Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – менің қалауым

Қызылорда облысы, Арал ауданы
Жаңақұрылыс ауылы, № 74 орта мектебінің
өзін -өзі тану пәнінің  мұғалімі Елубаева Гүлмира

Мақсаты: Оқушылардың «салауаттылық», «денсаулық» ұғымының  құндылығы туралы  түсініктерін  кеңейту.
Міндеттері:  – салауатты өмір салтын  сақтаудың  адам  өміріндегі маңызын  түсіндіру.

  • -денсаулығын күту  іскерліктерін  дамыту.
  • -денсаулықты  күтуге , қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, слайдтар, «Менің  атым Қожа» фильмінен фотосуреттер, суреттер

1.  Шаттық  шеңбері ;

а/Сәлемдесу, оқушылардың көңіл күйіне әсер ететін жылы сөздер айту.

ә/ Арасанбай Естеннің  «Салауаттылық деген не?» өлеңін оқу.

2. «Ойланайық, пікірлесейік» айдарынан әңгімелесу  сұрақтары ;

– «Таза жүру  өмірде» дегенді қалай  түсінесіңдер?

– Адамның  денсаулығын сақтауға  кім жауапты? Неге?

– Салауатты өмір салты  дегенді қалай түсінесіңдер?

– Салауатты  өмір сүруге не  кедергі?

– Өздеріңде қандай жағымды  және жағымсыз  әдеттер бар? Олардың қалыптасуына не себеп болды ?

-Өз бойыңдағы қандай әдеттерден арылғың келеді? Ол үшін не істеу керек деп ойлайсың?

3.Жаңа ақпарат

Берілген мәліметті оқып, өз денсаулығын сақтау үшін белсенділік қажеттігін ұғындыру.

4. Мәтінмен жұмыс.

Б. Соқпақбаевтың « Менің атым Қожа» повесінен үзінді.

Мәтінді  оқып, сұрақтарға жауап беру.

–         Қожа осы оқиғадан қандай сабақ алды?

–         Қожаның Сұлтанның  сөзіне ермеуі мүмкін бе еді?

–         Сұлтан сияқты балалар өмірде жиі кездесе ме? Олардың ұсынысын қалай қабылдар едіңдер?

5. Топтық  жұмыс.

1-топ ; үгіт- насихат  тобы (темекінің  зиянды екенін  түсіндіру)

2-топ ; журналистер тобы   «Менің атым Қожа » фильміне байланысты сұхбат алады?

3-топ ; суретшілер тобы ; оқиғаның желісіне сай суретпен жеткізу

6. Жағдаяттарды  талдау.

1-топ / оқулықта/

– Бегарыстың ұсынысын балалар қалай қабылдауы мүмкін?

2. Жарас  әкесінің  темекі тартқанын ұнатпайды.Зиянды екенін түсіндіргісі келеді.Бірақ, әкесіне ақыл айтуға ұялады…

3. Қаншама жылдардан  бері ;«темекіні қоя алмаймын »-дейтін әкесі қатты ауырып,төсек тартып жатқалы бері темекіні аузына алмады.Бүған таң қалған баласына; « – Балам, зәулім үй, машина-барлығы болғанымен не пайда?Дүние байлық емес, бар байлық денсаулық екен »,-деп.

7. Түйіндеме. Мәліметті оқу.

8.Сергіту сәті.-Салауаттылықты қолдайтындар орнынан  тұрсын.

– Күнделікті жаттығумен  айналысатындар оң қолын көтерсін.

– Темекіні зиянды дейтіндер сол қолын көтерсін. Жайдары мінез денсаулыққа пайдалы дегендер екі қолын төмен түсірсін.Денсаулықты басты байлық дегендер орнына отырсын.

9. Дәйексөз. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы- денсаулыққа байланысты.»  А.Шопенгауер

10. Дәптермен жұмыс.

Салауатты өмір сүру ережесін жасауға негіз болатын қағидаларды жаз.

11. «Жүректен жүрекке» шеңбері Оқушылар бір-біріне тілектерін айтады.Мысалы;

-Денің сау болсын.Ауырма. Ұзақ өмір сүр.Ниетің таза болсын.Денсаулығыңды күте біл,т.б.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше