«ІЗДЕНУШІ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ. 2011 Ж. ШІЛДЕ-ҚАЗАН. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ. №4,5. 277-285 Б.
ӘОЖ 345.048:556.5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІННІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ
ӘДЕТ-ҒҰРЫП НОРМАЛАРЫНЫҢ РОЛІ
Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр оқытушысы,
Omar-1982 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.
Сайдахмет Эльдар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Eldar_86 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.
Қасымбеков Нұрман Бердібайұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр оқытушысы,
Nurkas804@Е-mail.ru, Түркістан қаласы.
Қазақ халқының құқық жұйесін әдет-ғүрып құқығы қүрайды. Бұл жүйені бұрынғы кезеңдерде «адат» деп атаған. Ғалымдардың пікірі бойынша «Адат» араб тілінде әдет-ғұрып деген үғымды білдіреді. «Адат» өте ерте кезден басталып, көптеген озгерістер мен толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен «адапың» құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен озгерістерге ұшырамады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды.
Қазақ халқының әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде калыптасты:
а) әдет-ғұрыптар — адат;
б) билер сотының практикасы;
в) билер съездерінің ережелері;
г) шариғат нормалары.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Уақыт өте келе таптық қауымдастық күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып, билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады. Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды [1. 15-16].
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына сай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Әдет-ғүрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның заңдары бес белімнен тұрды:
Бірінші бөлім — мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалар;
Екінші бөлім — қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормалары;
Үшінші бөлім — әскери міндеттілік және оны орындау, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құқықтық нормалар;
Төртінші бөлім — елшілік жораларға катысты, елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіссөздер жүргізу, дипломатиялық этикет мәселелері туралы нормалар;
Бесінші бөлім — қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б. рәсімдерге қатысты нормалардан тұрды.
Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленіп, жалғасын таба бастады. Қалмақтармен соғыстардың күшеюіне байланысты Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды катайтты. Есім хан негізінен бұрынғы Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды жалғастырушы ретінде «Есім ханның ескі жолы» деп атап кеткен.
Арада біршама уақыт өткеннен кейін, шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен толықтырулар ендіріп оны «Жеті жарғы» деген атаумен кайта қабылдады. Оның негізін салушы Әз Тауке еді. Тәуке хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға айналған Теле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басшылығымен қазақтың белгілі би, шешен, білгірлері бірнеше рет Күлтебенің басына жиналып, «Жеті жарғының» нормаларын талқылаған. Тарихшылрдың айтуынша «Күлтебенің басында күнде жиын» деген сөз сол кезден қалған деседі. Ақырында жан-жақты сұрыпталған «Жеті жарғы» заңдар жинағы дүниеге келген. «Жеті жарғының» алғашында қағазға түскен нұсқасы да бар болуы мүмкін деген жорамалдар бар [2. 9-10].
Енді, А.Левшиннің кітабы бойынша жеткен «Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақша ықшамдалған аудармасынан төмеңдегідей мысалдар келтірсек:
• Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға — 1000 қой, айелге — 500 қой);
• ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
• денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн теленеді (бас бармақ — 100 қой, шынашақ — 20 қой);
• төре мен қожаның қүны қарашадан жеті есе артық төленеді;
• егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мүндай қылмысты екі
қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
• егер ері әйелін өлтірсе, ол өйелінің қүньш төлейді;
• ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы
баласын қасақана елтірсе, өлім жазасына кесіледі;
• өзіне-өзі қол салғандар белек жерленеді;
• егер екі кабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес
айлық бала үшін — бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға — әр айына 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе — 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
• әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мүндай
қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың мал төлеп үйленсе, жазадан босатылады;
• Әйелі ерінің кезіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны олтіруге хақылы,
бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс; әйелінен сезіктенгән еркектің сөзін 4 сенімді адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
• біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге
бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалым мал төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
• қүдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
• кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
• қүл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде (казақ қүлдарды жалшы,
малшы ретінде үстап, кейін бөлек шығарып отырған);
• ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі, қара
сиырға теріс мінгізіп, озін қамшымен сабап, ауылды айналады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
• ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;
• ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;
• ерінің үрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға
тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналатын болған.
«Жеті жарғыда» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық моселелерімен катар отбасы-неке, салық, дін, тәрбие т.б. сияқты қоғамның жан-жақты мәселелері көрініс тапқан. Осыған қарағанда «Жеті жарғы» Тәуке ханның тұсында қазақ қоғамының барлык, жақтарын түгел қамтыған әмбебап кодификацияланған заң жүйесі болған деп қорытындылауға болады. «Жеті жарғының» қағида ережелері барлық қазақ жүздерінің территориясында түгелдей қолданылған [3. 5-6].
Жеті жарғыны жасаудағы мақсаттьң бірі хандық өкімет пен феодалдар қазақтың әдет-ғүрыптық құқығы жүйсінен халық бұқарасының мүдделерін қорғайтын нормаларды алып тастау, хандар мен атақты билердің беделдерін қорғайтын ашық феодалдық сипаттағы нормаларды бекіту еді.
Әдет-ғұрыптардың бұл жинағын жазуға бастамашы болған байлар мен билер тобы болды. Олар ерекше экономикалық және саяси мақсаттарын заңдастыруды ойлады. Байлар менбилер тобы хандық билікті шектеуді заңдастырды, сонымен қатар олар жүзаралық және руаралық қатынастарға құқықтық реттеушілік рол беруге тырысты. «Жеті жарғы» нормалары билердің еңбекшілердің үстінен жүргізетін бүкіл сот билігін бекітті деп бағаланды. «Жеті жарғыға»‘ қатысты мұндай пікірді белгілі ғалым жазушы М.Магауин де қолдайды.
«Әз Тәуке ежелгі достүрді бұзды. Билікті биге берді. Нәтижесінде, ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен, үлкен саяси күшке айналған билер уақыт өте келе өз ортасынан шықкан рудың, ұлыстың мүддесін көбірек күштейтін болды, хан жарлығын жүре тыңдайтын болды.
Әдет-ғүрьш құқығының ережелері, соның ішінде «Жеті жарғының» қағидалары да билер сотның практикасымен байытылып отырды. Қазақта қаншама ауыр дауларды шешкен билер болды. Әсіресе мұндай шешімдерді Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. билердің практикасынан көбірек кездестіруге болады. Казақтың басқа билері оларға еліктеді, олардың практикасын басшылыққа алып, ұқсас істерді шешіп отырды. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетті басшылыққа алынатын кездер де болған. Билер соты практикасының мұндай сот отырыстары әдет-ғұрып құқығының бастауларының біріне айналып отырды [4. 18-19].
Қазақ билері құқықтық шығармашылықпен де терең айналысты. Олардьщ құқықтық шығармашылығының айқын көріністерінің бірі билер съездерінің ережслері болып табылады. «Жеті жарғының» өзі де билер съездерінің және билердің құқықтық шығармашылығының жемісі. Билер съездері әдет-ғүрып құқығының негізгі қағидаларын заман талабына сай өзгертіп, байытып отырды. Әсіресе Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі билер съездерінің ережелері бізге көбірек жетті.
Әдет-ғұрып құқығының тағы да бір бастауы шариғат болды. «Жеті жарғыда» шариғатқа байланысты бірнсше қағидалар болды. Мәселен, онда «Құдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылатын болған» деген ережелер болды және олардың орындалуы катаң бақыланып отырды. Туыс адамдардың арасындағы ерлі-зайыптылық қатынастар да шариғат негізінде жазаға тартылған. Дін өкілдеріне артықшылық, құқықтар берілді. Дегенмен шариғаттың нормалары қазақ қоғамында ерекше артықшылық жағдайға жете алмады. Шариғаттың нормалары XVIII ғасырдың соңында күшейе түсті. Шариғаттың нормалары белгілі бір мелшерде отбасы-неке, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеп отырды.
Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Ол кезде азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылатын болған. Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша кауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға қауым басшысы, ру басшылары, сүлтандар және билер билік жүргізді.
Ғалымдардың пікірі бойынша, жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешкандай мәні болуы мүмкін емес еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отыратын. Көктем мен күздің арасында мың километрге дейін көшіп-қонып жүрген кешпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бөліп беру мүмкін емес те еді [5. 22-23].
Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады. Қыстың күні жайылым негізінен пайдаланылмады. Қазақтардың қыстаулары тұрақты болған. Жерді жеке меншікке беру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлығымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде жер таратылды. Үлкен аумақтарда көшіп жүрген малшы қауымдары арасында жерге қатысты мынадай екі мәселе туындады. Олар:
Бірінші, жайылымдарды пайдалану құқығы;
Екінші, бос немесе ешкім иеленбеген жайылымдар мен сурымдарды пайдалану құқығы еді. Бұл екі құқықта феодалдар тобының монополиясында болды. Шынында хандар мен сұлтандар, билер мен старшындар өздерінің қарамағындағы халыктың атынан көшіп-қонуға иелік етті. Мұндай жағдай мықты феодалдарға нашар ауылдарды, руларды, қарапайым халықты құнарсыз жайылымдарға ығыстыруға себеп болды. Жайылымдарды пайдалану құқығы мен бос жатқан жерлерге иелік ету құқығы тығыз байланысты болды.
Егер көшіп-қону жөнінде үстем тап өкілдері ру немесе ауылмен бір бағытта қозғалса жайылым, суарым, тұрғылықты жер жөнінен жеке мал иелері өздерінің үй-жайларымен, малдарымен, адамдарымен нақты орындарға орнықты. Мұндай жағдайда адат заңдары атқа мінерлердің құқығын қорғады. Әлеуметтік орны төмен қоғам мүшесі шегінуге тиіс болды. Оның үстіне феодалдар зандылықтарды артығымен қоса өзінің материалдық артықшылығын да пайдаланды. Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға калдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.
Әдет-ғұрып құқығындағы тереңірек зерттелген салалардың бірі ол, нек-отбасы қатынастары еді. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам болып есептелді. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан тұрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрады.
Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасындағы әйел мүшелерінің құқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті, әрі парызы лып саналған. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.
Қазақ халқының некесі экзогамиялық сипатта болды. Экзогамиялық дәстүр бір рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге тұруға рұқсат етпеді. Қазақтарда жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеген. Сондай-ақ қазақ некесі полигамиялық сипатта да болды. Полигамия бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде түруға немесе кеп әйел алушылыққа рұқсат ету деген ұғым.
Отбасы патриархалдық сипатта болған соң некелесу мәселесін ата-аналар, негізінен әке шешетін. Мысалы: Тұрмысқа шығатын қызға разылығын, батасын беретін әкесі болған. Олардың шешіміне қарсы болғандар қатаң жазаға ұшырайтын еді.
Неке құда түсу рәсімінен басталады. Ата-аналар балаларын үйлендіру үшін кұда түседі. Құда түсу балалар жас күнінде, тіпті туылмай түрып та жасала беретін болған. Қүда түскен соң жігіт жағы қалың мал төлейтін. Қалың малы төленген қызды қалыңдық деп атаған. Қалыңмалы төленген қыз сол жігітке шыгуға міндетті болған. Үйленгенге дейін жігіт қайтыс болса, қалыңмалы теленген қалындық жігіт елінің жесірі ретінде оның туыстарының біріне күйеуге шығуға міндетті болды [6. 12-13].
Қазақ халқында неке құру рәсімін шариғат жолымен молда жасайды. Неке қию салтанатты жағдайда үйленушілердің ата-аналарының, 2-3 куәнің және көпшіліктің алдында өтеді. Неке қию үшін үйленуші жастардың ырзалығы міндетті болған. Онсыз молда некені қия алмаған. Молда неке батасын оқыған соң неке қиылды деп есептелген.
Некені тоқтату адат бойынша тек ер адамның құқығында еді. Некені бұзуға түрлі себептер болган. Солардың бастысы әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, еріне дұрыс қарамауы. Бірінші жағдайда ол куәлердің көрсетуімен дәленденуі тиіс болды. Әйеддер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және өзіне ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя алды.
Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда неке тоқтатылады. Неке тоқтаған жағдайда балалар әке жағында қалады. Тек емізулі бала анасында қалады. Адат өйелдің құқығын төмен қойды. Әйелдің өз алдына мүлкі болмады. Тіпті оның жасаумен келген мүлкі де еріне тиесілі болды. Әйел ерін тыңдауға және оның әмірін орындауға міндетті болған. Ажыраскан жағдайда ері әйеліне киімі мен төсек орнын, ат және шапан ғана берді.
Әдет-ғұрып нормаларындағы кең тараған мәселелердің бірі, әмеңгерлік институты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел жұбайы өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға-інілеріне берілді. Әменгерлік жолымен ерге шыққан әйедер көбіне жаңа күйеуінің екінші не үшінші әйелі болатын. Тіпті кей жағдайда жесір әйелдердің өзінен жасы кіші әменгерге шығуы да кездесті. Мүндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім береді. Жасы келген жесірлер әменгерге шықпай өз алдына үй болып қала берген. Әменгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған, күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды. Олар да әменгерлік жолымен атастырған жігіті қайтыс болған жағдайда оның туыстарының біріне шығуға міндетті болған. Әменгерлік бойынша жесір әйелдің балалары жаңа әкесінің қамқорлығына өтіп, жетім деген аттан құтылды. Осылай балалар да, жесір әйел де тарығудан құтылып отырған. Жесір әйел болса күйеуге тиіп, ерлі болды. Сөйтіп жесір әйелдердің болмауына жағдай жасалды. Мұндай жағдай қоғам ішінде жеңіл жүрісті әйелдердің болмауына да себеп болды. Оның үстіне әйелді жесір, баланы жетім ету рудың, атына таңба келтіретін оқиға еді. Әменгерлік тәртібі бұл мәселені де шешті [7. 25-26].
Әдет-ғұрып нормалары баяу дамыды. «Касым ханның қаска жолынан», «Жеті жарғыға» дейін әдет-ғұрып нормаларына көптеген қосымшалар енгізілді. Әдет-ғұрып білгірлері және орындаушылары билер әдет-ғүрып нормалары негізінде сот билігін жүргізіп отырды. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдағы үстем тап өкілдернің мүддесін қорғауды көздссе, қатардағы ру мүшелерінің құқығын да жерде қалдырмады
Әдет-ғұрып нормалары адамгершілік, гумандық, ізгілікгі де қорғады. Қоғамның бірлігі мен топтасуын сақтау адаттың басты міндеттерінің бірі болды. Үлкенді, лауазым иесін, отбасы басшысын, ата-ананы сыйлау да әдет-ғұрып нормаларынан орын алды. Мүның өзі қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың жолын кесті. Сондықтан да, әдет-ғұрып нормаларының Қазақ халқының құқық жүйесінің қалыптасуында маңызы өте жоғары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қазақтың әдет-ғүрып нормаларының материалдары. Алматы. 1996 ж.
2. История государства и права Казахской ССР. Часть I.
3. Арғьтбаев Қ. Қазақотбасы. Алматы. 1996 ж.
4. Материалы по обычному праву казахов. Алматы. 1998 г.
5. Культелеев Т.М. Уголовнос обычное право казахов. Алматы. 1948 г.
6. Материалы по казахскому обычному праву. Алматы. 1998 г.
7. Исгория государсгва и права Казахской ССР. 1982 г.