіне келді.Зейне де қонақтарды тосып отырғандай әзірлікпен, тігіп алған киіз үйіне кіргізіп,көрпесін жайды.Бір бұл емес, қазақ ауылдарында сан рет болып қазақ әдетіне әбден түсінген Петр өз үйіндей жайлана отырып, жайдары мінезімен әңгімеге кірісті. Қонақтардың іздеген жерден тауып қайтқанжаңалығын білуге Серікбай, колхоз бастығы бар, біраз кісілер де келді.Өзінің бала күнінен бауырына басқандай бір жасасқан тамаша сырлы «Таңбалы тасынан», туып-өскен жерінен өзгеше асыл кен шыға қалса андай, мынау өлкеге қала салынып, шойын жол да түсер еді. Онда мынау өлке ғой, мүлде шаhар болып, шар-тарапқа аты кетеді.Серікбай кейінгі кездерде осы ойларды ойлап, сол кенді өзі егіп өсіргендей болатын.Әсіресе Алматыдан кісі келіп, «Таңбалы тастан» кен қарайды екен,деген сөз шыққаннан бері-ақ ол өзі туып-өскен жеріне ерекше дәмелі көзбен қарайтын. «Бұл кісілер Сәтжанның жазған қағазымен келіпті»дегенде: «Біздің Сәтжан бұл жерде бір нәрсенің барын оқумен біліп жүр-ау» деп ойлады».[5] «Таңбалы тастағы»  құпия Сәтжанның тау-кен зерттейтін институтқа оқуға баруына, оның талантына жол ашуға зор себепкер болады. Қорыта айтқанда, «Сәтжан» әңгімесінің барлық желісінен «Талапты ерге нұр жауар»деген халықтың даналық ойы көрініп тұрады.Зерттеп отырған осы шығармамыз «Сәтжан»повесінде жас азаматтың бойындағы еңбекке, өнерге деген құштарлық, бала жүрегіндегі тәтті арман, мөлдір сезім өте шебер суреттелген. Қазақ балалар әдебиетінің елеулі табысы болған бұл повесть орыс тілінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте бірнеше рет көп тиражбен басылып шықты, басқа тілдерге аударылып, шетелдерде жарық көрді.Қазір бір ауыздан балалар әдебиетінің үлгілі туындысы саналатын,кезінде одақтық сыйлық алған әйгілі «Сәтжан»повесіндегі қазға түскен ителгінің қимыл-қозғалысы,динамикасы,өмір мен өлім тайталасы бір оқыған адамның есінен кетер ме?! Жазушы осы шығармасында жас жеткіншектің жақсы үміті, талабы, әр іске икемділігі сипатталса, ал «Бала мерген» повесінде Уаштың аңшылыққа құмарлығы, мінез-құлқы мен алуан әрекеттері суреттеледі.Сапарғалидың “Бала мерген” повесінің негізгі мазмұны қазақтың ата кәсібі аңшылыққа тәрбиелейді. Повесть 6 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Таныстыру»-деп басталып, басты кейіпкері Уаш деген жасөспіріммен  таныстырады. … «Әкесі майданға аттанғанда Уаш он төрт жаста еді. Жасөспірім Уаштың өткір сұрғылт көзі, биіктеу қабағы,өсіп жете толмағандығы болмаса Нұрқасымнан айнымайтын.Ал бойы әлі талдырмаш болғанымен салалы,тарамыстау ширақ еді. Оның өңінің сарылығы,шашының тұнжыр қоңырқайлығы да әкесіне ұқсайтын.Тек, ол мінез жағына келгенде Нұрқасымның баяу,салғырт қимылы жоқ. Әр нәрсеге талаптанғыш, сәл алғыр да тәрізді еді.Ондай жайын ойлағанда Нұрқ
сым Әйменді есіне алып, осы мінез жағынан шеше, нағашы қаны мол сақталған ғой дейтін».[6]  Одан кейінгі бөлімдері «Алғашқы елік», «Сілеусін», «Қалаумен барып қасқыр атқаны», «Аюмен жекпе-жек», «Таутеке жорығы» деген тақырыптардан құралған,  бұл бөлімдерде  «Бала мерген» повесінің басты кейіпкері: Нұрқасымның жалғыз ұлы, жасөспірім — Уаштың                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  суреттеледі.Уаш аса мерген, батыл, қамқоршыл бала. Кейіпкерлері: әкесі Нұрқасым, анасы Әймен, қарындасы Дариға, ауылдағы ішкі істер қызметкері Исаев, шопан Ыбрай  және ауыл адамдары Мұқан,Жанжігіттер. Эпикалық жанр  түрі- повесть. Шығарманың негізгі ойы-қазақтың ата кәсібі аңшылықты дәріптейді. Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ: Басталуы. Уаштың әкесі Нұрқасымның соғысқа кетуі, баласына отбасын аманаттауы.  Байланысуы.Майданға кетер алдында әкесі Уашқа мылтық атуды үйретуі, алғашқы тиінді атуы. Шиеленісуі.Уаштың аң құмарлыққа қызығуы, елік пен сілеусінді атуы. Шарықтау шегі.Аюмен жекпе-жекке шығуы, таутекені атып алуы. Шығарманың шешімі.Аңшылардың, ауыл қарияларының Уаштың мерген екенін мойындауы, бала мерген атануы. Шығармада эпитет, теңеу, диалог, мақал — мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған. Тәрбиелік мәні: өнерлі болуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа, адамгершілікке, үлкендерді  құрметтеуге тәрбиелейді.

 

… «Алтай тауының Қос кемпір,Тазқара биіктерінен құлдилаған қар етекке де жетті.Бұл  кезде елік,күдір сияқты қоңыр аңдар етекке,ұсақ адырлы тепсеңге түседі.Мұндай кезде дағдылы аңшылар аңды балақтағы балапан қарағайларының арасынан аңдиды.Ол әдісті Уаш та әкесінен ұғынған.Күзден бергі Уаш ойындағы бір мақсат қалайда елікке оқ шығару. «Шіркін,балапан қарағайдың арасынан мүйізі мен құлағы ербеңдеп,таңы жарқылдап,бұлдырай орғыған еліктің алдын тоспауылдай қарауылға алып,өкпе тұсынан көздеп тұрып,басып салса.Күрс ете түссе» дейді.Ол осы оймен құмартқалы қашан.Бірақ,ондай құмардан шығарар жағдай әлі кездескен жоқ.Елік дәл алдынан шықса керек,бір теке тобынан бөлініп,ақсай басып арғы иыққа асты.Оқтан үріккен еліктің қалың тобы құйындай ұйтқып тап Уаш отырған иек артпаға жетіп келді.Демін ішіне тартып отырған бала мерген текесін,ешкісін деп таңдауға мұршасы келмеді.Алдыңғы елікті көлденеңдей бергенде басып салды.Өзінің «күрс ете түсті,тырп етпеді»дейтін жайшылықтағы сөздері аузына түспей қалды.Уаштың есі шығып кетті.Ол шаңғысына қарамастан тұра жүгірді.Басын соғып,екі көзі жаудырап,қансыраған сорлы елік ақырғы демін алғандай ышқынды.Ол қонышындағы кездігін алып щалып жіберді,жып-жылы қан аппақ қарға бүлкілдеп құйылып жатты.Жас мерген,аң құмарлық билеген сезім ықпалына улап,аңға,қанға ешбір мән берген жоқ». [6]Осы үзіндіде жеткіншек Уаштың батыл,алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезі және оның аңшылыққа епті екені айтылған.Бұл оның аңшылыққа құштарлығын және аса мерген екендігін көрсетеді,себебі мергендегінің арқасында аты тез шыға бастайды,тіпті оның мергендігін аңға құштар Исаев та мойындаған еді.Балалардың еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әр-түрлі шаруашылық  жұмыстарына тікелей қатысуы балалардың ой-өрісін кеңейтеді.Бұл  жағдайлар екі повесте де кездеседі.

…«Март айының бас кезінде ерегескендей,таңертең қорадан шығарған Ыбырайдың буаз биесін жарып тастапты.Ыбырай қасқырдың ізіне түсті,екі күн аңдып кездестірмеді.Бір рет алыстан көрініп,оқ шығартпады»Шіркін-ай,мынаған Уашты шақырмай болмас»-деді.Ертеңіне атқа мініп Сарымсақты селеніне тартты.Ондағы ойы Уашты шақырып мына қасқырды аңду». Ыбырай қарияға фермаға барып,қойларына шауып, күн көрсетпей жүрген көкжал арланды аңдып атуы оның мергендігі мен қатар жоғары адамгершілігін көрсетеді.Бала мерген Уаштың үлкен қайырымды ісіне риза болған Ыбырай қарияның батасын бергенін мына үзіндіде көрінді: «-Ой,қарағым-ай, өркенің өссін! «Батырдан сауға,мергеннен мүше деген» —  нағыз оңбағанның өзі осы.Ана арланынан осы қаншығы бір ұры антұрған еді,-деп өзінің ен таққан қасқырын көргендей болды.Ыбырай келе аттан түсіп,қасқырды аунатып көріп:

—         Бұл бір қасқыр емес,мына ішінде аз болғанда төрт күшігі бар шығар.Мұны бесеу деп қой.Енді бір алты айда алты көкжал болып еретін еді.Енесімен,арланымен және бөлтіріктер қандай қамқор.Ана арлан енді бұл маңға келмейді.Қаншығы оққа ұшты,ол безеді,-деп,Ыбырай қасқыр жайындағы өзі білетін сырларды айтып,мазасы кеткен жауынан құтылғандай аса қуанды.Қасқырды өңгеріп алып ауылға тартты.Уаш та мылтығын мойнына салып ауылға оралды».[6]Бұл үзіндіден біз Уаштың мергендігімен қатар адамгершілігін көреміз.Ол өз жұмысының көптігіне қарамастан, Ыбрай қарттың  өтінішіне құлақ түріп, оған көмекке аса үлкен жауапкершілікпен  барады.

… «Былтыр август  айының аяқ кезі, елік қарап келейін деп берденкені алып, Шыбынды бұлақтың бас жағындағы шатқалға бардым. Ойда жоқтан үйелмендей аң алдымнан шыға келгенде шошып кеттім.Астымдағы атым шошып қалш-қалш етті, ілгері баспай тұрып алды.Аттан қарғып түсіп мылтығымды алып кезене беріп ем,ол гүр етіп өзіме қарсы жүрді.Аса бір жақсы болғаны, мен жоғары жақта, аю төменде, тақыр қолтығын қарауылға алып жан дәрменмен атып қалдым, жерге домалап түсті.Өкіріп ыңырсып жатты, қашан дыбысы біткенше аңдып отырып,әбден жаны шыққан соң барып терісін алдық, майын алдық, етін алдық,-деп бала мерген әкесіне алғаш атқан аюдың әңгімесін аяқтап».[6] Уаштың ең бір батыл да қайсарлығын анық көрсететін оқиға оның аюмен жекпе-жекке шығуы.Бала мерген кезекті аңшылығында аюмен бетпе-бет келеді.Мылтығын қолына алып,аюды атады,бірақ аю өлмейді.Оғы біткен Уаш терек басында өрмелеп отырады.Аю кеткен соң,ауылға келіп,Жанжігіт ағайын ертіп,өзі атқан аюды алып келеді.Бала мергеннің  бұл іс-әрекеттерінен үлкен ерлікті көреміз. Уаш сенімді жылқышы,сүйкімді  де шебер  мерген болатын.

… «Күтпеген жерден көрінген жалғыз теке сондай зор болып елестеді.Әсіресе қарағайдай екі мүйізі ереуілдеп, аяғын маңғаздана басады.Уаш мылтығын алып көздеді. «Ал, осы жерден атқанда оғы дари ма? Ең аз болғанда алты жүз метрден кем емес.Ал оқ тисін, ана құздан қалай барып, қалай алады.Бостан-босқа қасқырға жем өлтіреді.

Ешнәрседен хабарсыз теке бір шалып, екі шалып жүріп келеді.Ішінен ойлаған есептің бәрін қойып, Уаш кезенген бетінде мылтығын басып салды».[6] Мергеннің тағы бір батырлығы таутеке жорығында байқалады.Уаш таутекені атып, өз ауылының бала мергені атанды.Жасөспірімдерді өнегелі өнерге баулитын бұл шығармадағы Уаш бейнесінен көп тәлім-тәрбие алуға болады.Еңбекқор, өнерлі, батыл, адамгершілігі мол жасөспірім Уашқа  бүгінгі шәкірттер де асқан қызығушылықпен қарары сөз,өйткені бала мергеннің бойындағы асыл қасиеттер кім-кімге де үлгі болатындай…

Жазушы Сапарғали Бегалиннің тілі де жасөспірімдерге лайық, мейлінше қарапайым, жатық тіл.Шығарманың негізгі ойы — жасөспірімдерге өмірді таныту жолы болғандықтан, шығарманың тәрбиелік мәні де өте жоғары  екендігін ұғындық. “Күштінің күші-ақыл, ақылдың иесі – адам”дегендей, әке мұрасы мен өнерін жалғастырушы бала мерген бейнесі — бүгінгі ұрпаққа үлгі.Қазақ баласының психологиясын, талабы мен талантын, адамдық қасиеттерін жақсы танып, мол мейіріммен әңгімелей отырып, шығармаларында ауылда өскен мектеп балаларының еңбекке бейімділігі, шөп шабуға шыққан балалар табиғатты тани білетіндері, орман, тау ішінде адасып кеткен үш бала кейіпкер аңшылық, саятшылық сияқты  әрі өнер, әрі кәсіпкерлікке де құмар болып араласып көрулері осындай қасиеттердің қазақ жастарына қай заманда да керек екендігін осы балалар жайындағы шығармаларда жақсы көрсетілген. Қалада өскендер сияқты балалар тек оқу-білімге,одан қалса спорт пен ән-биге құмартып,тек соларды ғана бірден-бір мақсат тұтпай, білім-ғылымға да, өнерге де ұмтылуымен қатар өмірде кездесетін барлық қызықты қызықтап,қиындықты жеңе білуге бейімделіп өсулері керек деген идеяны ұсынады жазушы.Балалар мүддесінің жоқшысы, ұраншысы ретінде танылатын Сапарғали Бегалиннің шығармашылығы осы идея — мақсаттарымен қымбат. Әдебиет өмір шындығын көркем образдар арқылы таниды.Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады.Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді.Көркем шығарма  арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның  ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен.Өйткені мектеп оқушысы  ретінде  осы зерттеу жұмысымның  талабын орындау үшін алуан түрлі жанрдағы көркем шығармалар  оқыдым.Ол туындылар оқушының жақсы  мен жаманның  ара  жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімінің  ұшталып, имандылық, еңбексүйгіштік қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді. Оқушының қоғамды, адамды түсінуі, өмірді ұғуы, тануы біртіндеп, дамып, тамырын  тереңдете береді,бұл-логикалық жағынан да , психологиялық жағынан да, тарихи жағынан да заңды құбылыс. Демек, шығармашылық іздену, ойлану, сол ойын қорытып, тұжырымдау арқылы оқушы адам өмірін, оның тарихи дамуын, өзгеруін, қалыптасуын көреді. Міне, сол арқылы ұғымды өмірді ұғып, әр түрлі мәселе жөнінде тиісті көзқарасы қалыптасады. Әлем сырын, қоғамды, адамдар арсындағы қатынасты таниды. Әдебиеттегі кейіпкерлердің қат-қабат қарым-қатынастарын көріп, ғылыми жоба жазу үстінде повест кейіпкерлері  жөнінде түрлі ой тоқтамына келіп, пікір топшаладым. Солардың әрекеттеріне, ісіне тұшынып, өмірді тани түсуге әрекеттене отырып, шығарманың білімдік, тәрбиелік мазмұнға ие болғандығына көз жеткіздім.Қай суреткер болмасын, өз заманының жемісі. Балалар әдебиетінің өкілдері өз талдау жұмысыма алынып отырған жазушылар, ең алдымен, өз заманын жыр етеді,жасөспірімдер келбетін кескіндейді, бейнелейді, шығармашылығы заманына байланысты туады. Олардың шығармалары өз замандарының айнасы боп келеді.

 

 

 

  2.2.С.Сарғасқаев шығармаларындағы ауыл балаларының бейнесі

Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген.Повесть 9  бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда» деп келеді.Басты кейіпкер-тәмпіш қара  Шаншатай. Эпикалық жанр  түрі-повесть.Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ: Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..Байланысуы.Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы. Шиеленісуі.Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы. Шарықтау шегі.Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.Шығарманың шешімі.Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары»газетіне шығуы.

Шығармадағы эпитет, теңеу, диалог, мақал-мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған. Тәрбиелік мәні Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

…Ал енді Шаншатай туралы айтсам…

Баланың түр әлпетінде пәлендей сымбат жоқ.Денесі түтінге ысталғандай қара қоңыр,әрі май жаққандай жылтырап тұр.Бұлшық еттері білеуленіп шығып бүлк-бүлк етеді.Оның суға түскенін байқамасам керек.Екі шекесі торсықтай жалпақ маңдайынан ұйысып түскен бұйра қара шашында су тамшылары күн сәулесімен таңғы шықтай жалтырайды.Қабағы да, төңкере салған кесе  секілді бетінің еті де қалың.Бірақ ерні жұқа.Ақырын ғана жымиып күлгенде,қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ моншақтай көрінді.Оншама бойшаң да емес,төртбақ,шымыр.[15] Бұл үзіндіні оқи отырып, жеткіншек Шаншатайдың қарапайым бейнесін көз алдымызға елестетеміз.

Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші  Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек.

… «Жаз күндері шайды есік алдындағы дәлізде ішетінбіз.

-Ассалаумағалейкум!-деген баланың даусы шықты.

-Әликсалам,-деді атам да,сәлем берген балаға риза болғандай.

Ержан жылап,мені атамның алдынан итеріп отырған.Оны мен де итеріп жібергенім сол еді,келген балаға жалт қарасам-Шаншатай!

Анадай жерде ақсия күліп қарап тұр.Мен шиедей қызарып кетсем керек,сасқанымнан бетімді атамның кеудесіне баса беріппін.Дәл осыны күткендей,басқа баланың келуі оған мият болғандай,жылап отырған Ержан мені дәл құлағымның түбінен періп жібермесі бар ма!

-Үй,мыналар қайтеді?!-деп атам осы кезде қозғалақтап қалды.

-Шырағым,жоғары шық,шайға кел!

Атам ендігі сөзін Шаншатайға арнады.Інімнің күлген даусы қаттырақ шыққандай болып еді,енді атамның сөзінен кейін:

-Рақмет, ата,-деді ол,-шаруам боп,Ертайға келіп едім.

Атам «саған келіпті ғой,сөйлессейші» дегендей,бетімді басқан иығынан кеудемді серіпті.Амал жоқ,бұрылып қарасам,Шаншатай сол орнында тұр екен.Жүзінде мысқыл табы жоқ.Сабырлы.

-Ертай,қазір қолың бос па?Ешқайда бармайсың ба бүгін?-деді ол.

-Боспын.

-Онда, сенде шаруам бар.Асықпай тамағыңды іш, мен мектеп қасынан күтем сені.

-Жарайды.

Әншейінде қыңырланып қиқаңдар ма едім,кім білсін.Дәл қазір оның тезірек кетуін қаладым Ержан тағы да бір сойқан шығарар!

-Шай ішпедің ғой,шырағым,-деді әжем.

Шаншатай рақметін жаудырды  тағы да.Сосын:

-Ертеңгі ас қой, дәм ауыз тиейін,-деп,ақырын басып,дастарханның жанына келді де,өте бір инабатпен иіліп,стол үстінде жамырап жатқан әжемнің қызыл бүйір жүгерісінің бір-екеуін аузына салды.

-Уыстап ал,балам,-деді атам.

-Көп рақмет.Мазаларыңызды алғаныма кешіріңіздер!

-Өте бір әдепті бала екен,-деді әжем,оның тап-таза киімін сөз етіп.

Шынында да,оның киген киімі тазалығымен бұл жолы мені қызықтырған еді.Пәлендей су жаңа емес.Бұтында шолақ балақ шалбар.Үстінде кеше  суға киіп келген торкөз көйлек. Аяғында сандал. Басына кигені көнетоз тақия.Бір қызығы,галстук тағып алған». [15]  Повесте Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

…  « Ойымды Шаншатай үзді–

Сенің сурет салатыныңды кеше мына Бейсекүл айтты маған. Оның үстіне алдыңгүні Келдібай ағам екеуміз мектептің кластарын аралағанда, қабырғада ілулі тұрған Тайбурылды көріп таңдандым. Сонда ағам тұрып: “Мұны Ертай деген бала салған. Болашақ үлкен суретшіміз”,– деді.

“Ертай салған… Болашақ суретші!… Келдібай ағай айтыпты. Ой, тамаша!” Жүрегім аттай тулап қоя берді. Менің сол кездегі қуанышымды айтып жеткізу қиын. Оңалбектің екі езуі құлағында. Бейсекүлдің көзі ойнақшып кеткен. Тек Ықсан ғана кішкентай танауының ішін саусағымен шұқылап сәл тыржияды. Шамасы, Келдібай ағайдың мені мақтағаны оған жақпаса керек».[15]

Шаншатай ауыл балаларының ішінен өзіне шын, адал дос етіп Ертайды таңдайды.Ертай — әңгімені баяндап жеткізуші кейіпкер, өнерлі, суретші бала. Шаншатай мен Ертайдың достығы, досының өнерін бағалай білуі,оның қыл қаламына тың ойлар айта отырып шыңдауы,үлкен арманға жетелеуі оқушысын қызықтыруымен бірге мектеп оқушылары арасындағы достықтың ғажап үлгісін көрсете біледі.Мектеп пионерлерінің қырман даласына барып,көмектесе жүріп, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастыруы,пионерге тән талаптарды бұлжытпай орындай білулері де бүгінгі ұрпақты еңбексүйгіштікке жетелесе,пионерлердің талапты ісі қазіргі «Балдырған», «Ұлан», «Мирас» тобы болып жіктелетін мектеп шәкірттеріне риясыз өнеге!

…«Бүгін бәріміз де әлдебір салтанатты жиынға баратындай болып бар әсем киімімізді киіппіз. Үнемі сатқал-сатқал боп жүретін Оңалбектің үстінде де кірсіз жейде. Бейсекүл болса, аяғына ақ кенеп туфли киіпті. Басында қызыл шаршы орамал. Үстінде гүлді көйлек. Ықсан бригадирдің баласы емес пе, кигені қара костюм. Екі қолын жан қалтасына салып, шертиіп тұруын! Басында зерленген тақия. Күн шұғыласымен жалтылдайды.

Біздің киімімізге көзі енді ғана түскендей Шаншатай бәрімізді бір шолып қарап шықты да, үндемеді, жымиып қана қойды.

Осы кезде бізге тағы да үш-төрт бала қосылды. Олар келе сала, Шаншатайды көптен білетіндей, шүйіркелесіп кетті. “Келмей жатып қайдан танып жүр?”деген сұрақ көңілімді қызғанышпен көлеңкелемеді, қайта жылы таңырқау сезіміне бөлеген еді.

Бала жүрген жер у-шусыз бола ма? Әлгі арада біріміз сөйлеп, біріміз күліп, оқу біткелі тым-тырыс тұрған мектеп маңын дуылдатып жібердік. Біздің дауысымызға оянды білем, бір кезде шашы дудырап анадай жерде Күлдәрі көрінді. Оның білегін қыршығаннан бері көруім осы. “Мына шайтан пәле қылмаса еді! ”. Жүрегім шымыр ете түсіп, денем суынып кетті. Көзіне түспейін деп теректі айнала бердім. Ол мені көріп қалды. Анадайдан жұдырығын көрсетті. Бірақ қасымызға келмеді.

Осы кезде мектептің қара бестісі жегілген арба салдыр-гүлдірлеп қасымызға жетіп келді. Делбеде шәнтиіп Әміре шал отыр. Арба үстінде Келдібай ағай.

Әншейінде бізге тым қаталдау көрінетін ағайдың жүзі жарқын. Бәрімізбен дауыстап амандасты да:

– Кәне,тезірек келіп, отырындар!– деді.

– “Міне, тамаша! Біз арбамен баратын болдық. Әй, Шаншатай жарайсың!”»  [15]

Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер-әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе,бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге.

… «Шаншатай әнші екен. Сыбызғыдай сиқырлы даусы құлағымда тұр әлі. Ол бізге көп ән үйретті. Енді біз ертеңгісін жұмысқа сап түзеп, ән шырқап баратын болдық.Кешкілікте үнмен ораламыз.

“Бір… екі… үш”,– деп шырқаған әніміз Қызыл-құрдың мөлдір тұнық ауасында әлі күнге қалқып тұрғандай.

Мен әкелген бояу қарандаштар да кәдеге жарады. Бір күні Шаншатайдың айтып көрсетуімен мен үлкен ақ қағазға “Кірпі” деп бадырайтып жаздым да, тұсына кірпінің суретін салдым. Ал сонан соң…

Сонан кейін оны Қызылқұрдағылардың көрмегені де, ондағы жазуды оқымағаны да қалмаған болар.

Алғашқы газетімізді жұрт тамақ ішетін бастырманың жалпақ діңгегіне жапсырғанбыз. Оқығандар қыран күлкіге батты. Қарғыс сөздер де шығып-шығып қалады. Бірақ жұрт дән риза. Алғыс қардай жауды.

–       Шешектің тілі керімдәрідей ащы екен…

–  Жә, өйтпе… Жұмыстан гөрі ұйқыны тәуір көретінің өтірік пе? Айтшы, кәне!

–       Әй, мынау біздін Шәймен бе? Ойдәйт, дерсің! Тасбақаға мініп, жарбиюын шіркіннің.

–        Бетім-ау,үлкен Жәкемді неғып қойған?

–        Ха-ха-ха…ха-ха

–       Хы-хы…хі…

-Ой, айналайындар! Ой, көсегелерің көгерсін, көп жасағырлар!– деп, апамнынң иіріп қойған шуда жібіндей домалана қалған бригадиріміз батасын да, алғысын да жаудырып жүр.– Міне,жігіт деп осыларды айт. Жұмыс та қолынан келеді, сауыққа да кенелтті. Енді, міне, жалғауларды қатырды білем..Ой, айналайын!..Ой… ».[15]

Бұл үзіндідегі жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін  айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз.Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады.Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі.Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады.

… «Осы күні сол кездегі мұғалімдерге рақмет айтамын. Бірінші кластан кітапты мәнерлеп оқуға, сұлу жазуға қадағалап отырып үйретуші еді. Сұлу жазудың өзі мақтаныш болатын.Сондықтан болар, мен әріптерді әдемі жазуға тырысатынмын. Оным жеміссіз болған жоқ. Қабырға газетін жазу не болмаса бірдеңені көшіріп жазу керек болса, маған тапсыратын.Тон жамылып отырмын.Сырттағы ашық күннің сәулесі терезеден сығалап, делбемді қоздырып, көңілімді қытықтайды. Далаға шығуға дәрмен жоқ. Жіпсіз байлану деген осы екен.

Мұндайда кітап оқисың, болмаса, қиялға берілесің. Ұйықтауға болар еді. Бірақ түні бойы ұйқыны да сарыққан секілдімін.

Тағы да есіме әнеукүнгі түс түседі. Әйтеуір, сол түс есімнен шықпайды. Тобылғы торы үстінде Назым отыр. «Кел,жарысайық!Алда талай бөгет, талай сын бар.Солардан сүрінбей өте аласың ба?» деп тұрғандай. Әсем бір әсер шомамын.

«Бас жарылса-бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде»деген аталарымыз. Менің емханада жатқаным сөз болып па. Ертең-ақ мұның бәрі қолдың кіріндей шайылып ұмыт болады. Түнде молаға барсам, сендерге дүниеде ешбір шайтан мен жынның жоқ екенін дәлелдеу еді. Сол мақсатыма жеттім бе немесе жаңылыс басып көңілдеріне қаяу салдым ба?Білмеймін.

Бірақ менің ең бір қуанатыным  – дүниеге жаңарған жаңа бір адам келіп бізбен бірге сапқа тұрды. Ол адасқан еді, туа жолға түсті. Енді ол бұл жолдан ешқашанда таймайды.

Міне, осы үшін таяқ жеуге де болады. Күресуге де болады.Берік саптың қатарына адамның қосылуы – үлкен жеңіс. Өмірдегі бақыт, міне, осында”,– Шаншатай осылай деп сөйлеп тұрған секілді. Ол да ат үстінде. Ол да қол бұлғап: “Кел жарысайық!” – деп тұрғандай». [15] Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы  жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін.

Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала,ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып  Ертайдың қабілетін шыңдай түседі.Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді,ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.

… «Көңілім өсіп, жүрегім лүп-лүп соғады. Осы әсер үстінде шешем үйге кіріп,  төрдегі абдыраны ашты да, ішінен су жаңа киімдер алып:

–       Мә,ки!– деді.–Сыртта достарың күтіп тұр. Есік алдында Оңалбек, Ықсан, Бейсекүл,  Назым, Иманбек, тағы басқа балалар тұр екен.

–       Ой, Ертай, сүйінші!– деп, Бейсекүл бір газетті төбесінен жоғары бұлғап айғай салды. Балалар маған көрмеге қойылған заттай таңырқай қарап, қоршалап алған.

–       Суретің “Октябрь балаларына” шығыпты. Құттықтаймын!– деді Назым қолымды алып. Басқа балалар да қолымды қысып жатыр.

–       Кәне, көрейінші!

Суретте – масақ терген Бейсекүл. Суретте ол маған сұлу көрінді. Астына “Егін орағанда” деп қойыпты. Аты-жөнімді жазыпты.

–       Ой, Ертай! Сен жақсы баласың!– деп, осы кезде Бейсекүл екі қолымен мойнымды айқара құшақтады да, бетімді шөп-шөп сүйді. Жүрегім шым ете түсті. “Апырау, осы мен Бейсекүлге ғашық болмасам нетті?”

Шынын айтқанда, мен жақсы достардың бәріне ғашық едім.

Газетпен бірге хат келген екен. Онда: “Нағыз пионердің суретін салып жібер”,– депті.

Көз алдымда тәмпіш қара Шаншатай тұрды ».[15]

Кейіпкер жеткіншектердің бұл іс-әрекеттері де оқырмандарын үлкен ойға жетелеп,көркем әдебиет оқуға,балалар басылымдарын үйге жаздыртып алуға немесе өздерінің шығармашылық жұмыстарының «үздік» деп танылғандарын газет, журнал беттеріне жариялауға болатындығына зор ықпал етеді және сол мақсаттарын жүзеге асырып, ауыл балаларының талантын ашуда Шаншатайдың қоғамдық-адамгершілік бейнесі парасаттылық тұрғыда көрінеді.

С.Сарғасқаевтың “Жұмбақ қыз” повесі — мектеп оқушыларының өмірі  жайында.Повесть 11 тараудан тұрады,тарауларға тақырып берілмеген. Басты бейне – жасөспірім қыз Күләштің өмірінің  қиын кезеңдері  жайлы жазылған. Эпикалық жанр  түрі-повесть.Шығарманың негізгі ойы-адал достыққа, қайырымдылыққа, бір-біріне қамқор болуға, тапсырылған жұмысты тиянақты, ұқыпты орындауға шақырады. Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ: Басталуы .Мектеп пионері Мараттың сыныптасы Күләшқа көмектесуі туралы тапсырма алуы.Байланысуы.Мараттың Күләшпен жақын танысуы,Күләштің Маратқа қойған талаптары.Шарықтау шегі.Мараттың Күләштің отбасымен танысуы, Маратқа Күләйша апайының айтқан әңгімелері,қарт шопан Күләштің атасымен кездесулері.Шығарманың шешімі. Күләштің өз қатарларына қосылуы, мектеп белсендісі аттануы.Шығармада эпитет, теңеу, диалог, мақал-мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған.Тәрбиелік мәні: шыншылдыққа, қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа, адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелейді.Шығармадан үзінді келтіре кетейік:  …«Күләш-шоқтай жайнаған көзі, нарттай тұлымы, алаулаған жұқалтаң жүзі. Құлағымда бұрала аққан мөп-мөлдір бұлақтың сыңғыр үніндей күлкісі».[15] Шығарма кейіпкері Күләштің бейнесін тіл көркемдегіш құралдар арқылы өте әсерлі етіп суреттеуі оқушысын бірден баурап алады және шығарма оқиғасына жетелеп, қызықтыра түседі. Жалпы шығарма мазмұнының өн бойы тағдыр тауқыметін ерте көріп, үлгерімі нашарлап кеткен  «Жұмбақ қыз»  Күләштің  достары арқылы жеңіске жетуі баяндалады..

… «Отряд советінің председателі Атабектің сөзі қысқа болды: -Класс жетекшісі келісті.Отряд вожатыйы мақұлдады.Отряд советі ұйғарды. Сен Нысанбайдың Күләшіне көмектесесің.Байқа, үшінші тоқсан-шешуші тоқсан.Отрядта үлгірмеуші болмауға  керек.-Ол жұдырығын столдың үстіне сарт еткізіп, нүкте қойды.

Мұнан кейін құй таласпа-Атабекке сөзің өтпейді.Жұдырықпен  нүкте қойған соң, оның айтқанынан қайтқанын бес жыл бірге оқып жүріп көрген емеспіз. «Айттым-бітті,кестім-үзілді» дейтіннің нағыз өзі». [15] Күләштің үлгерімі жақсарту мектептің озат оқушы, мақтанышы, пионер Маратқа тапсырылады. Марат бұл  жұмысты тындырымды орындап,тұйық мінезді Күләшті  ашылып сөйлеуге,жарқын,өз ойын ашық жеткізе  алатын халге жеткізеді.

… «Күләштар тұратын үйді сыртынан танымай да қалдым. Күзде аузы апандай үңірейіп, құлап жатқан үй енді жұмыртқадай ағарып домалана қалған. Ұқыпты қолды танытады.

–  Әкем шеберханада балға соғады. Жұмысына жақынырақ болсын деп осы үйді жөндеп алдық.

Үйге кіре берісте-ақ, жарқырап жатқан еденді көріп, аңқиып қаппын.

Бөлмелердің бәрі жинақы, тап-таза. “Шешесі қандай құнтты жан. Күн ұзақ жұмыста болса да, үй ішін таза ұстайды!” Көз алдымда өз шешем келді. Жұмыстан келсе болды “аһлап-уһілеп”, шаншулап, оранып-қамтынп алады. Қою күрең шайды терлеп-тепшіп ішіп отырғаны.

–  Бері жүр!

Күләш мені төр жаққа, кішірек бір бөлмеге әкелді. Терезе алдында сырланбаған стол. Оң жақта сыры тайған темір төсек. Столдың алдында арқалықсыз орындық. Сол жақта қисайыңқыраған шкаф, іші толған кітап. Тіпті сыймаған соң, шкафтың төбесіне де қатарлап жинап қойыпты. Шкафтың бір жақ есігінің әйнегі сынған. Шілтер ұстапты.

–       Менің байлығым  – осы, деді Күләш.

–       Бәрі де сенікі ме? – дедім мен, көп кітапты көргеніме көзім жайнап. – Мұны қайдан жинап жүрсің?

–       Атамның базарлығы. Бір жаққа шықса болды, теңдеп кітап әкеледі. “Оқы, қарағым. Білім  – адамның шырағы ғой”,– дейді.

–       Қандай тамаша!  – дедім мен таңдайымды қағып. Осы арада өзімнің кітап жинамайтынымды ұмытсам керек.

–       Осының бәрін оқыдың ба?

–       Оқығанмен не пайда!  – деді қамығып.

–       Неге?!

Әй, аңқау басым! Оның көңіл-күйін білмей тұрып, жарасының аузын ашып алса     керек. Күләш екі алақанымен бетін басып сырт айналды. Не істерімді білмей состиып мен тұрмын…» [15] Бала жанын ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің құралы-көркем әдебиет.Бұл үзіндіде кейіпкер тағдырына ортақтаса отырып, оқушы өз бойына адамгершілік қасиеттерін дарытады,көркем әдебиет оқуға деген ықыласы артады,оқушыларды көркем әдебиет оқуға шақырады.

Сол күні Күләштің мені шығарып салып айтқаны:

-Марат, сенің көмегіңе көп рақмет. Менің жақсы оқығым келмейді дейсің бе? Жақсы оқу үшін талпынудың керектігін, жігерлі болуды да білемін. Бірақ кейде жақсы оқу адамның көңіл-күйіне де байланысты екен. Мен сенімен әуелде-ақ танысуым керек еді. “Әкесі жақсы баланың  – баласы да жақсы”,– дейді атам.Сені маған көмекке бөлгенде неге қуандым десейші.Ол да атамның ықпалы. “Санбай – жігіттің сұлтаны.  Баласы бірге оқыса, сен онымен дос бол”,  – деген. Сен ойлама , тек жақсы баға үшін достасады деп. Досты баға үшін, пайда үшін, атақ үшін қаласаң  – өмірдің жақсылығы да болмайды. Ондай өмір – нағыз жалықтырып, зеріктіретін қызықсыз өмір болмақ. Мен осыны бір кітаптан оқыдым. Өзімше дұрыс деп білем. Не айтқаным түсінікті шығар саған. Бара алмай қалсам, өзің келіп тұр. Жарай ма?

-Жарайды!  – дедім мен қоштасып, ұсынған қолын қатты қысып». [15] Әке мен бала, ата мен немере арасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасты осы үзіндіде анық аңғарылады.Жеке тұлға боп қалыптасу да отбасы тәрбиесінің маңызы зор екендігін көрсете келе, адал достықтың қадір-қасиетін ұғына білуді Күләш пен Марат бейнелері арқылы көрсетеді.

… «-Бұл онда өте бір ақылды қыз болды,  – деді Күләйша апай менің сөзімді бөлместен тыңдап, біраз ойланып барып.(Естігені мен көргенімнің бәрін жеткізе беретін ессіз тентек емес шығармын. Күләйша апайға мен кешегінің бәрін айтты дейсің бе? Өзімнің неліктен қызарып, ұялыс тапқаным ішімде қала береді). – Оның бізге ашпас өз сыры болғаны. Сені демеу тұтқаны. Адамның сенімін ақтаудан артық бақытты мен өз басым білмеймін. Сен мұны мықтап ойланып, жадыңа түй. Мақұл ма?

Күләйша апай басымнан сипап, мейірін төге қарады да:

-Сыр сақтағаның дұрыс, – деді. “Мұны неліктен айтты?”  – дегендей елең етіп, жүзіне көзімнің қырын тастадым. Бірақ ештеңе аңғар алмадым.

Күләйша апай алдында жатқан дәптерлерді аудастырып:

–Дос көңіліне жара салудан ауыр жаза жоқ, – деді өзіне-өзі күбірлегендей.Сосын басын маған бұрып: – Күләш саған атасы жайлы айтты ма? – деп сұрады.

Мен таңырқай қарап, иегімді шұлғыдым.

-Есіңде ме, Марат, түнеугүні сендерге: “Кім болғым келеді?” – деген тақырыпта шығарма жаздырдым ғой.

-Иә.

-Сенің математиканы неліктен жақсы көретініңді де мен сонда байқадым. Алдыңа айқын мақсат қоя білсең, арманға жету қиын емес. Ұқтың ба? Міне, сонда Күләш өзінің  атасы жайлы жазған еді. Сенімен сырласып сөйлескенде оны айтпауы мүмкін емес деген ой келді маған. Шыныда да оның атасы бір жақсы адам. Еңбекқор деп сол кісіні айтуға болады. Көпшіліктің қадірмені». [15] Күләштің атасының еңбек жолындағы жетістіктерін үлгі ете отырып, жасөспірімдерді өнегелі ететін де осы еңбек тәрбиесі екендігін айта келіп, балаларды талаптандыруы-әдебиеттің адам тәрбиелеу құралы екендігін дәлелдейді.

…«-Мен бұрын жақсы оқығам,-деді Күләш, сыртқа шығып, есік алдында тұрғанымызда баяу үнмен.-Сен ойлама, жалқау немесе зейінсіз екен деп.Мен төрт класта да мақтау грамотасын алғанмын.Мен де пионер активі болғам.Анада айттым ғой, жақсы оқу үшін көңілдің хошы да қажет.Сен, Марат аңқылдақ ақ көңіл баласың.Сондықтан мен сені ұнаттым.Қаласаң дос болайық.Бірақ достықты сабақтан алған бағамен бағалама.Көмегіңе рақмет дедім ғой. Есіңде болсын, нағыз достық жеке пайданы көздемейді.Біреудің шарапаты тиеді, біреудің себі тиеді деп, достық іздесең, ондай өмірді қасірет деп білем.Олай өмір сүрудің қажеті не, жарамсақтанып күнің өтсе.

Мәссаған!Қалай-қалай сөйлейді.Бұлай ойлау менің өңім тұрмақ,түсіме де кірді ме екен.

Күләш маған байсалды түрде көзін қадап:

-Марат,сенің алға қойған түп мақсатың бар ма?-деп сұрады.

Мен иығымды қиқаң еткізіп:

-Білмеймін,-дедім. -Әйтеуір, ойым-жақсы оқып, космонавт болу.

-Ол да жақсы,-деді Күләш салиқалы түрде.-Адам мақсатпен бірге өседі.Мақсатың болмаса-тірі өліксің.

-Ал өзіңше?-дедім мен.

-Менің мақсатым-адам болу.Нағыз адам болу,-деді Күләш кеудесін кере демалып, күрсініп». [15] Бұл үзіндіден біз сабақ кезінде момын,тұйық отыратын Күләштің  досы Мараттан   өзінің алға қойған мақсатын ашық  әңгімелегенін көреміз. Бұдан біздің ұққанымыз әрбір адам осы өмірге келгеннен кейін алдына мақсат қойып, сол мақсатына жете білуді жас  оқырмандарға үндейді,өз елінің патриоты болуға талаптандырады. Повесте Күләштің  намысқор,қайсар мінезді, көрікті, зерек оқушы екендігін көре отырып, өзімізге үлгі тұтамыз.Күләш оқудағы жетістіктеріне өзінің қайсар мінезі арқылы және  досы Мараттың көмегімен жетеді.

… « Атабек бастаған отряд советінің мүшелері:

-Жарайсың!-деп қолымды қысқаны, бұл хабарды естіген Күләйша апайдың алғыс шыраймен күлімдей қарағаны, сабақтан соң үйге қайтқанда Күләштің:

-Саған рақмет.Енді сен қам жеме мен үшін. Мен өзімді-өзім жоғалтып алып ем, қайта таптым,-дегеніне жетпейді-ау, шіркін, жетпейді.

Күләшті клуб қасына дейін бірге ілестіріп келдім де, өзім ауылдық советтің кітапханасына бұрылдым. Соңғы күндері онан кітап алып оқитын әдетке басқам. Кім білсін, бұл да Күләштің ықпалы шығар?

Кітапханадан мен Күләйша апайды кездестірдім. Ол кісінің де мұнан кітап алып оқитынын білгенім осы. Өзімше марқайып қалдым.

-Хал қалай, Марат?-деді кітапханадан менімен бірге шыққан Күләйша апай.

-Жақсы.

-Қалай, пионерлік тапсырма жайлы сөйлестің бе Күләшпен?

«Осы кісінің әулиелігі бар ма?»-Мен Күләйша апайға қарадым. Басымды шайқадым.Күлдім». [15] Маратпен Күләштің кітапханаға баруы, көркем шығармаларды оқуы, мектеп оқырман үшін бұл үлкен өнеге! Күләштің  өзін-өзі қайта тауып, өмірге қайта қосылып, алғашқы пионерлік тапсырма алуы да біз үшін қызықты да таңғаларлық жағдай.

… «Жас қыздың оқу үлгерімі бізге дейін жақсы болып келіп, кенет күрт түсуі ойлантты мені.Оның үй шаруасын көп жасайтыны, шешесінің жиі ауыратыны (оның сырын соңынан білдік қой екеуміз) маған белгілі болды.Бірақ Күләштің кластағы мінезі, менімен ашық сөйлеспеуі көп қиналтты.Ойлантты.Мен олардың үйінде болмасам да,жұмыс басында әкесімен де,шешесімен де сөйлескем.

Талай сөйлестім.Мектепке шақырттым да.Бірақ мардымды жауап ала алмадым.Бірі:«Осында көшіп келгелі осындай болды»,-десе,екіншісі: «Бұрыннан тұйық қыз»,-дейді.

Өстіп жүргенде отряд саған пионерлік тапсырма беріпті.Байқаймын, Күләш бұрынғыдай емес.Сенімен ашық сөйлесетін секілді.Мектептен тыс жерде мінезі кілт өзгеріп,бұрынғы жарқындылығы пайда болды.Осы екі ортада мен «Тікенді ойда» болып,атасымен кездестім.Оның атасына жазған хатын оқыдым.

Сол екі ортада не болғаны өзіңе мәлім.

-Ал ол пионерлік тапсырмадан неге қашты?Кластағы мінезі ше?Бала болып ойыннан неге қашады?

-Пионерлік тапсырма жайын Күләштің өзі айтады саған.Ал кластағы мінезі де өзгереді.Ойнамайды демекші…-Күләйша апай сәл кідіріп, қабағын шыта ойлады.-Баяғыда бір кедейдің қызы тойға барамын десе, әкесі тұрып: «Қарағым-ау, баруыңа кім қарсы.Бірақ барғызбасың барғызбас»,-депті ғой.Сондағысы-қыздың  киер киімі жоқ екен.Сол айтпақшы, Күләш үй ішін, өз үстін срншама ұқыпты ұстағанмен, үстіне киері сол бірғана көйлек екен.Әкесі үй ішін әбден сатып ішіп сарқыпты.Мұны мен фартугіне сия тамғанда білдім және Күләш намысқор бала.Күнде үй ішінде айғай-шу болса,ойынға кімнің зауқы соғады.Абайламай жалғыз көйлегін жыртып алса…Жә, не керек,мұны атасынан да жасырған.

-Соңғы сұрақ, апай?

-Иә.

-Осы сіз менің басқан ізім тұрмақ,не ойлайтынымды қалай біліп қоясыз?

-Жә-ә, болды,-деді Күләйша апай күліп.-Сендерді білмесем, онда мұғалім атанып нем бар?Бар,Күләш күтіп тұр.

Шынында да Күләш күтіп тұр екен.Қасында Сахи,Атабек…

-Жүріңдер, мен сендерге жақсы бір ойын үйретем!-деді ол, мені қолымнан сүйрей жөнеліп.

–       Сөзді көп созып қайтейін, достасуға не жетсін, шіркін!». [15] Нашар оқитын оқушыға жақсы оқитын оқушыны көмекке бөліп, зор жетістіктерге жеткізе білу — бүгінгі жас жеткіншектер үшін де керек нәрсе! Үлгерімі сын көтермейтін оқушылар қай кезде де кездеседі. Ондай оқушыға адамгершілік тұрғысынан қарап, зерттеп, зерделей білу, соңында оң нәтижеге жету-жауапкершілікті іс. Әр қоғамның өзіне тән бағыт-бағдары болады, бүгінде үлгерімі нашар, әлеуметтік жағдайы сын көтермейтін Күләш сынды оқушылар да кездесіп жатады. Осындай жағдайларда түсінігі мол, білімді Мараттай жанашыр достың адамгершілік қасиеті, сынып жетекшісі Күләйша апайдың ұлағаттылығы, басқа да сыныптас кейіпкерлердің адамгершілік-қасиеттері кім-кімге де үлгі етерліктей емес пе?!

Сансызбай Сарғасқаевтың «Жұмбақ қыз» деп аталатын кітабына ауыл балалары өмірінен жазылған 4 повесі топтастырылған, осылардың ішінен кітап атының «Жұмбақ қыз» аталуы да бұл шығарманың ерекшелігін көрсететіндей.

Повестегі тұлғалар: озат оқушы Марат, сыныптас қыз Сахи, отряд советінің председателі Атабек, сынып жетекшісі Күләйша апай, Күләштің анасы, Күләштің атасы озат шопан Нысанбай қария бейнелері жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.Жасөспірімдерге сенім арттыра сөйлеу адамгершілік, моральдық нормасын айқындай түседі. Олардың қоғам алдындағы, Отан алдындағы, достарының алдындағы міндеттерін айқындап береді. Сонымен қатар олардың алдына неше алуан тілек — мақсаттар қойып, соған  жетуге ынталандыра түсу үшін де бұл әдісті — сенім арттыра сөйлеу әдісін — өте қолайлы әдіс деп білеміз. Сондықтан балалар әдебиеті тақырыбына шығарма жазуда осындай әдісті қолдану — үлкен табыс және ондағы үлкен жаңалық.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Әдебиет және бүгінгі жасөспірім.

Әдебиет-жас ұрпаққа ықпал жасаудың қуатты құралы.Ол жас ұрпақты өмірімен, адамдармен таныстырады, оларға адамдардың іс-әрекеті,тұрмыс-жағдайы жөнінде мағлұмат береді,адамдарды бір-бірінен айыра  білуге, олардың талап-тілегін түсіне білуге жәрдемдеседі.

Әдебиет адамның адамгершілік қасиетін,оның мінез-құлқы мен дүние тануына күшті әсер етеді. Көркем  әдебиет жас жеткіншекке,жастарға,адамның қалыптаса бастаған шағына өте күшті ықпал жасайды.Ал балалар әдебиеті-жасөспірімдерді, ұлттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір жемісі.Жалпы балалар әдебиеті кезең-кезеңдерге бөлініп,әр кезеңнің тақырыптарына сай туындаған шығармалар мен өкілдері белгіленгенімен,кейбір ақын-жазушылардың шығармасы мектеп бағдарламасында толық қамтылмаған. Балалар әдебиеті-өз оқырманын қызықтыра білетін тың дүниелер және тәрбие құралы. Қоғам дамып отырады,ал оны дамытушы — адам.Еліміздің ертеңі бүгінгі жасөспірім,жеткіншек. Әр қоғамның өзіне тән әдебиетімен кейіпкер бейнесінің сомдалуын бүгінгі өмірмен,жасөспірім тәрбиесімен байланыстыра талдау жасадым, әр баланың бойына  әдебиеттің бала тәрбиелеудіңең қажетті құрал екендігін дәлелдей білдім.Бүгінгі таңда да жасөспірімдер тәрбиесі-өзекті мәселенің бірі. Қай заманда да болса да тәрбие құралы   ретінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше екендігін көз жеткіздім, балалар әдебиеті де басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі үздіксіз даму, өсу жолында болады.Сондықтан да рухани байлығымыз көркем әдебиетті,көркем шығармаларды оқи отырып, жас жеткіншектерді адамгершілік пен шыншылдыққа, қайырымдылыққа  тәрбиелеп,  жастарымыздың болашағын сақтай аламыз.

«Адамды тәрбиелеу- оның болашақ жолын тәрбиелеу деген сөз»-, деп ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай, бұл повестердің жалпы идеясы өткенді еске алу арқылы бүгінгі жасөспірімдерге, жастарға өз адал еңбектері және маңдай тер арқылы қолы жеткен бақытты тұрмысында ардақтай біл, көздің қарашығындай сақтай да, қорғай біл дегенді үйретеді. Сол арқылы жасөспірімдердің болашағына, алдағы өміріне жол ашады.Бұл повестер адам жүрегін тербетерлік үлкен ойға құрылған. Кәрінің де, жастың да белдерін бекітіп, үлкен іске жұмылдыратын қажырлы қайратқа бастайды. Жасөспірімдерге халық күшіне сүйенген ең бір тамаша идеяны байқатады. Жасөспірімдер үшін жазылған шағын әңгімедегі шалқыған ой мен өнегелі тәрбиенің қажырлы күші мен жарқын идеясы осындай еді. Жазушы адамның көркем бейнесін суреттегенде оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, қылықтарын, сол ортаның ерекшеліктерін танытатын, типтік сипаттармен қатар өз басчына ғана тән ерекшеліктерін де (әсіресе,жүріс-тұрысындағы, сырт келбетіндегі, сөйлеу әдетіндегі) анық байқалатындай етіп көрсетеді.Кейіпкердің айтқан сөздері арқылы да оның ішкі болмысы да ашыла түседі.Сапарғали Бегалин мен Сансызбай Сарғасқаевтың повестері балалар арналған көркем шығарма болғандықтан ондағы кейіпкерлер мейлінше шынайы, табиғи, жанама бояусыз суреттеледі.Адам мінезін, тұлға, бейнесін өзгеріс, даму үстінде ала отырып, жазушы өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсетуге ұмтылады.Сөз ұстасы кейіпкерлерінің бітім-болмысын әр түрлі жағдайда, өзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, оқырманның есінде қаларлықтай сөзбен мүсіндеуге бейім тұрады.Әдебиеттің алдына қоятын мақсаты-оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интелектулдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру , яғни жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру  болып табылады. Көркем шығарманы оқу — еңбек әрі рухани байлық. Әдебиет-өнер пәні.Сондықтан да оны көркемөнердің басқа да салаларымен байланыстыра, салыстыра өтудің маңызы ерекше зор. Көркем шығармаларды оқу және талдай білу оқушылардың әдеби білімін дамытудың негізгі тәсілі боп есептеледі.Шәкірттердің оқырмандық қабылдау қабілетін анықтау әдістері әр түрлі болу мүмкін.Ол жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қандай көлемдегі, қандай мазмұндағы әдеби шығарма екендігіне тікелей байланысты болмақ.Көркем туындының кейіпкерлер жүйесін талдау жалпы оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты жүргізіліп,әдебиетке адамтану ғылымы деген көзқарастың бекуін қалыптастырады.Әдеби кейіпкерлер бейнесін талдаудың міндетті түрдегі негізгі шартының болуы шығарманың көркем бейнелер жүйесін қалыптастыруына  мол мүмкіндік береді.Жасөспірімдердің әдебиетті қабылдауы өздерінің тұлға ретінде қалыптасуы өзін-өзі тануына жол ашады.Жас ерекшеліктеріне сай психикалық өсу адамгершілік рухани ізгіліктерді тануды қалыптастырады.Күнделікті өмірде кездесетін адамгершілік, ар-ұят мәселелері, адамның тұлғалық қасиеттері және олардың туу себептері оқушылар түсінігінде алдыңғы қатарға шығады. Шығармадағы кейіпкерлерді осылайша образдар жүйесінде, бір-бірімен байланыс, қақтығыс-тартыс, шиеленіс үстінде алып қарастырсақ,олардың бойындағы қасиет-сапалар әр тарапты,жан-жақты ашылады.Демек, образ бойынша талдау да мұндай жағдайда жемісті беретіні даусыз. Мұның бәрі де мазмұн мен түр бүрлігінде талдаудың негізгі тіні болмақ. Жеткіншектердің рухани ізгілік, этикасын еске ала отырып, олардың өнерге деген көзқарасын біліп, шығарманың кейіпкерлер бейнесіндегі адамгершілік қасиеттерді алдыңғы кезекке шығарып талдау қажет. Бұл шығарманың түр мен мазмұнын бірлігінде талдағанда тек рухани құндылықтарды ғана талдау деген сөз емес.Мұнда бірте — бірте эстетикалық- әлеуметтік мәселелердің қарастырылуына мүмкіндіктер ашылады.Қалай болғанда да көркем шығарманың құрылымын талдау термині әдеби шығарманы зерттеудің жүйелілігінен гөрі жеке-дара құрылымдық материалдарға сүйенуді талап етеді.

Әдебиет — жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да,  күрделілігі де осында жатса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қорытынды бөлім

 Ғылыми жоба жұмысының зерттеу нысанасына алынып  отырған тақырыбым  әдебиет пәнін оқытуда орта мектеп мұғалімдері мен оқушыларына сыныптан тыс оқу жұмыстарында кеңінен пайдалануға болады.Зерттеу жұмысының көтерген тақырыбы психологтар мен ата-аналарға,сынып жетекшілеріне де, пәнге қызушылықтарын арттыру бағыты мен көркем әдебиет оқуға баулуда үлкен септігі тиеді деп есептейміз.Зерттеу жұмысымда көрнекті балалар жазушылары Сапарғали Бегалин мен  Сансызбай Сарғасқаевтың шығармаларындағы жеткіншек бейнесіндегі рухани асыл қасиеттердің көрініс табуын жан-жақты талдау жасауды мақсат тұттым. Әр жылдар оқиғасын қамтитын жазушылар шығармаларымен таныстым. Сыныптан тыс оқу кездерінде оқушы мен мұғалімдер үшін көмекші құрал дайындауды мақсат етіп отырмын.Тақырыптағы мәселенің бүгінгі өмірде жасөспірім тәрбиесіне  зор ықпалының болатындығын теориялық жағдайын зерттедім. Құрманғазы аудандық орталық және балалар кітапханасымен, Жұмекен селолық кітапханасымен байланыстар жасап, тақырыпқа сай балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларын алып оқып, образдық талдау жүргізе бастадым.Таңдалған тақырыпқа сәйкес зерттеу еңбектерімен танысып, ғылыми әдебиеттер мен көркем әдебиеттерге сүйеніп, ғаламтор желісі , баспасөз беттері бойынша зерттедім. Сынып белсенділері мен жетекшілері үшін қосымша тәрбие құралы ретінде де пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының әдебиеттану мен өзін-өзі тануға қатысты зерттеулер үшін де орны бөлек болмақ. Балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері Сапарғали Бегалиннің “Сәтжан”, “Бала мерген”, Сансызбай Сарғасқаевтың  “Тәмпіш қара”, “Жұмбақ қыз” повестеріндегі жеткіншек бейнесін жасаудағы  қоғамдық — адамгершілік негіздерін анықтап, ой түйіндедім. Оқу бағдаламасындағы оқып, талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақта оқып, игеру мүмкін нәрсе емес. Көркем шығарманы оқудың басты — басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады. «Іргелі іс — ізденістен туындар, бар ізгілік- тек білімнен алынар, білімменен  өмірге жол салынар» — дегендей үйірме, таңдау пәні, факультатив жоспарлары бойынша енгізіліп арнайы балалар әдебиет өкілдерінің шығармалары оқытылса деген ұсынысымды айта отырып, сыныптан тыс оқу кезінде пайдаланатын көмекші құрал дайындадым. Бұл мұғалімдер мен оқушылар үшін де тиімді құрал бола алады. Қазақ балалар әдебиеті басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі үздіксіз даму жолында. Жасөспірімдерді  ұлттық рухта егеменді елінің болашағына зор ықпалын тигізетіндей етіп тәрбиелеу жұмысында балалар әдебиеті үлкен табыстарға ие бола алады деп  сенеміз. Балалар әдебиеті  шығармалары арқылы жасөспірімдерді ұжымық ортада, патриоттық рухында , жоғары  қоғамдық — адамгершілік  негізінде тәрбиелеу — егеменді  еліміздің  жастарының  білімді де болашағы жарқын  болып өсулеріне үлкен септігін тигізеді деп есептейміз.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қабдолов. З. «Сөз өнері», «Жазушы» баспасы – 1983 ж

 

2.Әдебиеттану. Терминдер сөздігі З. Ахметов, Шаңбаев.Т. Ана тілі,1998 ж

3. Қысқаша энциклопедия «Жазушы» баспасы 4 том    1989 ж

 

4. Ахметов .Ш.  «Қазақ совет балалар әдебиеті» 1963 ж (106-б)

 

5.Бегалин С.«Уақыт тынысы» Повестер мен әңгімелер. Жазушы, 1970ж

(217-б),(223-224-б), (225-226-б), (242-б)

 

6. Бегалин С ІІІ том. Әңгімелер. Жазушы, 2005ж  (165-б),(166-169б),

(178-б)

7. Бегалин С. «Сәтжан» Повестер мен әңгімелер. Жалын, 1978 ж

8. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі».Рауан,1997 ж

 

9. «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы ,Алматы,№4,2010 ж

 

10.Қабдолов.З. «Көзқарас» Рауан,1996 ж

 

11. Оразахынова Н.А. «Сатылай кешенді талдау» Алматы,2009 ж

 

12.Тойшыбаева.С. «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» Мектеп,1968 ж

 

13. «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы ,Алматы,№5,2010 ж

 

14. Сарғасқаев С.    «Қағаз бен қалам» Әңгімелер мен мысалдар.

 

15. Сарғасқаев С.    «Жұмбақ қыз» Повестер. Ана тілі,2005 ж (10-б ), (11-13-б),(16-17-б),(17-18-б),(20-21-б),(76-б),(76-77-б),(78-б),(81-б),(95- б), (96-97-б), (117-б), (125-б), (139-140-б)

.

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.