Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің доценті,
«Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының
аға оқытушысы Баймұратова Гүлмира Әбенқызы
«Отбасы — қоғамның алтын діңгегі» тақырыбындағы
ашық тәрбие сабағы
Бұл ашық тәрбие сабағы топ тәлімгері Г.А.Баймұратованың “Жыл тәлімгері-2006” ХҚТУ институтаралық тәлімгерлер байқауына қатысуына байланысты ЗҚЭ-515 тобында өткізілді. Тәлімгердің тәрбие жұмыстар жүргізу жобасы және осы ашық сабақ өткізілу қорытындысымен байқаудың арнайы комиссия мүшелері тарапынан тәлімгер жұмысы үздік бағаланып, топ тәлімгері Г.А Баймұратова “Жыл тәлімгері — 2006” атағына ие болды.
«Отбасы-қоғамның алтын діңгегі» тақырыбында ашық тәрбие сабағын таңдауымыздың өзіндік мәні мен маңызы ерекше. Біз, Қазақстан халқы, өз байырғы қазақ жерімізде егеменді мемлекетімізді құрдық. Өз Конституциямызды қабылдап, мемлекетіміздің өз мақсатын айқындап, бекіттік. Ата Заңымыздың преамбуласында көрсетілгендей біз өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам құрудамыз. Біздің республикамыздың түбегейлі принциптерінің бірі- қоғамдық татулық, отандық патриотизм.
Отан-отбасынан басталады дегендей, біз өз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан-жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта — бұл отбасы. Отбасы-шағын мемлекет.
Мемлекеттің пайда болу теориясын зерттеуде Қазақстанның заңгер ғалымдары зерделеген еңбектерінде Патриархалдық теориялық ілімнің негізін салған Платон, Аристотель пікірі бойынша мемлекеттің құрылуына отбасылық қағидалар басшылыққа алынып, қоғамдық-саяси ұйымдық билік етуде отбасындағы басқару үлгілері қолданылған деген ілімді танытады.
Жалпы, отбасының өзіндік қағидаларымен қоғамда алар орны ерекше. Олай дейтініміз, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын отбасы- барлық тәрбиенің ошағы. «Ел боламын десең — бесігіңді түзе» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Мемлекет айыптап, жазалап отырған құқықбұзушының өзі де сол отбасынан шығады. Неғұрлым отбасында адам рухани тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиеленсе, соғұрлым мемлекет ісін жүзеге асыруда мұқияттылық қалыптасып, оның қоғамдық ортада абыройлы да беделді өз орны болмақ. Қоғамымызда белсенді құқықтық тәртіпке сай мінез-құлықты азаматтар саны басым болса, ол мемлекетіміздің нығайып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Ал, керісінше енжар мінез-құлықты адамдардың көбеюі, ол салақтыққа, немқұрайдылыққа әкеліп, тәртіпсіздікке, тіпті құқықбұзушылыққа апарып соқтыруы мүмкін. Осы мәселердің алдын-алу, өз елімізді әлемдік аренада өзіндік беделі болуын қазірден бастап қолға алғанымыз абзал.
ҚР Білім қызметкерлерінің 1-съезіне қатысқан ЮНЕСКО өкілі К.Пауэр мырзаның «Сіздер Европалық білім мазмұнын сол күйі ала салудан аулақ болыңыздар. ¤йткені, тек Шығыстың, Орта Азияның ерекшеліктері өз алдына, Қазақстан халықтарының да, қазақтардың да бөлекше ойлайтынына менің көзім әбден жетті. Сіздер терең білім берумен қатар ұлттық сипаттарыңызды жоғалтпауды басты нысанада ұстасаңыздар, әлемдік өркениеттен тезірек өз орныңызды табасыздар»,-деген сөздері ұлт деп соғатын жүрегі бар әрбір намысты қазаққа ой салады деп ойлаймын. Қоғамымыздың алтын діңгегі -ұлттық тәрбие берерлік асыл қазынаға бай. Біздің міндетіміз — елім дейтін азаматқа осы бір таусылмас халықтық қазынаны үлестіре білу.
Сабақтың дамытушылық мәні- отбасының мазмұнын, міндетін түсіндіру және отбасылық-құқықтық қатынас негіздерін ұғындыру, студенттердің құқықтық білімін нығайту, азаматтық қоғам қалыптастыруда болашақта үлгілі отбасын құру мақсатымен үлес қосу, отбасының қорғалуын қамтамасыз ете білуге үйрену. Сондай-ақ, жеке тұлға ретінде, болашақ маман ретінде өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту.
Тәрбиелік мәні- Адам баласының қасиетті борыштары ата-анаға, үлкенге құрмет, кішілерге ізет көрсету, мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік және отансүйгіштік қасиеттер отбасынан бастау алатынын ұғындыра отырып, рухани тәрбиелеу.
Сабағымыздың әдіс-тәсілі психологиялық тұрғыдан ұйымдастырылады. Мұнда адамның ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, тәрбие арқылы білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР Президентінің жолдауы, ҚР Неке және Отбасы туралы Заңы, ҚР Гендерлік саясаты туралы Заңы, Қанатты сөздер, қыздар қолымен өрнектелген бұйымдар, сандық, қыздардың әшекей бұйымдары, «жұмбақ адам», үнтаспа, бейне таспа т.б.
Шақырылған қонақтар:
1.Түркістан Әділет басқармасы АХАТ бөлімінің бастығы Құлахметов Нұржан Әлжанұлы.
2.АХАТ бөлімінің маманы Оңбаева Гүлнәр Төлегенқызы.
3.Түркістан қаласы әкімшілігі Жалпы бөлімінің жетекші маманы Төлеп Рақымжан мырза.
4.Үлгілі ата-ана: Сыздықов Әбдібек мырза.
Сыздықова Қыздаркүл ханым.
Сабақтың барысы
1.Тәрбие сабағын ашу. (сабақтың мақсатын, маңызын, әдістерін түсіндіру). Топ тәлімгері.
- «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында баяндама.
Топ студенті Оспан А.
- Қонақтарға сөз беру.
- Сұрақтар қою.
- Көркем сөз оқу. «Ана туралы баллада» Құдайбергенова Г.(«Көңіл толқыны» күйі орындалады. Сыздықов Н)
- «Ана жүрегі», «Сәби бақыты» бейнетаспасын көру.
- Бейнетаспадағы сюжеттер туралы студенттер мен ата-аналар пікірлерін тыңдау.
- Алтын сандық ойыны.(Студенттердің құқықтық сауаттылығын сынау және өз отанының тарихи-саяси жағдайларын, ұлттық салт-дәстүрлерін танып-білу тұрғысында сұрақтар). Жеңіске жеткен студент алтын сандық ішіндегі жүлдеге ие болады.
«Алтын сандық» ойынының сұрақтары
1.Неке және отбасы Заңының принциптері?
2.Неке және отбасы Заңымен реттелетін қатынастар?
3.Некелесуге тиым салынатын жағдайлар?
4.Ерлі-зайыптылардың жеке құқығы?
5.Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығы?
6.Некені жарамсыз деп тануға кімдер талап қоюға құқығы бар?
7.Мемлекеттік биліктің бастауы кім, оны түсіндіріңіз!
8.1998жылғы ҚР Конституциясына қандай өзгертулер енгізілді және қандай мақсатпен?
9.Жеті қазынаны атаңыз!
10.Қызға ұрын бару салтын түсіндіріңіз!
- Қазіргі қоғамдағы отбасылық мәселелер туралы көрініс. Топ студенттері. «Жұмбақ кейіпкерді» тыңдау.
- Осыған орай қонақтарды қатыстыра отырып студенттер ойларын тыңдау.
- Ән. «Қоштасқым келмейді». Топ тәлімгері Баймұратова Г.А.
- Қыздардың дайындаған бұйымдарын көрсету.
- Әке туралы ән. Асылбекова Д.
- Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма:
-отбасы тақырыбында өткізілген радио және телехабарларды көріп, тыңдап отыру;
-отбасылық басылымдардағы мақалаларды оқып отыру;
-театр қойылымдарына бару;
-ата-аналарымен пікірлесіп, ой бөлісу;
-бұқаралық ақпарат құралдарына өз ойларын білдіріп, мақалалар жазу;
-мектепте өтетін практика кездерінде осы мәселе төңірегінде тәрбие сағаттарын өткізуді жоспарлау немесе насихаттап отыру.
- Келген қонақтарға алғыс білдіріп, мерекелік құттықтаулар жасау.
- Қорытынды сөз. Сабақты қорытындылау.
Отбасында қоғамымызға жарамды мығым тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Қалың жұрттың қаймағы бұзылмай, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгі желбіреп, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін!
- Ән ұранмен аяқтау.
Сабақтың барысы толығымен тыңдалды. Сабаққа заң факультетінің деканы, доцент Қ. Теңесбаев, тәрбие орталығының төрайымы Г.Тоққұлова, тәрбие орталығының инспекторы М.Асанова, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент К.Шеметаев, оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы К.Әшірбек, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, құқық магистрі М.Молдалиев, ғылым ісі жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы С.Мұстафаев, «Азаматтық құқық, іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Н.Батырбаев, студенттер деканы, заң факультетінің 4-курс студенті Н.Батырбаев және т.б. оқытушылар мен студенттер сабаққа қатысып отырды.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер қолданылып, көгілдір экран арқылы «Ана жүрегі» және «Сәби бақыты» бейне таспалары көрсетілді. Сабаққа қатысқан қонақтарға сұрақтар беріліп, жауаптар алынды. Студенттер сабаққа белсенділікпен қатысты. Алтын сандық ойынына топ студенттері Құлжабаева Г, Қасимова И, Тәңірбергенова С қатысып өз білімдерін сынады. Нәтижесінде Құлжабаева Гаухар жеңіске жетіп, сандық ішіндегі «құсмұрын жүзік» және алқа, сырға сияқты қыздардың әшекей бұйымдарына ие болды. Және «құсмұрын жүзіктің» ертеде қазақта бұл жүзікті басы бос бойжеткен қыздар қолына тағатындығы да насихатталды.
Ал, «Жұмбақ кейіпкер» ролін топ студенті Байзақов Жанболат сомдады. Онда оның бір қыз балаға деген махаббаты, қатал әке үкімімен оған болашақта қосыла алмайтындығын немесе қыздың әкесі қызын өзінің қызметтес жолдасының баласына қосатындығын айтып, осы мәселедегі жігіттің тағдыры болмаса әке ұлы махаббат сезімін қалай таптауға барады? деген сауалдармен ортаның пікірі тыңдалды. Бұл пікір тұрғысында Қыздаркүл апай, Теңесбаев Қ, Төлегенқызы Г, Батырбаев Н, Құлжабаева Г өз ойларын ортаға салды. Тақырып тұрғысында әндер шырқалды. Атап айтсақ, топ тәлімгері Баймұратова Г, топ студенті Асылбекова Д, Құдайбергенова Г, Сыздықов Н өз өнерлерін ортаға салды.
Ата-бабаларымыз ұл мен қыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлген, мысалы, ер балаға сыртқы үй шаруашылық жұмыстарын мал бағу, егін ору, зергерлік өнерлерге үйретіп, отбасын асыраушы мұрагерім деп таныған. Ал қыз балаларды үй шаруашылығына бейімдеп, шай құю, төсек жинау, кесте тігу, құрақ құрау т.б өнерлерге әрдайым аналары, әжелері, жеңгелері үйретіп отырған. Міне, бұл дәстүр әлі де өз жалғасын тауып келетіндігін айтып, он саусасағынан өнер тамған топ студенттері мақтанышпен аталып, Қорғанбекова М, Оспан А дайындап келген қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.
Сабақ соңында үйге тапсырмалар берілді. Сабаққа қатысқан қонақтарға алғыс білдіріліп, мерекелік құттықтаулар, естелік сыйлықтар жасалды. Сабақ барысы бейне таспаға түсірілді.
Сабаққа қатысқан қонақтарға берілген сұрақтар.
1. Ерлі-зайыптылардың бірі хабарсыз жоғалып кеткен жағдайда, егер ол қайта табылып, өзінің жұбайымен табысқысы келеді. Мұндай жағдайда некеге тұру қалай реттеледі? Бұрынғы некесінің күші сақталады ма?
2. Екі жас АХАТ органына некелесуге келді дейік. Жігіт бұрын азаматтық некеде тіркелген, бірақ ол туралы қалыңдығы бейхабар. Бұл заң бойынша ҚР «Неке және отбасы» заңының 11-бабына қайшы. Осы мәселелерді қандай деректерге сүйеніп шешесіздер?
3. Жалған неке дегеніміз не? Оның мемлекеттік реттелуі қандай дәрежеде?
4. АХАТ қандай орган, ол қандай қызметтер атқарады, жалпы бұл органның құқықтық-ұйымдастырушылық механизмі қандай?
5. Асыраушысынан айырылған балаларды тәрбиелеу, оларға әлеуметтік көмек беруде әкімшілік тарапынан қандай жұмыстар атқарылады?
6. Түркістан қаласы бойынша әйелдердің қоғамның саяси істеріне араласу деңгейі қандай дәрежеде және жалпы, әйелдің қоғамдық-саяси мәселелерге қатысуға өз пікіріңіз қандай?
7. Отбасы және әйелдер жөніндегі комиссияның негізгі қызмет істеу бағыттары қандай?
8. Отбасының егемендігі деген қандай ұғым немесе қазақта еншісін беру салты қазіргі таңда қандай роль атқарады?
9. Еншісін алған жаңа отбасына әулеттен басшылық жасап отыру керек пе немесе әулет ортасындағы ынтымақ-бірлікті сақтаудың қандай жолдары бар?
10. Сіздердің отбасыларыңыздың тұрақты, бақыттарыңыздың баянды болуының сыры неде?
11. Отбасындағы әлеуметтік теңсіздікті райландыру қандай бағытта жүргізілуге тиіс?
12. Отбасын құруда жастарға қандай ақыл-кеңестер беруге болады?
13. Отбасында бала тәрбиелеуде қандай қасиеттерді және мінез-құлықты ұстанған жөн?
14.Бел құда, бесік құда т.б. немесе қызды құда түсіп алу дәстүрлерінің қазіргі таңда отбасын нығайтуда қандай орны бар?
өте жақсы