Өзін-өзі тану пәні

ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ

Батыс Қазақстан  облысы, Теректі  ауданы, Юбилейный селосы
Госплемстанция негізгі орта мектебі, Өзін-өзі тану   пәнінің мұғалімі
Әлмұханбетова Гүлжамал Жәрдемханқызы

Сабақтың тақырыбы:       ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ.   Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын. Мақал

Мақсаты:   «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік  құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

—         оқушыларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

—         өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;

—         татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:    үнтаспа, сюжетті суреттер

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен күлімдеп  сәлемдеседі. Бір-біріне жақсы тілек, жылы сөз айтады:

—         Саят, сен мейірімдісің!

—          Дильнара, сен сондай сүйкімдісің!

—          Ерхан, сен маған ұнайсың!

Мәтінмен жұмыс

                                                  ҚАРЛЫҒАШ ПЕН ДӘУІТ

                                                          Ертегі

 

—         Балалар, қарлығаш неге ренжіді?

—         Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?

—         Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?

Тапсырма

    Ертегі желісі бойынша ертегінің басталуы, өрбіуі, аяқталуына сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәйексөз

«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын» деген мақалдың мәнін түсіндіру:

— Балалар, достықтың қадірін білген, оның мәніне терең үңіле білген халқымыз осы мақал сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қашанда бәрінен де қымбат. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез-ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен-жегенің ұмытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.

Ойын  «Мен қандаймын?»

Әр бала бойындағы жақсы қасиеттерін айтып, шуақты тақатға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Балаларға бетінше өз досына арнап сурет салуды ұсыну.

Қорытынды

— Балалар, біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімелестік. Өзіміздің достарымызды есімізге алдық. Достар арасындағы өзара көмек, өзара сыйластық туралы білдік. Достарымызды сыйлауды, бір-бірімізден кешірім, рұқсат сұрауды, қолда бар заттармен бөлісуді, сыныптастарды ренжітпеуді, өзара көмектесуді барлығымыз білсек және соны көрсете алсақ, онда біз сыйлы, ұйымшыл, тату боламыз.

Жүректен жүрекке

Барлығы қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады. 

 

Дос болайық бәріміз!

 

Сөзін жазған Х.Талғарова

Әнін жазған И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,                                    Қайраттанып қарышта,

Ажырамас іргеміз.                                          Озып шыққан жарыста.

Ілгері жүріңдер,                                               Батыл бас, жас ұлан!

Достық жырын біліңдер,                                Самға биік, алысқа,

Ту ғып ұстап бірлікті!                                     Жұлдыздарға, ғарышқа,

Еңбекті сүйіңдер!                                            Бойда күш тасыған.

            Қайырмасы:

 

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.